Электроснабжение промышленных предприятий

Сипаттама: Бұл пән жалпы электрмен жабдықтау жүйесін жобалаудың негізгі тенденциясын, жобалау процесстерін оптимизациялау барысын оқытады. Жобалаудың негізгі нормативті-техникалық құжаттары, кәсіпорындардың электрлік жүетемелерін жобалауды, электрмен жабдықтаудың тиімді нұсқаларын таңдауды, эоектр жабдықтарын таңдауды, электр энергиясы сапасының көрсеткіштерін бағалауды оқытады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Электрмен жабдықтау жүйесін жобалау жөнінде теория мен практика негізін меңгерген, алдыңғы қатарлы көзқарасы, техникалық ойлау қабілеті бар, электрмен жабдықтау жүйесін жобалаудағы бар міндеттерді шешуге қабілетті жан – жақты бакалавр маманын даярлау
Міндет
  • Алынған білімнің көлемін практикалық қолдану, нормативтік, техникалық және анықтамалық материалдарды ескере отырып, өздерінің шығармашылықтарын практикалық жобалау мақсаттарында қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Электр шамаларын анықтау әдістері, электр жүктемелерін есептеу әдістері, қуат сапасының көрсеткіштері
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Осы пәнді оқығаннан кейін студенттер оқытылатын курстың негізгі бөлімдері туралы білім алып, олардың практикалық жобалауын, қолданыстағы және жаңадан жасалынған электр жүйелерінің жағдайын талдауға үйренуі керек.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Осы пәнді оқығаннан кейін студенттер: электрмен жабдықтау нысандары, өнеркәсіптік кәсіпорындар туралы нақты түсінік қалыптастыру керек.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Электрмен жабдықтау, жобалық құжаттаманы әзірлеу және енгізу үшін ең жақсы нұсқаны таңдау
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Алынған білімдерін іс жүзінде қолдану дағдылары, электрмен жабдықтау жүйелерін талдау әдістерін қолдану, есептеу техникасының заманауи құралдарын қолдану.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе. Электр энергиясын тұтынушылар. Негізгі түсінік. Электрмен жабдықтау жүйелері
  • Өнеркәсіптік электр тұтынушыларының сипаттамасы
  • Өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр жүктемелері
  • Электр жүктемелерін анықтауға арналған негізгі көрсеткіштер (коэффициенттер). Электр қабылдағыштарың сиппаттамалық көрсеткіштері мен коэффициенттерін зерттеу. Есептік жүктемелерде көрсеткіштерді қолдану.
  • Электрлік жүктемелерді әртүрлі әдістермен анықтау. Орташа және жобалық жүктемелерді анықтау, көмекші және негізгі жүктемені есептеудің әдістері
  • Реактивті қуатты компенсациялау. Реактивті қуаттың физикалық мәні, реактивті қуатты генерациялау, тұтыну және балансы туралы ұғым, реактивті қуатты компенсациялау әдістері, реактивті қуат көздерін зерттеу: синхронды қозғалтқыштар (СҚ) және компенсаторлар (СК), статикалық конденсаторлар
  • Реактивті қуаттың компенсациясын жобалау. Реактивті қуат компенсациясын жобалау әдістемесін зерттеу, 1кВ-қа дейін және жоғары электр желілерінде компенсацияны жобалауды үйрену.
  • 1 кВ дейінгі кернеу кезінде электр энергиясын жеткізу. Цехтық желілерді орындау сұлбаларын, сымдар мен кабельдерді төсеу тәсілдерін зерттеу
  • 1000 В дейінгі желілерге арналған қорғаныс аппаратурасы. Сақтандырғыштар мен автоматты әуе ажыратқыштардың құрлысын зерттеу, 1000 В-қа дейінгі желілер үшін қорғаныс аппараттарын таңдау. Өнеркәсіп желілерінің күштік электр қабылдағыштары үшін өткізгіштердің қимасын есептеуді зерттеу.
  • Кернеуі 6-10 кВ кәсіпорынның электр энергиясын зауыт ішінде бөлу. Ішкі желілер туралы түсінік. Кернеуі 1 кВ-жоғары зауытішілік электрмен жабдықтау сұлбалары. Әуелік және кабелдің желілердің қимасын анықтау тәсілдері.
  • Кернеуі 1-ден жоғары өнеркәсіптік кәсіпорындардың қосалқы станциялары кВ (БТҚС, ЖГВ). Төмендеу схемаларымен танысу әртүрлі схемалардың жұмыс істеу принципі және олардың қолданылу саласы. Цехтық трансформаторлық қосалқы станциялар схемаларымен танысу, қосалқы станциялардың әртүрлі схемаларының қолдану саласы
  • Кернеуі 1 кВ жоғары әуелік және кабельдік желілер, ток өткізгіштер
  • Кернеуі 1 кВ жоғары қосалқы станциялардың тарату құрылғыларының жабдығы
  • Электр энергиясының сапасы. Электр энергиясының сапа көрсеткіштерін зерттеу
  • Электр энергиясын есепке алу. Электр қауіпсіздігінің қорғау шаралары. Электр энергиясын есепке алу түрлерімен танысу, электр энергиясын бақылау және есепке алу техникалық құралдары
Негізгі әдебиет
  • Наумов, И.В. Электроснабжение / И.В. Наумов – Иркутск: ИрГСХА, 2003. – 188с.
  • Киреева Е.А., Орлов В.В., Старкова Л.Е., Электроснабжение цехов промышленных предприятий: М: НТФ «Энергопрогресс», 2003. – 120 с.
  • Маньков В.Д., Основы проектирования системы электроснабжения, Санкт-Петербург, 2010 г.
  • Мукосеев Ю.Л. Электроснабжение промышленных предприятий М:, "Энергия", 1999. - 584 с.
  • Электроснабжение промышленнах предприятий : практикум по одноим. курсу для студентов специальности 1-43 01 05 «Промышленная теплоэнергетика» дневн. и заоч. форм обучения / авт.-сост.: Т. В. Алферова, В. В. Бахмутская. – Гомель : ГГТУ им. П. О. Сухого, 2006. – 41 с.
Қосымша әдебиеттер
  • Кудрин Б.И. Электроснабжение промышленных предприятий. - М.: Интермет Инжиниринг, 2005. - 672 с: ил.
  • Рожкова, Л.Д., Электрооборудование электростанций и подстанций: Учеб. для сред. проф. образования / Л.Д. Рожкова, Л.К. Карнеева, Т.В. Чиркова М.: изд. Центр “Академия”, 2004. - 448с.
  • Правила устройства электроустановок РК (ПУЭ РК). Астана, 2012. – 462 с.