Қаржылық менеджмент (ілгерілемелі курс)

Куур Ольга Вячеславовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс активтерді бағалау, айналым капиталын басқару, инвестициялық шешімдер және қаржыландыру бойынша шешімдер қабылдау үшін қаржылық менеджменттің негізгі әдістерін қолданудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын алуға мүмкіндік береді. Болжау құралдары, басқару шешімдерін жоспарлау және әзірлеу әдістері, сондай-ақ Ұйым қызметін үйлестіру және бақылауды қамтамасыз ету тәсілдері қарастырылады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Қаржылық есеп (ілгерілемелі)

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Қазіргі қаржылық менеджменттің әдістері және ұстанымдарына, мақсаттарына, міндеттеріне сәйкес магистранттарды жүйелі түрде оқыту; жұмыс берушілердің талатарына сәйкес келетін, қаржылық менеджмент саласында кәсіптік қызметті орындауға жеткілікті деңгейде білімге, іскерлікке ие мамандарды дайындау. Қаржылық менеджмент (ілгерілемелі курс) пәнін оқытудың басты мақсаты магистранттардың қазіргі қаржы менеджменті туралы түсінігін кәсіпорынның қаржысын басқару өнері, тәжірибесі және ғылым ретінде бекітуінен құралады.
Міндет
  • Пәнді игеру барысында магистранттар алдында келесідей міндеттер қойылады: қаржы менеджментінің негізгі категорияларының мазмұнын терең оқып, білу; қаржы жүйесін басқару және ұйымдастыру қағидаларымен, құрылымымен, құрамдас бөліктерімен танысу; ұлғаймалы ұдайы өндіріс кезіндегі қаржының функциялары мен рөлін қарастыру; қаржылық және экономикалық саясатта қаржылық механизм арқылы қаржылық қатынастарды қолдану мүмкіндігін үйрену; қаржы саласындағы қазіргі мәселелерді талдай білу және тиісті шешімдер қабылдап үйрену.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Білу және түсіну: кәсіпорынның инновациялық дамуы жағдайында қаржылық менеджменттің мақсатын, ұстанымдары мен міндеттерін; қаржылық басқарудың әдістері мен тәсілдерін; қаржылық жоспарлаудың түрлерін; фирманың бюджетін қалыптастыру әдістерін және оның қаржысын басқаруды; тәуекелді ескеретін портфелді басқарудың тиімділігін өлшеуде туынды критерийлерді білу; қаржылық мәселелерді шешуде негізгі қаржылық көрсеткіштерді жоспарлау және болжамдау білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Ұзақ мерзімді инвестицияларды пайдаланудың тиімділігін негіздеу, жобаларды бағалау кезінде қаржылық шешімдер қабылдау үшін есептеулер жүргізу дағдылары
  • Қаржылық емес көрсеткіштерді қаржылық басқару объектісі саласында білімін біріктіре алу
  • Қаржылық тәуекелдерді бағалау және оларды төмендету тәсілдерін, дивиденттік саясатын қалыптастыру тәсілдерін, капитал жұмсауды жоспарлау, инвестициялардың тиімділігін бағалау критерийлерін анықтау дағдылары
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қаржылық ақпараттарды дұрыс түсініп және олармен жұмыс істеуге үйрену
  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру үшін дұрыс басұарушылық шешімдерді қабылдау қабілеті. қаржылық жоспар құрастыру, дивиденттік саясатты таңдау, капитал салымы бойынша шаралардың тиімділігін бағалау мен талдау туралы мәліметтерді түсіндіру, кәсіпорынның экономикалық жағдайын анықтауға қабілетті болу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Топта жұмыс істеуге қабілетті, өз ой топшылауын сауатты дәлелдей алады, жаңа шешімдер ұсынады, келісім таба алады, өз ойын коллектив ойымен салмақтайды. ЖОО-да «Қаржылық менеджмент» пәнін жүргізуге және ғылыми зерттеулерді орындауға септігін тигізетін, кәсіби деңгейде шетел тілдерін меңгеру; өзінің ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс жеткізуге мүмкіндік беретін, кәсіби қарым-қатынас дағдыларын бойына сіңіру; қаржы саласындағы мәселелерді шешуде заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білімдер алу машығын алады және білімін докторантурада жалғастырады. Кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылады
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді: - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Қаржылық менеджменттегі жүйелік тәсіл
  • Айналым капиталын басқару
  • Бизнесті оның тиімділігі тұрғысынан бағалау
  • Фирма қызметін жоспарлау және оның қаржыландырудағы қажеттілігін болжамдау
  • Бизнестің дамуы және динамикалық өзгерістер
  • Ақша ағындары және ақшаның уақытша құндылығы
  • Инвестициялық шешімдерді талдау
  • Бизнес саласында шешім қабылдау және капитал құны
  • Қаржыландырудың әртүрлі нұсқаларын салыстырмалы талдау
  • Кәсіпорынның құны мен тиімділігін бағалау
  • Акционерлік капиталдың құнын басқару
Негізгі әдебиет
  • Бланк И.А. Основы финансового менеджмента: Учебный курс. - М.: Омега-Л, 2012.- 1330 с.
  • Ковалева А.М. Финансовый менеджмент: Учебник.- М.: ИНФРА-М, 2013.- 336 с.
  • Финансовый менеджмент: теория и практика: Учебник/ Под ред. Е.С. Стояновой. – М.: Перспектива, 2010. – 574 с.
  • Есенгельдин Б.С. Қаржылық менеджмент. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. - 286 б.
Қосымша әдебиеттер
  • Ковалев В.В. Введение в финансовый менеджмент. - М.: Финансы и статистика, 2006. – 763 с.
  • Управление финансами. Финансы предприятий: Учебник. /Под ред. Володина А.А. - М.: ИНФРА-М, 2012. — 510 с.
  • Куур О.В. Финансовый менеджмент: меры по антикризисному управлению: Учебное пособие. - Усть-Каменогорск: КАСУ, 2010. – 113 с.