Төтенше жағдайлар кезінде қоршаған ортаның сапасының мониторингі

Жаманбаева Манира Крыкбаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: "Қоршаған орта сапасының мониторингі" пәні табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен олардың жай-күйінің өзгерістерін талдау, болжау және бақылау мақсатында қоршаған орта мен табиғи ресурстардың тән ерекшеліктерін бақылау және бақылау бойынша кешенді ақпараттық жүйені, табиғи ортаның теориялық және әдіснамалық негіздерін, экологиялық қасиеттерін және аймақтың антропогенезін; экожүйенің өнімділігі мен серпінін, ландшафтың экологиялық орнықтылық дәрежесін, қоршаған орта мен табиғи ресурстардың тән ерекшеліктерін бақылау және бағалау

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Химиялық қауіпсіздік негіздері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазбаша емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Қоршаған орта мониторингі экологиялық қауіпсіздікті, табиғи ресурстарды сақтауды, молықтыруды және ұтымды пайдалануды, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында басқарушылық және шаруашылық шешімдердің қабылдануы үшін қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйін байқауды, сондай-ақ олардың нақты жай-күйі туралы деректерге талдау жасауды қамтитын көп мақсатты ақпараттық жүйені зерттеуді меңгеру.
Міндет
  • -Табиғи-техникалық геожүйелердің даму заңдылықтарын талдауды мңгеру; -Табиғи ортаға антропогенді әсер берудің рұқсат ететін мөлшерлерін табуды біліп және машықтану дағдыларын қалыптастыру;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • глобальді, аймақтық және локальді деңгейде мониторингтік іс-әрекеттерді жүзеге асыру ерекшеліктерін, аймақтық геоэкология мен табиғи-техникалық геожүйелердің кеңістіктік ұйымдастырылуын және адамның тұрақсызданған геожүйелерге бейімделу мүмкіндіктерін білуі керек
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • экологиялық жағдайларға, оның қауіпсіздігі мен зиянсыздығына қатыстыталдау жүргізе білуі және қолайсыз жағдайлар туралы ескертіп, оны жою үшін шаралар қабылдап, қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыруды қамтамасыз ете алуы қажет
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қоршаған орта жағдайын бақылау, бағалау және болжау, оны қорғау, табиғатты ұтымды пайдалану қоршаған ортаның қауіпсіздігіне байланысты әлеуметтік-экологиялық жүйелерінің проблемалары туралы көзқарасы болуы керек.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Өз қызметін кәсіби тұрғыда жүзеге асыруды, қоршаған орта жағдайын бағалау, болжау және бақылау саласында әдістер мен бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысуы керек
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • қоршаған орта мониторингінің негізгі әдістемелерін, яғни қоршаған орта күйінің экологиялық параметрлерінбағалаудың ақпараттық жүйесін қолдана білуі керек және қоршаған ортаға өсіп келе жатқан антропогендік әсер жағдайында табиғи-техникалық геожүйелердің күйін болжай алуы қажет
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді 1) дәстүрлі оқу қызметінің технологиялары (дәріс-семинар). 2) оқу-кәсіптік қызмет технологиясы. 3) проблемалық оқыту технологиясы. 4) дамыта оқыту технологиялары. 5) саралап оқыту технологиясы. 6) іскерлік ойын технологиясы.

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Мониторинг және оның элементтері туралы түсінік
  • Қоршаған орта мониторингінің түрлері
  • Табиғи ресурстар мен қоршаған орта мониторингінінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі мен оның міндеттері
  • Төтенше жағдайларды бақылау және болжау
  • Төтенше жағдайлардағы атмосфераны ластаушы көздерді және физикалық әсерлерді бақылау
  • Су ресурстарының сапалық жағдайының мониторингі
  • Қоршаған орта объектілерінің, төтенше жағдайлардың және олардың көздерінің мониторингі
  • Топырақ жамылғысы жағдайының мониторингі
  • Төтенше жағдайларда қоршаған ортаны қорғау
  • Өнеркәсіптік кәсіпорында төтенше жағдайлардың алдын алу және мониторинг жүйесін ұйымдастыру
  • Жер қойнауының мониторингі
  • Мониторингтің арнайы түрлері
  • Қауіпті табиғи құбылыстар мен төтенше жағдайларды мониторингтеу, модельдеу және болжау
Негізгі әдебиет
  • 1. Мониторинг земель, Курманова Г.К. Учебное пособие Изд. Эверо, Алматы , 2015г, - 104 с. 2. Каракеян В.И. Мониторинг загрязнения окружающей среды. Учебник, Юрайт, 2016 - 397 с.3. Горшков М.В. Экологический мониторинг. Учеб. пособие / М.В. Горшков. - Владивосток: Изд-во ТГЭУ, 2010. - 313 с. 4. Тихонова И.О., Кручинина Н.Е., Десятков А.В. Экологический мониторинг водных объектов. – М.: Инфра-М, 2012. – 152 с. 5. Тихонова И.О., Тарасов В.В., Кручинина Н.Е., Экологический мониторинг атмосферы. – М.: Инфра-М, 2012. – 136 с.