Создание карт различного назначения и масштабов с применением компьютерных и ГИС технологий (QGIS, ARCGIS, MAPINFO, AUTOCAD)

Сипаттама: Компьютерлендірудің дамуына байланысты карталарды жасаудың көптеген процестері толық өзгерді. Картографиялаудың жаңа әдістері, технологиялары мен бағыттары пайда болды. Пән аумақтық объектілердің, процестер мен құбылыстардың сандық сипаттауын, сандық карталарды құрудың технологиялық құралдарын және картографиялық ақпаратты сандық түрге түрлендіру әдістерін меңгеруге, сандық карталарды автоматты және автоматтандырылған құру дағдыларына бағытталған.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Магистранттарды сандық картографиялаудың теориялық мәселелерімен, тақырыптық картографиялық ақпаратты жіктеу және кодтау принциптерімен таныстыру.
Міндет
  • Сандық карталарды құрудың, бақылаудың және редакциялаудың әртүрлі техникалық құралдарын пайдалануды үйрету;
  • Картографиялық ақпаратты сандық түрге түрлендіру әдістері туралы түсінік қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Сандық картографияның теориялық негіздерін, картографиялық ақпаратты жіктеу және кодтау принциптерін, картографиялық ақпаратты цифрлық сипаттау ережелерін, сандық картографиялық материалдың дәлдігі мен сапасының талаптарын
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Бастапқы картографиялық материалды сандық түрге келтіруді орындау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жобалау-конструкторлық жұмыстарды орындау, өз бетінше жобалау, картографиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Геоақпараттық технологияларды қолдану және практикалық қызметте зерттелген әдістерді қолдану.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Түрлі сандық тақырыптық карталарды орындау кезінде компьютерлік технологиялармен жұмыс істеу дағдысы
Негізгі әдебиет
  • Раклов В. Географические информационные системы в тематической картографии. Учебное пособие. – М.: Академический проект, 2014
  • Карпик А.П. Методологические и технологические основы геоинформационного обеспечения территорий. – Новосибирск: СГГА, 2014
  • Неумывакин Ю.К., Перский М.И. Автоматизированные методы геодезических измерений в землеустройстве. – М.: Недра, 2000