Основы технологии получения бериллия и его соединений

Сипаттама: Қазіргі бериллий өндірісінде қолданылатын негізгі үрдістерді, аспаптар мен жабдықтарды қарастыру. Өнімнің сапасына қойылатын талаптарды және аттестациялау әдістері әзірленуде. Растрлық электронды микроскоп-микроанализаторы және рентгендік дифрактометр бойынша жұмыс жасау әдістемелері.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Студенттерде металлургияның белгілі бір саласы бойынша білім жүйесін және Қазақстанның атом өнеркәсібі өндірісіне сәтті бейімделуін қалыптастыру.
Міндет
  • Негізгі минералды шикізатты, шикізатты қайта өңдеудің технологиялық үрдістері, гидрометаллургиялық әдістермен концентраттарды ашу, металлотермия әдісімен шикі металды алу, техникалық және бериллийдің жоғарғы таза сорттарын алу арқылы вакуумдық қайта қалпына келтіру әдістерімен тазарту туралы білімдерді студенттерге үйрету.Студенттердің жоғары дайындық деңгейіндегі металлургиялық өнімдерді өндіру шегінде өндірістің негізгі технологиялық сызбаларын түсінуін қалыптастыру: металлдық оптикалық бериллий өнімдері, бериллийдің құрал-жабдықтарының сорты, күрделі пішіндерді штамптау. Технологиялық қондырғылар туралы түсінік беру: ыдырау және қалпына келтірілу пештері, вакуумды тазартқыш пештер, дистилляциялық пештер, изостаттар және т.б. Зерттелген сала мен техниканың кәсіби терминологиясын үйрету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Студент білуі керек: - қазіргі заманғы энергетика материалдарын өндіруде аналитикалық бақылаудың физикалық әдістеріне негізделген технологиялық үдерістерді жетілдірудің мақсаттары мен міндеттерін - зауыт зертханаларында алынған білімнің тәжірибелік қолданылуын.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Студент алған білімдерін қолдана білуі керек: - курстық жобаларды, курстық жұмысты және тәжірибелік жұмыстарды орындау кезінде - конференцияларға рефераттар мен баяндамалар дайындағанда
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Пән бойынша қарастырылған үрдістердің мәні бойынша - физикалық химиялық әдістерінің құрылымдық сипаттамалары бойынша - аналитикалық зерттеулерді жүргізу барысында әдістемелік материалды дайындау бойынша
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Алынған білім негізінде магистрант коммуникативті дағдыларды меңгереді: - дәрістерде және тәжірибелік сабақтарда сөйлесу барысында, өндірістік тәжірибе өту кезінде.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Магистрант үйренудің дағдыларын көрсетеді - аналитикалық бақылаудың үрдістерін таңдау және дәлелдеу барысында - жабдықтарды іріктеу және есептеуді бағалау кезінде - аналитикалық жұмыстарды жүргізген кезде
Негізгі әдебиет
  • 1 Д. Уайт и Дж. Берк. Бериллий. – М: Из-во «Иностранной литературы», 1960. – 616с. 2 Дж. Дарвин и Дж. Баддери. Бериллий. – М.: Из-во «Иностранной литературы», 1962. – 319с.