Объектно-ориентированные языки программирования

Сипаттама: Деректер құрылымы мен типтерінің жіктелуі, әртүрлі бағдарламалау тілдерінде жаңа деректер типін құру технологиялары оқытылады. Бағдарламалаудың объектілі-бағытталған парадигмасының негізгі ұғымдары мен принциптері (инкапсуляция, полиморфизм, мұрагерлік), оқиғалы-басқарылатын бағдарламалау, бағдарламалаудың визуалды жүйелері; электр энергетиканың қолданбалы есептері алгоритмдерін формализациялау қарастырылады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • 6М071800 «Электр энергетика» мамандығының магистранттарын бағдарлама әзірлеудің заманауи әдіснамасының іргетасын оқыту, объектілі-бағытталған бағдарламау тұжырымдасын меңгерту
Міндет
  • Магистранттарда бағдарламалаудың объектілі-бағытталған парадигмасының негізгі түсініктері мен принциптері, оқиғалы-басқарылатын бағдарламалау, бағдарламалаудың визуалды жүйесі туралы білімді қалыптастыру. Магистранттардың бағдарламалау тілінде объектілі-бағытталған бағдарламалауды жүзеге асырудың практикалық дағдылары мен қабілеттерін, электр энергетикада есептерді шешу барысында практикада қолдану үшін теориялық жалпы заңдар мен принциптерді игерту
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • электр энергияны бөлу мен тұтынуда, өндірістің технологиялық процесінің кез-келген кезеңіндегі өндірістік қызметте, зерттелетін есепті шешуде математикалық аппаратты қолдануында білімдерін
  • электр энергетикалық процесстер мен жүйелерді сипаттау моделі мен моделдеу технологияларын
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • ғылыми зерттеулер мен есептеулерді өткізу, жүргізетін зерттеулер мен талдамалардың технико-экономикалық тиімділігін анықтау әдістерін анықтау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • ғылыми – техникалық ақпаратты жүйелі түрде жинауды жүзеге асыру, зерттеу тақырыптары бойынша Интернет желісінен, ғылыми және мерзімді әдебиеттерден отандық және шетел тәжірибелеріне талдау жасай алу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • командада жұмыс жасай білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • бәсекеге қабілетті идеялар мен инновациялық міндеттерді қалыптастыра білу, оларды жүзеге асыру үшін стандартты емес әдістерді қолдана білу
Негізгі әдебиет
  • Кнут Д. Искусство программирования для ЭВМ. Том 1: Основные алгоритмы./ Д. Кнут. – Москва, Санкт-Петербург, Киев, 2010.
  • Объектно-ориентированное программирование: Учеб. для вузов/ Под ред. Г.С. Ивановой. Иванова Г.С, Ничушкина Т.Н., Пугачев Е.К. М.: Изд-во МГТУ им. Н.Э. Баумана, 2011. - 320 с.
  • Культин Н.Б. Основы программирования в Delphi 7./Культин Н.Б. СПб.: БХВ-Петербург, 2005.