Пісіру цехтерін жобалау негіздері
Сипаттама: дәнекерлеу өндірісінің цехтарын жобалау әдістемесі туралы ақпарат бар. Машина жасау зауытының басты бөлімшесі цехтар болып табылады, олардың жұмыс сапасына зауыттың барлық өндірістік қызметінің тиімділігі байланысты. Сондықтан цехтарды жобалау кез келген зауытты жобалаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. негізгі назар құрастыру-дәнекерлеу цехтарының жобаларын әзірлеу негіздеріне бөлінген.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Пісіру құрылымдарын өндірудің негіздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| курстық жұмыс | |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Студенттерді өндірістік процесстерді толық автоматтандыру және қазіргі заман өндірісінің құралдарына бейімделген меөаникалық құрастырылған өндіріс цехтарын жобалау тәсілдеріне үйрету, сонымен қатар машинажаса өндірісінің инженерлерін - жаңа цехтарды жасау, өндірісті түрлендіру, жаға жабдықтарды енгізу кезіндегі қалыптастырылған процесстерді жүзеге асыруга дайындау. Ол үшін қазіргі заман механикалық құрастырылған өндірісті жобалау әдістерін, сонымен қатар техникалық-экономикалық және жоғары өнімділікті қамтамасыз ететін, автоматтандырылған өндірістік процесстерті құрау қағидаларын білу керек.
Міндет
- Студенттерді құрастырылған өндірістің жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік цехтарын түрлендіруге және өзіндік жобалауға дайындау; ұтымды жобалық шешімдер қабылдауға, ғимараттарда учаскелер мен жабдықтарды орналастырудың технологиялық жоспарын орындауға, жобалық есептер жүргізуге үйрету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Пәнді оқу нәтижесінде студенттер капиталды құрастыруды жүргізетін салалар мен машинажасау салаларының алдында ұрған мәселелерді білуі керек; жобалық жұмыстың ұйымдастырылуын анық ұсыну керек; өндірісті ұйымдастыру мен цехтарды құру қағидаларын, механикалық құрастырылған өндіріс цехтарын жобалау бойынша жалпы ережелерін білуі қажет; жабдықтарды орналастыру мен құрастыру жоспарларын құру қағидаларын, қндірістік ғимараттар мен негізгі бағыттар жне оларды жобалаудың ерекшеліктері жайлы анық ойлап бүлуі керек.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Әр түрлі жобалау тәсілдері кезінде бұйымды дайындау еңбек сыйымдылығы мен білдек сыйымдылығы, цехтың есептек бағдарламаларын анықтау бойынша технологиялық есептеме жүргізу қабілеті; цехтағы ірі әрі бөлшекті аудан мөлшері мен жабдықтар, қызметкерлер санын есептей білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Машинажажасау бакалавры өндірістік процесс пен барлық оның құраушылары, экономика, өндірісті басқару және ұйымдастыру жолдарын жобалау мәселелерінің жиынтықтарын жақсы ажырата бүлуі қажет. Ол үшін қазіргі заман механикалық құрастырылған өндірісті жобалау әдістерін, сонымен қатар техникалық-экономикалық және жоғары өнімділікті қамтамасыз ететін, автоматтандырылған өндірістік процесстерті құрау қағидаларын білу керек.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Пісіру құрастырмаларының жоғары технологиялылығы және оларды дайындау технологиясын жеңілдету өндірістік шығындарды азайтудың нігізі болып табылады. Бұл өндірісті меңгеру уақытының азаюымен, шығарылатын бұйымдардың еңбек сыйымдылығы мен өзіндік құнынын азаюымен көрінеді. Инновациялық пісіру технологияларын енгізу одан ары жетілген құрастырмаларды техникалық жасау мүмкіндігін арттырады, қызметкерлердің еңбек шартын жақсартуды,бұйым дайындағанда жоғары өндірістік көрсеткіштер болғанын қамтамасыз етеді.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Зауытың пісіру өндірісін ұйымдастыру бойынша тиімді шешімдер қабылдауды білу, өнеркәсіптік жабдықтардың әрбір бірлігінде және өндірістік ғимараттарда пісіру өндірісінің цехтарын орналастыру бойынша ұтымды шешімдер қабылдай алуы, энергияның негізгі түрлеріне мұқтаждықты анықтай білу.
Оқыту әдістері
проблемалық және жобалық-бағдарлы оқыту технологиясы; оқу-зерттеу қызметінің технологиясы; коммуникативтік технологиялар (дискуссия, пресс-конференция, ми шабуылы, оқу пікірсайыстары және басқа да белсенді формалар мен әдістер)); кейс әдісі (жағдайды талдау); білім алушылар іскерлік, рөлдік, имитациялық ойындарға қатысатын ойын технологиялары; ақпараттық-коммуникациялық (оның ішінде қашықтықтан білім беру) технологиялар.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Бастапқы деректерді дайындау және жобалау тәртібі
Негізгі әдебиет
- Вороненко В.П. Проектирование машиностроительного производства. Учебник / В.П. Вороненко, Ю.М. Соломенцев, А.Г. Схиртладзе - М.: ДРОФА, 2011. - 380 с. 2 Сварка. Резка. Контроль: справочник: в 2-х т./ Н. П. Алешин Г. Г. Чернышов А. И. Акулов; ред. Н. П. Алешин, Г. Г. Чернышев. - М.: Машиностроение. - 2004. - ISBN 5-217-03262-6, Т. 2. - 2004. - 478 с 3 Мельников Г.Н., Вороненко В.П. Проектирование механосборочных цехов. – М.: Машиностроение, 2010.- 349 с. 4 Маслов Б.Г., Выборнов А.П. Производство сварных конструкций.- М.: Академия, 2009.-256с.