Теория и методология бухгалтерского учета

Сипаттама: Курс бухгалтерлік есептің негізгі тақырыптарын зерттейді. Қаржылық саясат, экономиканы басқару, сондай-ақ салық салу саласында басқару шешімдерін әзірлеу, негіздеу және қабылдау үшін қажетті пайдаланушылардың әртүрлі топтары үшін Қаржылық есеп ақпаратын қалыптастыру бойынша кәсіби ойлауды қалыптастыруға бағытталған.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Бухгалтерлік есепті түсініп және бухгалтерлік есептің әр объектісі пайдаға деген көз-қарасын және қаржылық қорытындыларды есептеу процедураларын әдістемелік талдауын қарастыру болып табылады
Міндет
  • Негізгі бухгалтерлік есептің категорияларын білу, бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыру принциптерімен және әдіснамалығымен танысу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жүйелерін, бухгалтерлік есеп теориясының анықтамасын және бухгалтерлік есеп теориясын топтастыруын білу
  • Кәсіпорындағы активтер, міндеттемелер, капитал, табыстар мен шығындар есебінің ғылыми шешімдерін білу
  • Қаржылық сипаттағы ақпаратты дайындау және өңдеу тәртібін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Бухгалтерлік есептің кұрылуына экономикалық, заңдық және саясаттық ортаның әсерін анықтау
  • Кредиторлық берешек пен өзіндік капиталдың, активтердің теориялық негіздерін білу
  • Пайда тұжырымдамасының қаржы есебінде көрініс алуын анықтау
  • Салық салынатын пайда мен есепте келтірілетін пайданың айырмашылық мәселесін анықтау
  • Бухгалтерлік есептің перспективалық мәселелерін білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қорытындылау мен талдау қабілеттіліктері
  • Ғылыми зерттеуге және қаржылық ақпаратты қаржылық есептемелерде көрсету мақсатымен тіркеу мен жинақтау үшін тәжірибелік аспектілерін шешуге бағытталған бухалтерлік есеп принциптерінің білім жүйесін қолдану
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Экономикалық ой-қабілеттілігінің мәдениетін білу
  • Өзіндік творчестволық жұмыстың дағдыларын және топта жұмыс істеуді үйрену
  • Өз ой топшылауын сауатты дәлелдей алу, жаңа шешімдер ұсыну, келісім таба алу және өз ойын коллектив ойымен салмақтау
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білімдер алу машығын алады және білімін докторантурада жалғастырады. Кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылады.
Негізгі әдебиет
  • «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептемелер туралы» ҚР Заңы, 2007 жылдың 28 ақпаны, № 234 – III (2014 ж. өзгертулер мен толықтырулармен)
  • Ұлттық қаржылық есептіліктің стандарты: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы, 31.01.2013 ж., № 50
  • Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (2013 ж. редакциясы) // www.minfin.kz
  • Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік есептің теориясы және принциптері. – Алматы: Айан, 2001
  • Әбленов Д. О. Қаржылық есептегі талдау концепциялары: Оқулық / ред. басқарған Н. Қ. Мамыров. – Алматы: Экономика, 2005. – 268 б.
  • Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері. – А.: Экономика, 2003.
  • Оразбекұлы Б. Бухгалтерлік есеп және аудит негіздері. - Алматы: Экономика, 2011. – 409 б.
  • Нұрсеитов Е.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. - Алматы: LEM, 2009. – 280 б.
  • Проскурина В.П. Бухгалтерский учет от азов до баланса, практическое пособие. - Алматы. «LEM», 2012
  • Султанова Б.Б. Основы бухгалтерского учета. Учебное пособие. - Издательство «Экономика», 2009