Охрана труда

Сипаттама: Еңбекті қорғаудың ұйымдастырушылық негіздері. Заңнамалық және нормативтік базалар. Еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды жоспарлау. Өндірістік санитария. Жұмыс орындарындағы метеожағдайлар, жұмыс аймағының ауасындағы шаң мен газдар. Желдету және жылыту жүйесі. Жұмыс орындарының жарықтандырылуы. Қауіпсіздік техникасы. Электр қауіпсіздігі негіздері. Жүк көтергіш машиналардың тұрақтылығын бағалау. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар. Жеке қорғану құралдары. Өртке қарсы алдын алу.

Кредиттер саны: 3

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Еңбекті қорғаудың теориялық және практикалық негіздерін меңгерген жас мамандарды даярлау, адам қауіпсіздігі мен қорғалуына, оның денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға, төтенше жағдайларда іс-қимыл жасауға дайындығына қойылатын талаптармен тиімді кәсіби қызметтің үздіксіз бірлігі туралы мамандардың түсінігін қалыптастыру.
Міндет
  • - адамның еңбек қызметі мен демалыс аймақтарында қалыпты жағдай жасау; - адамды және оның тіршілік ортасын зиянды әсерлерден қорғау шараларын әзірлеу және іске асыру; - жаңа техника мен технологиялық процестерді оларды пайдалану қауіпсіздігі бойынша қазіргі заманғы талаптарға сәйкес жобалау; - шаруашылық объектілерінің және техникалық жүйелердің қалыпты жағдайда және ТЖ-ның жұмыс істеу тұрақтылығы; - ТЖ салдарын болжау және бағалау; - халықты, өндірістік персоналды авариялардың, апаттардың, дүлей зілзалалардың салдарынан қорғау және қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану жөнінде шешімдер қабылдау, сондай-ақ оларды жою жөнінде шаралар қабылдау.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Құқықтық сауаттылығы жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін еңбекті қорғау саласындағы базалық білімді меңгеру. Еңбекті қорғау саласында арнайы білімді меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Еңбекті қорғау саласындағы сапаны басқару әдістерін және пайдалануда қолданылатын техниканың қауіпсіз жағдайын меңгеру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Өндірістік процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында білімді қолдану және әдістерді салыстырмалы талдау мүмкіндігіне ие болу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Заманауи техникамен жұмыс істеу дағдысын меңгеру, еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында ақпараттық технологияларды қолдана білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Еңбекті қорғау саласындағы негізгі нормативтік құжаттармен жұмыс істеу дағдыларына ие болу және өндірісте адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін технологияларды әзірлеу үшін қазіргі заманғы әдістерді қолдану
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1 тақырып. Кіріспе. жүргізу. "Еңбекті қорғау" курсының мақсаты мен мазмұны. Курстың негізгі терминдері мен анықтамалары, мамандарды дайындаудағы рөлі. Еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің теориялық негіздері.
  • 2 тақырып. Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері. ЕҚ саласындағы ҚР Ұлттық саясаты. ЕҚ бойынша негізгі заңнамалық актілер және нормативтік құжаттар
  • 3 тақырып. Еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Кәсіпорындағы ЕҚ жай-күйін қадағалау және бақылау қызметін ұйымдастыру.
  • 4 тақырып. Еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды жоспарлау және қаржыландыру.
  • 5 тақырып. Еңбек туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік. Қызметкерлерді қауіпсіз еңбек тәсілдеріне оқыту.
  • 6 тақырып. Жазатайым оқиғаларды тексеру және есепке алу. Жарақаттану мен кәсіби ауруларды талдау әдістері.
  • 7 тақырып. Еңбекті қорғау жағдайын бағалау критерийлері. Еңбекті қорғауды насихаттау.
  • 8 тақырып. Өндірістік бөлмелердің метеорологиялық жағдайлары және олардың өзгеруіне әсер ету факторлары (температура, ауа ылғалдылығы, ауа қозғалысының жылдамдығы). Адам ағзасына ауа температурасының, ылғалдылығының және қозғалыс жылдамдығының әсері. Сәулелі жылу энергиясы, оның зиянды әсері.
  • 9 тақырып. Өндірістік бөлмелерді желдету. Табиғи және механикалық желдету, артықшылықтары мен кемшіліктері.
  • 10 тақырып. Адам ағзасына зиянды заттардың әсері және олардың жұмыс аймағының ауасындағы шекті рұқсат етілген шоғырлануы.
  • 11 тақырып. Өндірістік шаң. Шаңның физикалық-химиялық қасиеттері. Химиялық құрамына байланысты шаңның адам ағзасына әсері.
  • 12 тақырып. Өндірістік жарықтандыру, есептеу талаптары мен әдістері.
  • 13 тақырып. Шу мен дірілден қорғау. Адамға шу мен дірілдің әсер ету қаупі. Жабдықтарға, оның құрылымына қойылатын гигиеналық және техникалық талаптар, Шу мен діріл деңгейін бақылау әдістері.
  • 14 тақырып. Электр қауіпсіздігі. Электр тогының адамға әсері. Электр қауіпсіздігі бойынша үй-жайларды жіктеу. Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  • 15 тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өрт қауіпсіздігі. Жану туралы негізгі мәліметтер. Өрт себептері. Өрт қауіптілігі бойынша өндірістердің санаттары. Құрылыс конструкцияларының отқа төзімділігі. Жабдыққа қойылатын өртке қарсы талаптар.
Негізгі әдебиет
  • 1 Закон Республики Казахстан «Конституция Республики Казахстан» 2 Трудовой Кодекс РК от 2015г , с изм. на 01.01. 2019 3 Закон Республики Казахстан «О гражданской защите» ,2014 4 Безопасность и охрана труда в РК. Сборник нормативных актов. Правила требования. Типовые инструкции; Алматы: Lem , 2017 5 Охрана труда и техника безопасности в строительстве (СНИП РК 1.03-05-2011); Алматы: Lem , 2016 6 Дурановская Г.П. «Безопасность и охрана труда. Трудовое законодательство: комментарии, вопросы и ответы»; Алматы: Lem , 2017 7 Аманжолов Ж. , Охрана труда и техника безопасности; Астана : Фолиант,2011 7 Арустамов Э.А. Безопасность жизнедеятельности:Учебник для студентов высшего профессионального заведения-М.: Академия, 2008. 8 Аипов А.К., Охрана труда и безопасность жизнедеятельности; Учебное пособие,-Астана: Каз.УЭФМТ, 2013 9 Даумова Г.К. Еңбекті қорғау: оқу құралы. - Өскемен: ШҚМТУ, 2017.-134 б. 10 Аманжолов Ж., Охрана труда и техника безопасности: Учебное пособие. 2-ое издание.-Астана: Фолиант, 2011. -440 с. 11 Нурбаева Н.А. Еңбекті қорғау пәнінен зертханалық пракикум: оқу құралы - Өскемен: ШҚМТУ, 2010.- 88 б.
Қосымша әдебиеттер
  • 12 Бурашников Ю.М. Безопасность жизнедеятельности. Охрана труда на предприятиях пищевых производств / Ю.М. Бурашников. - СПб.: Гиорд, 2007. – 416 13 Бурашников Ю.М. Охрана труда в пищевой промышленности, общественном питании и торговле / Ю.М. Бурашников. - М.: Academia, 2018. 14 Васильев, Н.Е. Охрана труда на железнодорожном транспорте: Учебное пособие / Н.Е. Васильев. - М.: Academia, 2018 15 Воронкова, Л.Б. Охрана труда в нефтехимической промышленности: Учебное пособие для студентов учреждений среднего профессионального образования / Л.Б. Воронкова, Е.Н. Тароева. - М.: ИЦ Академия, 2012 16 Графкина, М.В. Охрана труда. Автомобильный транспорт: Учебник / М.В. Графкина. - М.: Academia, 2014 6 Минько, В.М. Охрана труда в машиностроении: Учебник / В.М. Минько. - М.: Academia, 2016. 273с.