Технология разработки программного обеспечения

Сипаттама: .NET платформасы технологияларын қолдана отырып Windows-қолданбаларында C# тілінде бағдарламалаудың негізгі технологияларын, объектілі-бағытталған бағдарламалау принциптерін оқу және меңгеру, Windows-қолданбаларында C# тілінде қарапайым жобаларды құру кезінде инкапсуляция, мұрагерлік және полиморфизмді қолдану.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәнін оқытудың мақсаты өндіріс, коммерция, білім беру салаларында студенттерді кәсіби қызметке дайындау болып табылады.
Міндет
  • Пәнді оқытудың міндеттеріне Visual.Studio.NET визуалды бағдарламалау ортасын қолданып бағдарламалау технологиясы негіздерін, сонымен қатар объектіге бағдарланған бағдарламалау принциптерімен байланысты бағдарламалау технологиясын - инкапсуляция, мұрагерлік және полиморфизмді меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Ақпараттық жүйелерді және деректер қорын инжиниринглеу/реинжиниринглеу үдерістерінде қолданылатын қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың методологиялық негіздерін біледі
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Аппараттық-бағдарламалық кешендер мен желілер архитектурасын, математикалық, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету элементтерін жобалау дағдыларына ие болу
  • Алгоритмдер мен бағдарламаларды құру дағдыларына ие болу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Стандартты емес есептерді шешудің және жаңа оригиналды идея мен жобалау әдістерінің тәсілдемелері туралы түсінік
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Жобаларды, соның ішінде халықаралық, жүзеге асыруда топта жұмыс істей алу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Кәсіби және жеке өсуіне ұмтылу
Негізгі әдебиет
  • В.В. Фаронов «Создание приложений с помощью C#» Руководство программиста. - М.: “Эксмо”, 2008г.
  • Т.А. Павловская C#, Программирование на языке высокого уровня. Учебник для вузов, СПб,: Питер, 2009г.
  • А.В. Фролов, Г.В. Фролов «Визуальное проектирование приложений C#» 2007г.