Специальные разделы математики

Сипаттама: Пән "Математика 2" пәнінің логикалық жалғасы болып табылады және де жалпыматематикалық дайындық деңгейін арттыруға бағытталған. Мазмұнға келесі бөлімдер бойынша сұрақтар енгізілген: кешенді айнымалы функцияның теориясы, Операциялық есептеу, Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Физикалық есептерге математикалық әдістерді қолдану оқылатын материалдың маңыздылығы мен практикалық бағытын көрсетеді.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • «Математиканың арнаулы тараулары» пәнін оқытудың мақсаты: Комплекс айнымалыға байланысты функциялар теориясының негізгі ұғымдарымен таныстыра отырып, операциялық есептеу әдістерімен, сонымен қатар функциялар теориясының ықтималдықтар теориясы және математикалық статистиканың математикалық аппаратымен студенттерді қолданбалы мәселелерді шешуге қажетті математикалық ақпараттың негіздерімен таныстыру, студенттердің логикалық және алгоритмдік ой жүйесін, қабілеттілігін дамытып, қолданбалы есептердің қойылуы мен шешуінде математикалық әдістерді техника және технология саласында қолдануының практикалық машығын және теориялық білімдерін қалыптастыру.
Міндет
  • Студент пәннің негізгі ұғымдары туралы білімдерді меңгере отырып, ілімдердің және негізгі формулалардың дәлелдеулерін, операциялық есептеу, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистиканың әдістерін ұғып –түсініп, Комплекс айнымалыға байланысты функциялар теориясының математикалық аппараты қолданылатын практикалық есептерді шеше білу керек.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Комплекстік талдау, операциялық есептеу, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистиканың формулаларын және қасиеттерін, негізгі символикаларын, сонымен қатар, технологиялық үрдістердің қолданбалы есептерін шешуде қажетті операциялық есептеу, математикалық статистиканың әдістерін біледі.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • «Математиканың арнаулы тараулары» пәнін оқығаннан алған білімдерін қолданбалы есептерді шешуде және әртүрлі есептердің математикалық үлгілерін құруда және берілгендердің салыстырмалы талдауында қолданады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Техника және технологияның әртүрлі салаларынан қолданбалы мақсаттарды шешу әдістері мен математикалық моделдер туралы көзқарасы болады, математикалық әдісті таңдауын негіздеп айта алады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Команда құрамында техника саласында математикалық әдістер қолданып, өз көзқарасын негіздей алатын, жаңа шешімдер ұсынатын және қабылдай алатын болады. Ғылыми-техникалық ақпараттарды жүйелі түрде жинау, зерттеу тақырыбы бойынша Интернет желісіндегі, ғылыми және периодты әдебиеттердегі отандық және шетелдік тәжірибелерге талдау жасауды жүзеге асыра алады.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Комлпекстік талдау, операциялық есептеу, математикалық статистиканың теориясының элементтерін қолдана отырып, білімдерін математикалық түрде тиянақты көрсете алады.
  • Қолданбалы есептердің математикалық үлгісін құру үшін математикалық ақпаратты аналитикалық түрде көрсете алады.
Негізгі әдебиет
  • 1. Хисамиев Н.Г., Тыныбекова С.Д., Конырханова А.А. Математика. 2 том.- Өскемен.- ШҚМТУ баспасы, 2006. 2. Бейсебай П.Б. Математиканың арнаулы тараулары. Оқу құралы. Өскемен.- ШҚМТУ баспасы, 2011. 3. Айдос Е.Ж. Жоғары математика. II, III, IV том. Алматы.- «Бастау» баспасы.-2008. 4. Белослюдова В.В., Дронсейка И.П. Специальные разделы математики. Электронное учебное пособие. – Усть-Каменогорск: ВКГТУ, 2011.