Патенттану негіздері

Курмангалиев Тимур Болатович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пәнді оқу нәтижесінде студенттер ҒЗЖ түрлерін, құрамын және қатысушыларын, зияткерлік меншіктің негізгі терминдері мен ұғымдарын, классификаторларды білуі, өнертабыстарды анықтай білуі, Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінім жасай білуі, өнертабыс формулаларын және патенттік құқық көлемін анықтай білуі тиіс.

Кредиттер саны: 3

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 15
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Машина жасаудағы жаңашылдықтың құрылу негіздерін беру, студенттерды теориялық және әдістемелік ұғымдарымен, курстың негізін құраушылармен: айрықша құқықтық, патент, лицензия, интеллектуалдық қызмет (ИҚ), шығармашылық қызмет (ШҚ),интеллектуалдық меншік (ИМ), өнеркәсіптік меншік (ӨМ), материалдық емес активтер (МЕА) ұғымдарымен таныстыру; өндірілуші өнімнің сапасын жақсарту және құрамын жаңалау мен кеңейтуге қажетті ғылыми зерттеулер мен істердің нәтижелерін қолдануға байланысты инновациялық қызметті бағыттауға қабілетті жаңа техникалық шешімдерді қабылдау әдістеріне оқыту, оларды ары қарай ішкі және шетелдік нарыққа енгізіп, тиімді бағамен сатуға мүмкін болатындай етіп дайындау технологияларын жетілдіру.
Міндет
  • ҚР Патент заңының негізгі ережелерін, сондай-ақ инновациялық қызметті оқудағы теориялық курсты тереңдете оқып және сапалы меңгеруі тиіс; жол-құрылыс және көтеріп-тасымалдайтын машиналардың жаңа түрлерін ойлап табу мен жасап шығарудағы техникалық мәселелерді шешуге қатысты, осы заманғы алдыңғы қатарлы әдістерді оқып, меңгеру;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Пәнді оқып үйренуде алынған білімдер инновациялық жобаларды меңгеру мен оларды сәтті іске асыруда қолданылады, жоба жетекшісіне оның техникалық мамандармен өзара байланыс орнатуына, жобаны орындаушыларын таңдау жүргізуде, ойлап тапқыштық істерге, патенттеуге қатысуына, бір затты жасап шығаруда, өнімді сынауда және сертификаттауда, объектілерді “кілттеп” тапсыруды ұйымдастыруда белгілі бір инженерлік дайындық береді.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Пән бойынша білімдер мен дағдылар, ережеге сай, жаңашылдықты жүзеге асырушы оқытушыға алғашқы қызметтен бастап талап етіледі, содан соң оның қызметтік өсуіне жағдай жасайды.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Инновациялық қызметті оқып үйренудегі мақсат өнертабыстарды жасап шығару саласындағы жаңа техникалық шешімдерді таба білуге.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарын өткізуді, сериялы өндірісті ұйымдастыруды, осындай өндіріс өнімін бір мезетте сатуды ұйымдастыру мен дайындауды, тауардың бәсекеге қабілеттілігі мен жоғарғы сапасының болуы нәтижесінде жаңа нарықтарға бекінуге алып келеді.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Инновациялық қызметті оқып үйренудегі мақсат өнертабыстарды жасап шығару саласындағы жаңа техникалық шешімдерді таба білуге, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарын өткізуді, сериялы өндірісті ұйымдастыруды, осындай өндіріс өнімін бір мезетте сатуды ұйымдастыру мен дайындауды, тауардың бәсекеге қабілеттілігі мен жоғарғы сапасының болуы нәтижесінде жаңа нарықтарға бекінуге алып келеді.
Негізгі әдебиет
  • Қазақстан Республикасының патент заңы / ҚР Заңы 16 шілде 1999 жыл N 427 "Казахстанская правда" 06.08.99 ж., 10.08.99 ж.; ҚР Парламентінің ведомостылары, 1999 ж., N 20, . 718 бет; 2004 ж., N 17, 100 бет. 2 Зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР кейбір заңдық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы/ ҚР Заңы 2 наурыз 2007 жыл N 237. 3 Өнертабысқа арналған патент немесе инновациялық патент беруге қатысты өтінімді қарастыру мен толтыру бойынша нұсқаулықтар/"Бюллетень нормативных правовых актов" №8 2009г. 4 ҚР Президенті Н. А. Назарбаевтың Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінде оқыған дәрістері. 5 ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан.