Неразрушающий контроль продукции

Сипаттама: Әдістермен және технологиялармен танысу бақылау объектісінің жай-күйі мен сапасын анықтау. Бұзбайтын бақылаудың қандай әдісі туралы түсінік қалыптастыру осы объектінің жағдайын анықтауға болады (бар немесе жоқ бақылау объектісінде ақау немесе өзге де белгі істемеуін). Бұйымдар мен материалдарға сыртқы әсерлердің түрлері және әсері. Сынақтарды жіктеу. Сынақтарды дайындау мен өткізудің негізгі кезеңдері.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • «Өнімдерді бұзбай бақылау» пәнін оқытудың мақсаты студенттерді сынауларды жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу әдістерінің негізгі ережелерін үйрету болып табылады. Сондай-ақ әрі қарай білім алу үшін сынау нәтижелерін әрі қарай полигондарда, өндірістік кәсіпорындарда және жобалық ғылыми-зерттеу ұйымдарында тәжірибиелік пайдалану шарттарында әртүрлі өндіріс салаларында өнімдерді зерттеушілік, анықтамалық және бақылау сынауларында өңдеу
Міндет
  • студенттердің әртүрлі өндіріс салаларында өнімдерді зерттеушілік, анықтамалық және бақылау сынаулары әдістерін меңгеруі. Сынауларды ұйымдастыру және өткізу жалпы ережелері мен тәсілдерін меңгеру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Кең ойлы және мәдени ойлай алатын жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға себеп болатын жаратылыстану ғылыми пәндері аясында базалық білімдерді меңгеру. Елде және шет елде стандарттау, метрология және квалиметрияның заманауи жағдайы. Әртүрлі салаларда қолданылатын сынау жабдықтары жайлы білу - сынауларды техникалық, математикалық, әдістемелік және метрологиялық қамтамасыз етуді заманауи дамыту дәрежесі жайлы өнімдердің сапасын қамтамасыз ету жүйесінде сынау міндеттері жайлы білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Заманауи техниканы пайдалану дағдыларын білу, кәсіби қызмет аясында ақпараттық технологияларды пайдалана білу. Өнімнің сапасын бақылау және өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету де бақылау-өлшеу және сынау техникларын, заманауи тексеру, жөндеу және дәлдемелеу құралдарын қолдана білу, құжаттарды метрологиялық сараптаудан өткізуді білу механикалық, климаттық және биологиялық факторлардың әсеріне негізгі сынауларды жүргізу әдістерін қолдану;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Стандарттау, сертификаттау, метрология және сапа менеджменті, қадағалау жүйесі және өнім сапасын бақылау бойынша заңнамалық, нормативті-құқықтық және әдістемелік материалдарды білу Стандарттарды, техникалық регламенттерді және өзге де нормативтік құжаттарды өңдеу, бекіту және енгізу ретін, сапа менеджменті жүйесін, оларды өңдеу ретін, сертификаттауды, аудитті енгізу және жүргізуді білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Өмір дәрежесінің өнім және қызмет сапасымен байланысы жайлы, талдау жүйелері және оларды пайдалану жайлы білу Кәсіпорында қолданылатын тандарттар мен өзге де стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша жүйелік тексеруді жэүзеге асыру дағдыларын білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білімдерді меңгеру дағдыларын игеру Стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша техникалық регламенттерді және өзге де құжаттарды, жаңа стандарттарды өңдеу және әрекеттегілерін қарастыру дағдыларын білу
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе. Өнімді техникалық бақылау және оның сапасы. Бұзбай бақылаудың классификациясы және техникалық бақылау. Өнімнің ақаулары және олардың түрлері.
  • ВӨБ жүйелерінің басқа бұзбайтын бақылау жүйелерімен байланысы. ВӨБ жүргізуге қойылатын талаптар.
  • Оптикалық әдістің негізгі сұрақтары. Жарықтың көзі. Негізгі оптикалық құрылғылар. Оптикалық сәуленің бірінші түрлендіргіштері. Визуальді оптикалық бақылау.
  • Енетін заттармен бақылау. Енетін заттармен бақылау әдістері.Капилярлық әдістің физикалық негіздері. БӘдістің технологиясы мен жабдықтары. Капилярлық әдістің сезімталдығы.
  • Магниттік және электрмагниттік бақылау әдістері. Әдістің физикалық негіздері. Бақылаудың схемасы және әдістері. Масс спектрометриялық әдіс. Галогендік әдіс. Көпіршікті әдісі. Манометрлік әдіс.
  • Жылулық әдістің негізгі сұрақтары. Жылулық өрістің негізгі көздері және температуралық өріс. Жылуалмасудың негізгі заңдары. Жылулық өрістің индекаторы.
  • Радиотолқындық әдістің негізгі сұрақтары. Жоғары жиіліктегі толқындардың ерекшеліктері. Жоғары жиілік толқындарының генераторы. Жоғары жиілік толқындары диапоазонында жұмыс жасайтын негізгі құрыдғылар.
  • Радиациялық әдістің негізгі сұрақтары. Радиациялық сәулелермен жұмыс жасау кезіндегі санитарлық және техникалық ережелер. Корпускулалық сәуленің көздері.
  • Акустикалық бақылау. Әдістің теориялық негіздері. Акустикалық әдістердің түрлері.
  • Бұзбайтын бақылау саласындағы аттестаттау жүйелері туралы қысқаша мәліметтер
Негізгі әдебиет
  • Костылев Ю.С., Лосицкий О.Г. Испытания продукции. М.: Изд-во стандартов, 1989. - 248с. Испытательная техника: Справочник в 2-х кн. Под ред. В.В. Клюева. М.: Машиностроение, 1982. - Кн.1. 1982. - 528с. Испытательная техника: Справочник в 2-х кн. Под ред. В.В. Клюева. М.: Машиностроение, 1982. - Кн.2. 1982. - 560с.