Жону теориясы жылу физика элементтерімен

Капаева Саркен Джулгазывна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Металды кесудің теориялық негіздері. Металды кесу кезіндегі байланыс, динамикалық және жылу процестерінің сипаттамасы. Металды кесудің әртүрлі түрлері үшін режимдерді таңдауды негіздеу. Металды кесудің әртүрлі жағдайлары үшін техникалық, көмекші уақытты анықтау

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Мамандыққа кіріспе

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пән мақсаты студенттерге металдарды кесумен өңдеу саласында білім мен біліктіліктерін дамыту.
Міндет
  • -студенттердің курстан игерген негізгі білімдерін практика жүзінде қолдана білу, ғылыми ойлау дәрежесін дамыту; -студенттерде металл кесу процесстері термонологиялық процесстер, функционалды кесу жүйесі жөніндегі теориялық білімдерін қалыптастыру; -студенттердің түрлі металлдарды кесу барысындағы принциптеріне үйрену; -металл өңдеу саласындағы ГОСТтар, техникалық құжаттамалармен таныу; -металл өңдеу саласындағы әдебиеттермен танысу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Түрлі металдар мен материалдарды кесу теориясын, кесу процесін орындауға арналған қазіргі заманғы жабдықтардың түрлерін, өңдеу процесінің әдістері мен параметрлерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Металды кесудің ең технологиялық әдісін таңдауда; өңдеудің технологиялық процесін жобалауда; әр түрлі жағдайларда кесу шарттарын тағайындауда, металл кесу құралдарын есептеу кезінде. Өндірістің технологиялық процестерін жақсарту жөніндегі шараларды әзірлеу кезінде
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Оңтайлы, әр түрлі металл кесуді анықтау кезінде, кесу процесін реттеу әдістерінде
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Болашақтағы өндірістік қызметте, қарым-қатынастың қарапайымдылығы, сөйлесу, синтондық байланыс дағдылары, келіссөздер жүргізу және бір адамның заңды құқығын талап ету
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Постреквизиттерді игеру және білімді кейінгі инженерлік немесе ғылыми қызмет барысында пайдалану мүмкіндігі
Оқыту әдістері

Интерактивті оқытудың эффектілері: - практикалық есептерді шешуде білімді түсіну, игеру және шығармашылық тұрғыдан қолдану процесінің күшеюі; - талқыланған мәселелерді шешуге қатысушылардың уәждемесі мен қатысу деңгейінің жоғарылауы, бұл қатысушылардың кейінгі ізденіс әрекетіне эмоционалды серпін береді, оларды нақты әрекеттерді жасауға итермелейді, оқу процесі мағыналы болады; - ерекше ойлау қабілетін қалыптастыру, проблемалық жағдайды өз көзқарасы мен одан шығу жолдары

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Металды кесіп өңдеу негізі
  • Металл кескіш құралдардың кесу бұрышы мен қайрауы
  • Жоңғылап өңдеу кезіндегі кесу элементтері
  • Жоңқаның пайда болу үрдісі мен жоңғы түрлері
  • Кесудегі байланыс үрдісі
  • Өңделген беттің сапасы
  • Жұмыс пен кесу күші
  • Технологиялық білдек жүйесіндегі жылу үрдісі
  • Технологиялық білдек жүйесінің тозуы
  • Бұрғылау
  • Жоңғылау
  • Тіс кескіш
  • Бұранда кескіш
  • Қажақ өңдеу
  • Өңделімділік
Негізгі әдебиет
  • 1. Бобров В.Ф. Основы теории резания металлов. – М.: Машиностроение, 2005. 2. Грановский Г.И., Грановский В.Г. Резание металлов.- М.,2007. 3. Ящерицын П.И., Еременко М.Л., Фельдштейн Е.Э Теория резания.- Минск.: ВШ, Новое издание, 2006. 4. Справочник технолога - машиностроителя. Т. 2 / Под ред. А.Г.Косиловой и Р.К. Мещерикова. Изд 4-е.М.: Машиностроение, 2003 5. Капаева С.Д. Теория резания с элементами теплофизики. Курс лекций.-ВКГТУ, 2010
Қосымша әдебиеттер
  • 6. Общемашиностроительные нормативы режимов резания для технического нормирования работ на металлорежущих станках. Часть1, 2. – ЦБПНТ, М.: Машиностроение, 1974. 7. Справочник технолога - машиностроителя.Т.2 / Под ред. А.Н.Малова. Изд.З-е. М.: Машиностроение, 1992 8. Капаева С.Д.Теория резания с элементами теплофизики. Методические указания к практическим работам. ВКГТУ, 2010 9. Журналы «Заводская лаборатория», «Технология машиностроения», «Машиностроитель», «Вестник МВТУ им. Баумана» 10 Авторские изобретения