Страхование

Сипаттама: Курс Қазақстан Республикасында сақтандыру ісін ұйымдастыру және сақтандыру процесі туралы білім жүйесін береді, сақтандыру ісін сипаттайтын негізгі терминдер мен анықтамаларды зерттейді, барлық ұғымдардың, санаттардың өзара байланысын ашады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Сақтандыру ісі облысында жүйелі білім беру, оның ішінде сақтандырудың теориялық аспектілерін, сақтандыру ісін ұйымдастыру, сақтандыру қатынастарын мемелекеттік реттеу, сақтандырудың салалары бойынша оның ерекшеліктерін анықтау, сақтандырушыларының қаржыларының өзіндік ерекшеліктерін зерделеу болып табылады.
Міндет
  • Бұл пән қазіргі қоғамдық сақтандырудың экономикалық мәнін, қызметтерін, ролі мен қолдану саласын қамтитын сақтандыру теориясының мәнін ашады. Пәнді оқу кезінде студент сақтандыру ісін ұйымдастыру әдістерін, сақтандыру ұйымдарының құрлымын, сақтандыру түрлерін, негізгі ұғымдарын, сақтандыру бойынша халықаралық нормаларды және ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» заңының негізгі ережелерін білуі керек. Сонымен қатар сақтандыру түрлерін тануы және тарифтерді есептей біледі. Пәнді оқуда сақтандыру келісім – шартын құру және сақтандыру тарифін құру бойынша жұмыстардың тәжірибелік дағдысын алады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • сақтандыру оқиғасын түсінуге қажетті қаржы-экономикалық, себеп-салдарлық мәліметтерді жинақтау және өңдеуге икемденген
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • сақтандыру ісін ұйымдастыру әдістерін, сақтандыру ұйымдарының құрлымын, сақтандыру түрлерін, негізгі ұғымдарын, сақтандыру бойынша халықаралық нормаларды және ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» заңының негізгі ережелерін меңгерген
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • сақтандыру түрлерін таниды, актуарлық есептер негізінде тарифтерді есептей алады, мәліметтерді сараптау нәтижесінде қорытынды жасай алады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • сақтандыру аясында орын алған нақты жобаны жүзеге асыру үшін кіші топтың жұмысын ұйымдастыруға қабілетті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • білімін магистратурада жалғастыру үшін және күнделікті кәсіби қызметіне қажетті жаңа арнайы білімдерді алуға машықтанған
Негізгі әдебиет
  • 1Закон РК от 18.12.2000 No 126-II«О страховой деятельности» (с изменениями) 2.Назарчук И.М. Страхование: Учебное пособие._ Алматы: Издательство «NURPRESS»,2014.-160 с. 3.Сплетухов, Ю. А. Страхование / Ю.А. Сплетухов, Е.Ф. Дюжиков. - М.: ИНФРА-М, 2016. - 320 c.