Несие мекемелердің бухгалтерлік есебі мен есептемесі

Байтикенова Гульжан Альпековна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Бұл пән несиелік мекемелердегі бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың ерекшеліктерін қарастырады: есеп айырысу, депозиттік және кредиттік операцияларды есепке алу тәртібін; кірістерді, шығыстарды тану және оларды бухгалтерлік есепте көрсету; несие мекемелерінің есебін құру.

Кредиттер саны: 3

Пререквизиты:

  • Бухгалтерлік есеп негізі

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 15
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Модуль екінші деңгейлі банктердегі бухгалтерлік есеп пен есептілік туралы ақпарат беруді көздейді, банктердегі бухгалтерлік есеп ерекшеліктері мен мәселелерін бакалаврларға көрсету, оның пәні мен әдістерін түсіндіру. Банкте есеп-операциондық жұмыстарды ұйымдастыру. Банктік баланс және оның құрылыу қағидалары. Есеп айырысу операцияларының есебі. Банкаралық қатынастар есебі. Кассалық операциялар есебі. Несиелік операциялар есебі. Депозитттік операциялар есебі. Банктегі негізгі құралдар, ТМҚ, МЕА операциялар есебі. Банк кірісі мен шығысы есебі. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі есеп.
Міндет
  • ЕДБ қаржылық есептілігін оқу және құрастыру, техника, ұйымдастыру, қағидала мен бухгалтерлік есептіліктің маңызды мазмұнына байланысы негізгі сұрақтарға бағытталу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • бухгалтерлік есептегі экономикалық көрсеткіштер мазмұны мен оларды анықтау әдістері. 1995 -1996 жылдар аралығында қаылданған негізгі заңнамалық акттер, нормативтік құжаттарбухгалтерлік есеп стандарттары, сонымен қатар банкттің есеп жүйесіне өзгерістер енгізген 1996-2013 жылдар аралығындағы нұсқамалық материалдар
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қазіргі Қазақстанда банкттік сферада қабылдаған тәжірибелік икемдіктерін пайдалану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • ЕДБ қаржылық есептілік құру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кәсіптік қызметпен байланысты әр түрлі жағдайларда және ситуацияларда мобильділік және икемділік, кәсіптік ортаға тез үйрену қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Жеке адамнің мәнділігі мен кәсіпқой дағдыларының өсіміне талпынады
Негізгі әдебиет
  • 1. Климова Н.Н. Трофимова Ю.В. Коммерциялық банктегі қаржылық менеджмент. .- Өскемен, 2009, 297 б. 2. Миржакыпова С.Т. ҚР банкттік есеп: оқулық .Б 1.-Алматы: Экономика, 2008.-784 б. 3.Климова Н.Н. Қаржылық –банктік статистика: Оқу құралы.-Өскемен, 2008.- 192 б.
  • Сейткасымов Т.С., Шаяхметова К.О., Абдраимова Г.Т. Бухгалтерский учет и отчетность в банках. Алматы, 2000, 456 с.