Базы данных

Сипаттама: Деректер базасын құру әдістерін практикалық меңгеру мен олардың қызмет етуінің принциптерін оқиды. Негізгі деректер модельдерін зерттеу және реляционды деректер базаларымен жұмыс істеудің тілдік құралдарын меңгеру. Деректер базасын ұйымдастыру принциптерін, ерікті пәндік аймақ үшін реляционды базаларды жобалау әдіснамасы және деректер базасын құруды игеру.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттерде мәліметтер базасын құруда және оларды пайдалануда жүйелі көзқарас қалыптастыру, қазіргі заманғы IT технологияларды қолданатын ұйымдардың ақпараттық жүйелерін ақпараттық қолдауды құру процесінде тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру, сонымен қатар, бойында келесідей білімі бар маман даярлау:
  • мәліметтер базасын жобалауда зерттеу аймағын зерттеу және талдау әдістемесі.
Міндет
  • Пәннің негізгі міндеттері:
  • Қазақстан Республикасының ақпараттандыру бағдарламасымен, басқару объектілеріне арналған ақпараттық-есептеу қызметтерінің қазіргі жай-күйімен, бизнес қажеттіліктеріне бағытталған проблемаларды шешуге арналған компьютерлік технологияларды енгізу перспективаларымен танысу;
  • мәліметтер базасы теориясы саласындағы негізгі білімдерді игеру;
  • студенттер нақты ДҚБЖ көмегімен мәліметтер базасын жобалау және жүргізу бойынша теориялық негіздер мен практикалық дағдыларға ие болады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • ақпаратты алу, сақтау, өңдеудің негізгі әдістері, тәсілдері мен құралдары;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • экономикалық ақпараттық жүйелер үшін мәліметтер базаларын жобалау негіздерін практикада қолдану;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • экономикалық қызметті АҚТ қолдана отырып модельдеу, талдау жасау және алынған нәтижелерді интерпретациялау;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • кәсіби қызметте тұлғалық қасиеттер мен көшбасшлылық дағдыларды дамыту, жеке орындаушылардың жекелеген топтарына басшылық ету дағдыларын көрсете жеке және команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу қабілетін көрсету;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • кәсіби өсуге ұмтылу және ақпаратты басқарудың құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдыларын игеру, коммуникативті мәселелерді шешу үшін қолдану.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Деректер базасының түсінігі
  • Деректер базасын жобалау қадамдары
  • Инфологиялық модель құру. ER диаграмма тіл элементтері
  • Деректер үлгілері. Иерархиялық модель. Желілік модель. Реляциялық модель.
  • Логикалық жобалау
  • Қатынастарды қалыпты формаға келтіру
  • Постреляциялық және көпөлшемді мәліметтер моделі. Нысанға бағытталған модель, объектілік-реляциялық ДҚБЖ, реляциялық емес ДҚБЖ
  • Деректер ағындарының диаграммалары. Өтпелі күй диаграммалары. SQL тілі (DDL, DML)
  • MS ACCESS ДББЖ туралы негізгі мәліметтер. Негізгі объектілер. Мәліметтер типтері.
  • MS ACCESS ДББЖ туралы негізгі мәліметтер. Мәліметтер базасын құру
  • MS ACCESS ДББЖ туралы негізгі мәліметтер. Есепхаттар мен формалар құру
  • MS ACCESS ДББЖ туралы негізгі мәліметтер. Сұраулар құру.
Негізгі әдебиет
  • Дейт К. Дж. Введение в системы баз данных. – М.: Издательский дом «Вильямс», 2008.
  • Коннолли Т., Бегг К. Базы данных. Проектирование, реализация и сопровождение. Теория и практика, 2-е изд. – М.: Издательский дом «Вильямс», 2009
  • М.Г. Радченко, Е.Ю. Хрусталева «1С:Предприятие 8.3. Практическое пособие разработчика. Примеры и типовые приемы», ISBN 978-5-9677-2041-3, М.: ООО «1С-Паблишинг», 2013, 943с.
Қосымша әдебиеттер
  • Бекаревич Ю.Б., Пушкина Н.В. Самоучитель Microsoft Access 2009. – СПб.: БХВ – Петербург, 2009. – 720 с.
  • Мандрыкин А.В. Информационные технологии в экономике: учеб пособие / А.В. Мандрыкин, А.В. Непышневский. Воронеж: ВГТУ, 2008, 235 с.