Контроллинг

Сипаттама: Контроллингтің мәні Ақпараттық жүйелер, жоспарлау және бақылау өзара тығыз байланысты Біртұтас экономикалық басқарудан тұрады. Контроллинг жедел және стратегиялық болып бөлінеді. Стратегиялық контроллинг кәсіпорынның ұзақ мерзімді мақсаттарын үйлестіруге және орындауға бағытталған. Жоспардың сапалық көрсеткіштері немесе әзірленетін стратегиялар жедел контроллингтің нақты сандық материалымен толықтырылады.

Кредиттер саны: 6

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Контролинг саласындағы теорияны және тәжірибені оқыту, жоспардың ұстамдалатын және координатталынатын үрдісі, ақпаратты қамтамасыздандыратын, бақылау және адаптация, бағалар және кәсіпорынды басқару тиімділігін анықтау және кәсіпорындағы контролинг қызметі бойынша теориялық және тәжірибелік білімін қалыптастыру
Міндет
  • Баға әдісін қолдануды және ұйымды басқару тиімділігін өлшеуді, контролингтің әр түрлі бағытындағы ұйымның даму сұрақтарын шеше отырып пайдалану, сауатты және нарықтық коньюктураны компетентті анықтау, ұйымды тиімді басқаруды үйрету
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Контролинг қызметінің мақсатын және тапсырмаларын білу
  • Нарықтық жағдайда кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымында контролинг қызметі рөлін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Кәсіпорында контролингті пайдалану әдістерін және құралдарын қолдану
  • Кәсіпорында контроллингті енгізудің мүмкін нұсқаларын таңдау бойынша ұйымдастыру шараларын қарастыру
  • Өндірістің қаржылық-шаруашылық жағдайына диагностика жүргізу қабілеті
  • Стратегия құру, стратегиялық және оперативті жоспарлар мен бюджеттер құру қабілеті
  • Алға қойылған мақсаттардан нақты нәтижелердің ауытқуын бақылау және талдау қабілеті
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Контроллингтің тұжырымдамасын, мәнін, қызметін, өндірісті басқару жүйесіндегі рөлін, контроллинг түрлерін ажырату, меігеру
  • Кәсіпорындағы пайданы басқару мәселелерін, банкротқа ұшырау және дағдарысты жағдайлардың алдын алу әдістерін қолдана білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Өзіндік творчестволық жұмыстың дағдыларын (экономикалық ақпараттарды жинауды, жүйелендіруді, ғылыми интерпретациялауды) және топта жұмыс істеуді үйрену. Өз ой топшылауын сауатты дәлелдей алу, жаңа шешімдер ұсыну, келісім таба алу және өз ойын коллектив ойымен салмақтау
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білімдер алу машығын алады және білімін докторантурада жалғастырады. Кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылады
Негізгі әдебиет
  • Жүнісбекова Г.Е. Кәсіпорындағы контроллинг: оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2010. - 144 б.
  • Ташенова С.Д. Контроллинг: учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2007
  • Карминский A.M., Фалько С.Г. Контроллинг Учебник М.: Финансы и статистика, 2006. - 336 с.
  • Контроллинг как инструмент управления предприятием / Ананьина Е.А., Данилочкин С.В., и др. Под ред. Н.Г. Данилочкиной. — М.: ЮНИТИ, 2002. – 279 с.
  • Климов С.М., Костевят А.Н. Контроллинг: вопросы теории и практики: Учеб. пособие. – СПб.: Знание, ИВЭСЭП, 2005. – 380 с.