Углубленный управленческий учет

Сипаттама: Тереңдетілген Басқару есебі шеңберінде ұзақ мерзімді басқару шешімдерін қабылдау әдістері зерделенеді, нормативтік калькуляциядағы ауытқуларды талдаудың қазіргі заманғы тәсілдері қарастырылады. Қызметтің теңдестірілген көрсеткіштеріне назар аудара отырып, есептің стратегиялық аспектілеріне, шешім қабылдауды талдауға үлкен назар аударылады: меншікті өндіру немесе сатып алу туралы; сегментті қосу немесе одан бас тарту туралы; қуат бойынша шектеу кезіндегі өнім ассортименті туралы.

Кредиттер саны: 6

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Магистранттарды өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды меңгерту,өндірістің зиянсыздығын талдау және басқарушылық шешімдер қабылдауды үйрету
Міндет
  • Тереңдетілген басқару есебінің ұйымдастырушылық және әлеуметтік аспектілері туралы білім алу
  • Стратегиялық басқару, стратегиялық есеп және олардың тереңдетілген басқару есебіне ықпалын анықтау
  • Шығындардың калькуляциялауын ұйымдастырудағы перспективті жүйелермен танысу
  • Басқарудағы бақылау жүйесі және инвестициялық шешімдер қабылдау қабілеті
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Тереңдетілген басқару есебінің дәстүрлі басқару есебінен айырмашылығын білу
  • Шығыстар мен логистикалық шығындарға қатысты терминдер мен концепцияларды білу
  • Шаруашылық операциялар негізіндегі өзіндік құнды калькуляциялау және менеджмент ара-қатынасын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Басқару есебінің мақсаты мен міндеттерін және инновациялық қызметтегі басқару есебінің ролін анықтау қабілеті
  • Жабдықтау және сату процестермен өзін - өзі қамтамасыз ету, шығыстар есебінің альтернативті жүйесі негізіндегі табыс әсерін анықтау қабілеті
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жұмыс тәжірибесінде тереңдетілген басқару есебін ұйымдастыру қабілеті
  • Әр түрлі басқарушылық шешімдердің нұсқаларын дайындау және оларды таңдауды дәлелдеу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Топта жұмыс істеуге қабілетті, өз ой топшылауын сауатты дәлелдей алады, жаңа шешімдер ұсынады, келісім таба алады, өз ойын коллектив ойымен салмақтайды
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білімдер алу машығын алады және білімін докторантурада жалғастырады. Кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылады
Негізгі әдебиет
  • Тағайшынова Қ.Т., Жапбарханова М.С. Тереңдетілген басқарурушылық есеп. – Алматы: Экономика, 2008. - 212 б.
  • Тағайшынова Қ.Т. Басқару есебі. – Алматы: LEM, 2011. - 332 б.
  • Ержанов А.К., Айтанаева Ә.К., Жұманова Г.Ш. Басқару есебі. – Алматы: Экономика, 2009. - 304 б.
  • Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. – Алматы: Экономика, 2005. - 298 б.
  • Друри К. Управленческий и производственный учет. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005.