Методика анализа финансовой отчетности

Сипаттама: Курс қаржылық талдаудың негізгі, барлық жерде қолданылатын ұғымдармен және тәсілдерімен таныстырады, сондай-ақ мағыналы жауаптар мен шешімдер алу үшін оларды қашан және қалай қолдану керектігін түсіндіреді. Курстың негізіне бизнесті басқару шешімдерімен іске қосылатын қаржы қатынастары мен ақша қаражатының ағындарының бірыңғай жүйесі ретінде қарастыру идеясы алынған.

Кредиттер саны: 6

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Кәсіпорын қызметіне қаржылық талдау жасаудың қазіргі заманғы әдістерін меңгеру, қаржылық тұрақтылықты, төлем қабілетін және несиені қайтару қабілетін анықтау мен талдаудың әдістерімен танысу.
Міндет
  • Қаржылық есептемені талдауға қатысты есептеулерді жүргізе білу, соның ішінде қаржылық коэффиценттерді есептей білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Қаржыны басқарудағы жалпы жүйесіндегі қаржылық есептемені талдаудың орны туралы білу
  • Қаржылық есептемені талдаудың пәнін, әдістерін және түрлерін білу.Қаржылық есептемені талдаудың ақпараттық базасын білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қаржылық есептемелерді талдау бойынша тәжірибелік есептеулерді жасауды үйрену, соның ішінде тиімділік көзқарасынан талдау, менеджмент көзқарасынан талдау, бизнес иелері көзқарасымен талдау.
  • оның тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығы тұрғысынан бизнесті талдау және бағалау қабілеті; менеджмент тұрғысынан талдауды жүзеге асыру қабілеті; бизнес иелерінің тұрғысынан талдауды жүзеге асыру қабілеті; кредиторлар тұрғысынан талдауды жүзеге асыру қабілеті; инвестициялық шешімдерді талдауды жүзеге асыру қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қаржылық есептемені талдау барысында алынған нәтижелерді экономикалық тұрғыдан бағалап, оларды кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайын жақсартуға материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды жасау үшін пайдалана білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Бекітілген нысандар бойынша қаржылық есептемелерді дайындау және талдау қабілеті
  • Топта жұмыс істеуге қабілетті, өз ой топшылауын сауатты дәлелдей алады, жаңа шешімдер ұсынады, келісім таба алады, өз ойын коллектив ойымен салмақтайды
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білімдер алу машығын алады және білімін докторантурада жалғастырады. Кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылады
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Қаржылық талдау: оның мазмұны және қаржылық басқару жүйесіндегі орны. Қаржылық талдаудың мәні, оның мақсаттары мен міндеттері. Курстың негізгі ережелері.
  • Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы. Қаржылық талдау жүргізу үшін ақпарат көздері. Кәсіпорынның қаржылық есептілігі. Қаржылық есептілік элементтері арасындағы өзара байланыс.
  • Қаржылық талдау әдістері. Оқу. Көлденең және тік талдау. Трендтік талдау. Коэффициентті талдау. Факторлық талдау.
  • Қаржылық есептілікті Экспресс-талдау. Экспресс-талдаудың мәні және оның мақсаты. Экспресс-талдау жүргізудің әдістемелік тәсілдері.
  • Бизнесті оның тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығы тұрғысынан талдау және бағалау. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау: мақсаты, әдістері, қолданылатын көрсеткіштер. Қаржылық тұрақтылықты талдау: меншікті және қарыз қаражаты арасындағы арақатынасты сипаттайтын көрсеткіштер; негізгі құралдарды пайдалану көрсеткіштері; айналым қаражатын пайдалану көрсеткіштері.
  • Менеджмент тұрғысынан талдау. Талдау мақсаты. Талдау жүргізудің әдістемелік тәсілдері. Ағымдағы операциялық қызметті және оның тиімділігін талдау.
  • Бизнес иелері тұрғысынан талдау. Бизнес иелерінің мүддесі үшін талдаудың мақсаттары. Бизнес иелері тұрғысынан талдау әдістемесі.
  • Кредиторлар тұрғысынан талдау. Талдау мақсаты. Кредиторлар мүддесінде талдау әдістемесі.
  • Ақшаның уақытша құнын ескере отырып, ақша ағындарын талдау. Ақша қаражаты ағынының түрлері. Уақыт факторын есепке ала отырып ақша ағындарын талдау. Ақша ағындарын дисконттау.
  • Кәсіпорынның рейтингтік бағасы. Рейтингтік сан. Рейтингтік бағалау үшін пайдаланылатын көрсеткіштер. Көп өлшемді рейтингтік талдау әдістемесі. Скорингтік талдау негізінде қаржылық тұрақтылықты интегралдық бағалау. Дискриминантты факторлық модельдер
  • Қаржыландырудың әр түрлі нұсқаларын салыстырмалы талдау. Талдау мақсаты. Қаржыландыру түрлері. Қаржыландырудың оңтайлы нұсқасын таңдаудың әдістемелік тәсілдері. Капитал құрылымын оңтайландыру критерийлері.
  • Шығынсыздықты талдау. Талдаудың мақсаты мен мүмкіндіктері. Шығынсыздық талдауында қолданылатын жорамалдар. Шығынсыздық талдауының графикалық интерпретациясы. Сезімталдықты талдау.
  • Әлеуетті банкроттықты талдау. Банкроттық белгілері. Кәсіпорынның дағдарысты жағдайын бағалау тәсілдері. Банкроттық ықтималдығын бағалау кезінде қолданылатын талдау әдістері.
Негізгі әдебиет
  • Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебное пособие/ К.Ш.Дюсембаев, С.К.Егембердиева. – Алматы: Каржи-Каражат, 2009.– 512 с.
  • Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами.- Алматы: Экономика, 2009. – 366 с.
  • Куур О.В., Костырко Р.А. Техника финансового анализа в контексте антикризисного управления предприятием: Учебное пособие. – Усть-Каменогорск: ТОО «ВКПК Арго», 2019. - 167 с.
  • Теория и практика анализа финансовой отчетности организаций: учебное пособие / Н.В.Парушина, И.В.Бутенко, В.Е.Губин; под ред. Н.В.Парушиной. - М.: ИД «ФОРУМ»: ИНФРА-М, 2010. - 432 с.
  • Хелферт Э. Техника финансового анализа. – СПб.: Питер, 2003.- 640 с.
  • Заманбеков Ш.З. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау. – Алматы: Экономика, 2016. – 220 б.
  • Әбленов Д. О. Қаржылық есептегі талдау концепциялары: Оқулық / ред. басқарған Н. Қ. Мамыров. – Алматы: Экономика, 2015. – 268 б.
  • Демесинов Т.Ж. Қаржылық талдау. - Алматы: Дәуір, 2011. – 320 б.
  • Савицкая Г.В. Анализ финансового состояния предприятия / Г.В. Савицкая. - М.: Гревцов Паблишер, 2018. - 659 c.
Қосымша әдебиеттер
  • Журнал «Финансовая аналитика: проблемы и решения» за 2017-2019 гг.
  • Журнал «Аудит и финансовый анализ» за 2017- 2019 г.
  • Куур О.В. Теория и практика финансового анализа: Учебное пособие. – Усть-Каменогорск, 2009. - 158 с.
  • Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. – М.: Инфра-М, 2010. - 536 с.
  • «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептемелер туралы» ҚР Заңы, 2007 жылдың 28 ақпаны, № 234 – III (2018 ж. өзгертулер мен толықтырулармен).
  • Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (2018 ж. редакциясы) // www.minfin.kz
  • Ұлттық қаржылық есептіліктің стандарты: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы, 31.01.2013 ж., № 50 (2018 ж. өзгертулер мен толықтырулармен).