Сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу
Сипаттама: Аккредиттеудің негізгі ұғымдарын; аккредиттеу саласындағы даму тарихын және халықаралық тәжірибені; Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесін; аккредиттеу өлшемдерін; сынақ зертханаларына қойылатын талаптарды; сынақ зертханаларын аккредиттеу рәсімін; аккредиттеу және сараптама әдістемесін зерделейді. Студент сынақ зертханасын (орталығын) аккредиттеу үшін құжаттарды әзірлеу; сол жерде сараптауға дайындау және оны жүргізу дағдыларын меңгереді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Стандарттау және сертификаттау
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Сынақ зертханаларын аккредиттеу қағидалары мен тәртібі бойынша теориялық және практикалық білім мен дағдылар.
Міндет
- Кәсіби қызметте қажетті құзыреттерді алу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- сынақ зертханаларын аккредиттеу бойынша базалық және арнайы білімі бар.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- сынақ зертханасын (орталығын) аккредиттеу үшін құжаттаманы әзірлеу; орнында бағалауға дайындау және оны жүргізу дағдыларын меңгерген.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- іскерлік этика нормаларын сақтайды, этикалық және құқықтық мінез-құлық нормаларын біледі, қоғамдық пікірге негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білім алу және магистратурада білімін жалғастыру дағдыларын меңгерген.
Оқыту әдістері
Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Аккредиттеудің негізгі ұғымдары
- Аккредиттеу критерийлері
- Аккредиттеу жөніндегі органның құрылымы
- Аккредиттеу жөніндегі органның ресурстары
- Аккредиттеу жөніндегі органның сапасын қамтамасыз ету
- Аккредиттеу жөніндегі орган персоналының құзыреттілігі
- Аккредиттеу рәсімі
- Аккредиттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастық
- Аккредиттеу және сараптама саласындағы адами аспектілер
Негізгі әдебиет
- 1. Закон РК «Об аккредитации в области оценки соответствия» от 05.07.2008 года, № 61-IV. 2. Метрология, стандартизация и сертификация: учебное пособие / Т. О. Перемитина. – Томск: ФДО, ТУСУР, 2016. – 150 с. 3. Подтверждение соответствия и аккредитация: учебное пособие / сост. И.Ю. Матушкина, А.В. Матушкин.— Екатеринбург: Изд-во Урал. ун-та, 2017.— 107 с. 4. Технические регламенты, нормативные документы.
Қосымша әдебиеттер
- 5. Закон РК «О техническом регулировании» от 09.11.2004 № 603. 6. Закон РК «Об обеспечении единства измерений» от 07.06.2000 № 53-II. 7. Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие /Под общей редакцией Тазабекова К.А. – Алматы, 2003. - 564 с. 8. Официальный сайт Комитета технического регулирования и метрологии Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан http://memst.miid.gov.kz/. 9. Официальный сайт Национального центра аккредитации Республики Казахстан ТОО «НЦА» www.nca.kz. 11. Официальный сайт Евразийской Экономической Комиссии www.eurasiancommission.org. 10. Электронный ресурс www.ilac.org. 11. Электронный ресурс www.iaf.nu. 12. Журнал «Новости Госстандарта». 13. Журнал «Стандарты и качество».