Металлургиялық пештер және жылуберілу

Оналбаева Жанар Сагидолдиновна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Жылу берудің жалпы түсініктері, технологиялық жүйелердегі массаны және жылуды тасымалдау процестерін талдау, оның ішінде қозғалмалы фазалардың қатысуымен, қарастырылатын жылу техникалық құрылғылардың математикалық модельдерін құрастыру және қолдану, энергия көздерін, отқа төзімді және конструкциялық материалдарды, газ тазарту жүйелерін таңдау және есептеу, технологиялық агрегаттардың жылу балансын құрастыру қарастырылады.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Студенттерді курстық жобаны орындау барысында қажетті қолданбалы сипаттағы біліммен қатар сол алынған білімді ары қарайғы оқуда, соның ішінде дипломдық жобалауда және тәжірибелік қызметте кәсіби түрде қолдана білуді қамтамасыз ету.
Міндет
  • Студенттердің технологиялық жүйелерде масса және жылу тасымалдау, соның ішінде қозғалатын фазалардың қатысымен өтетін үрдістерді талдай білуге үйрету. Қарастырылатын жылу техникалық құрылғылардың математикалық модельдерін құру және қолдана білу. Энергия көздерін, отқа төзімді және конструкциялық материалдарды, газ тазарту жүйелерін есептеу және таңдау. Технологиялық агрегаттардың жылулық баланстарын құру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Отынның жануының, тұрақталған жылуберілу, конвекциямен жылуберу коэффициентін (Нуссельт критерийін және ұқсатылағн формулаларды қолдану арқылы), жылулық агрегаттың сыртқы бетінің температурасын анықтау (графикалық және талдаулық әдістермен), газ құбыры арқылы газ ағымы өткен кездегі арынның жоғалымдарын және т.б. есептеу әдістемесін түсіну және білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Студенттердің технологиялық жүйелерде масса және жылу тасымалдау, соның ішінде қозғалатын фазалардың қатысымен өтетін үрдістерді талдай білуі. Қарастырылатын жылу техникалық құрылғылардың математикалық модельдерін құру және қолдана білуі.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Математикалық модельдерді технологиялық қондырғыларға қатысты қолдану, энергия көзін, отқа төзімді және конструкциялық материалдарды, газ тазарту жүйелерін металлургиялық өнеркәсіпті жобалаған кезде есептеу және таңдау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Технологиялық міндеттерді жобалау және жетілдіру кезінде жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, жеке жауапкершілік таныта білу, кәсіби этика және кәсіби қызметті жүргізу нормаларына сай болу қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Ғылыми-жаратылыстану сипатындағы алған білімдерді ары қарайғы ары қарайғы оқуда, технологиялық міндеттерді шешуде, жобалауда және жетілдіруде және тәжірибелік инновациялық ғылыми жобаларды орындауда ұолдану қабілеттілігі.
Оқыту әдістері

Дәріс материалдары мен практикалық сабаққа арналған материалдар, курстық жобаны есептеу әдістемесі.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Практикалық жұмыс 1 0-100
Практикалық жұмыс 2
Сынақ
2  рейтинг Практикалық жұмыс 3 0-100
Практикалық жұмыс 4
Сынақ
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Тақырып 1 Кіріспе
  • Тақырып 2 Отын және оны пештерде жағу
  • Тақырып 3 Отқа төзімді материалдар
  • Тақырып 4 Пештердің кешенді теориясының бастапқы ережелері
  • Тақырып 5 Газдар мен материалдардың қозғалысы
  • Тақырып 6 Тепе-теңдік және газ қозғалысының шарттары
  • Тақырып 7 Газ қозғалысына карсыласу
  • Тақырып 8 Газдар мен материалдардың қозғалысы теориясын пештерді есептеу мен жобалауға қолдану
  • Тақырып 9 Модельдеу және ұқсастық теориясы
  • Тақырып 10 Жылу беру
  • Тақырып 11 Әр түрлі пештерде жылу беру
  • Тақырып 12 Электр энергиясын түрлендіруден пештердің жұмысына жылу энергиясын алу
  • Тақырып 13 Отынды жағуға арналған құрылғылар
  • Тақырып 14 Пештердің газарна жүйесі
  • Тақырып 15 Түсті металлургия пештері
Негізгі әдебиет
  • 1. Теплотехника металлургического производства: учеб. пособие. Т.2. Конструкция и работа печей / В.А.Кривандин, В.В.Белоусов, Г.С.Сборщиков и др; Ред. В.А.Кривандина. - М.: МИСИС, 2002. - 734 c. 2. Теплотехника металлургического производства : Учеб. пособие. Т.1. Теоретические основы / В.А.Кривдин, В.А.Арутюнов, В.В.Белоусов и др; Ред. В.А.Кривандин. - М.: МИСИС, 2002. - 607 c. 3. Теплотехника: учебник / В. Н. Луканин [и др.]; под ред.: В. Н. Луканина. - 6-е изд., стереотип. - М.: Высш. шк., 2008. - 671 с. 4. Огнеупоры для нагревательных и термических печей. Справочник./ Под ред. И.Д. Кащеева. - М.: Теплотехник, 2002. - 240 с. 5. Губинский, В. Тимошпольский, В. Ольшанский. Металлургические печи. Теория и расчеты. В 2 томах. Том 2. .- Минск: Белорусская наука, 2007 г. - с. 454.
Қосымша әдебиеттер
  • 6. Тепловая работа и конструкции печей цветной металлургии: Учебник для вузов. Кобахидзе В.В. - М.: «МИСиС», 1994. - 356 с. 7. Металлургические печи. Под ред. Глинкова М.А. – М.: Металлургия. 2008. 8. Китаев Б.И. и др. Теплотехнические расчеты металлургических печей. – М.: Металлургия, 2000. - 215 с. 9. Нащокин В.В. Техническая термодинамика и теплопередача. – М.: Энергоиздат, 2006. - 304 с. 10. Альжанов М.К. Расчеты теплотехнических и термодинамических процессов. Учебное пособие. Изд. КарГТУ, 2003. - 105 с.