Электротехника

Сипаттама: Тұрақты токтағы электр тізбектері. Кирхгоф заңдары. Ом заңы. Сызықты электр тізбектерін есептеу әдістері. Бір фазалы синусоидалы токтың электр тізбегі. Айнымалы электр тізбектері. Синусоидалы токтың сызықты электр тізбектерін есептеудің символдық әдістері. Кернеулер мен токтардың векторлық диаграммалары. Үш фазалы электр тізбектері. Генератордың фазалық орамаларын және қабылдағыш фазаларын қосу әдістері.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқудың мақсаты студенттердің электр және магнит өрістерінің негізгі заңдылықтары, электрлік өлшеулердің негіздері, электрлік және электронды жабдықтарды пайдалану, тұрақты және айнымалы токтың электр тізбектерін есептеу, типтік электр жабдықтары мен электронды құрылғылардың жұмыс режимдері туралы теориялық білімдерін қалыптастыру.
Міндет
  • Электрлік терминология мен белгілерді, жұмыс принципін, құрылымын, негізгі қасиеттерін, негізгі электр құрылғыларын қолдану салаларын білу; негізгі электр құрылғыларының параметрлері мен сипаттамаларын тәжірибелік түрде анықтай білу; электр шамаларын және өлшеу нәтижелерін өлшей білу; электрлік құрылғылар мен машиналарды қосу, оларды басқару, олардың қауіпсіз жұмысына бақылауды ұйымдастыру дағдыларына ие.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Электротехканың негізгі анықтамаларын, принциптерін және заңдарын білу және қазіргі ақпараттық тасқындарда бағдарлай білуі және икемделуі шарт
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Заманауи технологияларды қолдану дағдылары, кәсіби қызмет саласындағы электрлік есептерді шешудің әдістерін қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Өндірістегі электр қауіпсіздігін сақтау, электр жабдықтарын пайдалану арқылы өндірісте энергия мен ресурстарды үнемдеу шараларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Жұмыс орындарын, оларды техникалық жарақтандыруды, технологиялық жабдықты өндіріс технологиясына, қауіпсіздік стандарттарына және өндірістік санитарияға, өрт қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға сәйкес орналастыра білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Электротехника, электроника және автоматика салаларын дамытуды және магистратурада үздіксіз білім алуды ескере отырып, күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білім алу дағдыларына ие болу
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Тұрақты токтағы сызықты электр тізбектері. Электр тізбегінің элементтері. Тізбекті түрлендіру. Ом зағы.
  • Күрделі электр тізбегінің негізгі элементтері. Кирхгоф заңдары.
  • Тізбекті контурлы токтар әдісімен есептеу. Түйіндік потенциалдар әдісі.
  • Қуат балансы. Активті екі полюстілік. Потенциалды диаграмма.
  • Бір фазалы синусоидалық ток тізбегі. Синусоидалық ЭҚК алу.
  • Символикалық есептеу әдісі. Ом және Кирхгоф заңдары. L. C. R тізбектеріндегі токтар мен кернеулер.
  • Синусоидалық тізбектегі қуатты анықтау. Айнымалы токтағы тармақталған тізбекті есептеу. Топографиялық диаграмма.
  • Электр тізбектеріндегі резонанс құбылысы. Токтар және кернеулер резонансы.
  • Индуктивті байланысқан элементтер.
  • Үш фазалы электр тізбектері. Көп фазалы жүйе. Үш фазалы токты алу.
  • Жұлдызша және үшбұрыш жалғанулар. Үш фазалы тізбектің симметриялық режимі.
  • Үш фазалы тізбектің симметриялық емес режимі. Үш фазалы тізбектің қуатын өлшеу.
  • Үш фазалы жүйенің симметриялы құраушылары. Симметриялы емес үш фазалы тізбектің симметриялық құраушылары.
  • Синусоидалы емес ЭҚК, кернеу және ток.
  • Үш фазалы тізбекке негізделген электр қондырғылары.
Зертханалық сабақтардың тақырыптары
  • Кіріспе сабақ. Қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
  • Резисторлары тізбектей жалғанған тұрақты ток тізбектерін зерттеу.
  • Резисторлары параллель жалғанған тұрақты ток тізбектерін зерттеу.
  • Тұрақты токтағы күрделі ток тізбектерін есептеу.
  • Бір фазалы синусойдалы токтағы тармақталмаған тізбекті есептеу.
  • Бір фазалы синусойдалы токтағы тармақталған тізбекті есептеу.
  • Тұтынушылар жұлдызшалап жалғанған үш фазалы жүйені есептеу (симметриялы және симметриялы емес жүктеме).
  • Тұтынушылар үшбұрыштап жалғанған үш фазалы жүйені есептеу (симметриялы және симметриялы емес жүктеме).
Негізгі әдебиет
  • 1. Бессонов Л.А. Теоретические основы электротехники. – М.: Гардарика, 2000, - 640 с. 2. Зевеке Г.В., Ионкин П.А., Нетушин Л.В., Страхов С.В. Основы теории цепей. –М.: Энергия, 1989. – 528 с. 3. Сборник задач по теоретическим основам электротехники. /Пол ред. Бессонова Л.А. – М.: Высшая школа, 1975. – 487 с. 4. Сборник задач и упражнений по теоретическим основам электротехники /Под ред. Ионкина, - М.: Энергоиздат, 1982. –786 с
Қосымша әдебиеттер
  • 1. Электротехника и электроника: Учебник для вузов. /Под ред. Б. И. Петленко. -М.: Академия, 2003. - 230 с. 2. 2 Данилов И.А., Иванов П.И. Общая электротехника с основами электроники: Учеб. пособие - М.: ВШ, 2000. - 752 с. 3. 3 Прянишников В. А. Электроника: Полный курс лек-иий ■ Ч-е \:т... испр. и доп. - СПб.: Учитель и ученик: КОРОНА принт. 2003. - 416 с ил 4. 4 Лачин В.И. Электроника. - М.:ВШ, 2000.