Биологиялық қауіпсіздіктің негіздері

Букунова Альмира Шошановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Биологиялық ластанудан қорғану мен бейтараптау критерийлері, вирустық, инфекциялық аурулардың көздері; биологиялық қауіпсіздік жағдайын талдау, сонымен бірге қоршаған және өндірістік ортаға биологиялық жағымсыз факторлардың әсерін азайту шараларын жүзеге асыру, биотехнологияның заманауи әдістері мен олардың ерекшеліктері, тірі ағзаларға микроағзалардың әсер ету механизмі туралы ұғымдарды қалыптастырады.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазбаша емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәннің мақсаты – студенттердің кез келген инженерлік міндеттерді шешу кезіндегі қауіпсіздік басымдығының шартсыздығын терең түсінуге негізделген ойлауын қалыптастыру; биотехнологиялық кәсіпорындарда адам қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі аспектілерін зерттеу.
Міндет
  • Пән міндеттеріне студенттерді жұмыс істейтін адам мен қоршаған ортаны антропогендік және табиғи шығу тегі вирустық, жұқпалы аурулар көздерінің жағымсыз әсерінен қорғау негіздеріне, биологиялық көрсеткіштер мен қорғау тәсілдері бойынша табиғи ортаның сапасын талдау әдістеріне үйрету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Білім алушы білуі тиіс: - биологиялық өндірістің зиянды және қауіпті факторларын, олардың адам ағзасына және қоршаған табиғи ортаға әсерін, қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың қазіргі заманғы биотехнологияларын; биологиялық қауіпті объект ретіндегі биологиялық кәсіпорынның сипаттамасын, апат кезінде аса қауіпті инфекциядан қорғану тәсілдері мен әдістерін, өзіне көмек көрсету және алғашқы көмек көрсету тәсілдерін.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Бактериологиялық ластану көздерімен байланысты жұмыс жасау мүмкін болатын экономика объектілерінде қорғау жүйесінің негізгі принциптерін қолдану, биологиялық қауіпсіздіктің өндірістік және қоршаған табиғи ортасының жай-күйін талдау. Биологиялық қауіпсіздікке қатысты өндірістік және экологиялық ахуалға талдау жүргізе білу, қолайсыз жағдайларды жою және алдын алу үшін шешім қабылдау және тіршілік қауіпсіздігін ұйымдастыруды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Тіршілік әрекетінің биологиялық қауіпсіздігіне қатысты нормативтік-техникалық және нормативтік-экологиялық құжаттаманы игеру, өндірістік және қоршаған ортаны қорғау мен қорғауды қамтамасыз ету
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Өзінің өндірістік және қоғамдық қызметін кәсіби жүзеге асыру және тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы әдістер мен бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауда қолданылатын схемаларды, аспаптарды, аппараттар мен жүйелерді әзірлеу және жобалау әдістемесінде білімді жетілдіру және танымның озық ғылыми әдістері саласында білімді жетілдіру бойынша оқытуға сезімталдық және оларды өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау проблемаларын жедел шешу үшін қажетті деңгейде пайдалану
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді 1) дәстүрлі оқу қызметінің технологиялары (дәріс-семинар). 2) оқу-кәсіптік қызмет технологиясы. 3) проблемалық оқыту технологиясы. 4) дамыта оқыту технологиялары. 5) саралап оқыту технологиясы. 6) іскерлік ойын технологиясы.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Практикалық жұмысқа тапсырманы орындау 0-100
Зертханалық тапсырманы орындау
СӨЖ тақырыптары бойынша тапсырманы орындау
Дәріс материалдары бойынша тест тапсырмаларын орындау
2  рейтинг Практикалық жұмысқа тапсырманы орындау 0-100
Зертханалық тапсырманы орындау
СӨЖ тақырыптары бойынша тапсырманы орындау
Дәріс материалдары бойынша тест тапсырмаларын орындау
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Тақырып 1
  • Тақырып 2
  • Тақырып 3
  • Тақырып 4
  • Тақырып 5
  • Тақырып 6
  • Тақырып 7
  • Тақырып 8
  • Тақырып 9
  • Тақырып 10
  • Тақырып 11
  • Тақырып 12
  • Тақырып 13
  • Тақырып 14
  • Тақырып 15
Негізгі әдебиет
  • 1 Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» 2022 жылғы 21 мамырдағы № 122-VII ҚРЗ. 2 Азаматтық қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V ҚРЗ. ҚР 29.06.2021 № 58-VII өзгертулер мен түзетулермен 3 Бобков А.С., Блинов А.А., Роздин Н.А., Хабарова Е.И. Экологическая безопасность в химической промышленности – М, «Химия» -2018 г., 400 с. 4 Бесков В.С., Сафронов В.С. Основы промышленной экологии- М,, «Химия», 2019 г. 5 Зотов Б. И. Безопасность жизнедеятельности на производстве: Учебник 2-е изд., перераб. и доп. - М. : КолосС, 2014. - 432 c. 6 Панин М.С., Безель В.С. Экотоксикология – Алматы: «Раритет», -2018 – 344 с. 7 Пехов А.П. Биология с основами экологии. – Спб, 2015. – 671 с. 8 Әлмағамбетов К.Х. Биотехнология негіздері. Астана, 2016. 213 б. 9 Азаев, М. Ш. О., Дадаева, А. А., Агафонов, А. П., Ставский, Е. А., Нетёсов, С. В. Основы биологической безопасности. (2-е изд., испр. и доп. ред.) Издательский дом "Инфра-М".2020. 225с.
Қосымша әдебиеттер
  • 1 Әбілаев С.А., Қуандықов Е.Ө., Төлебаев Р.К. Медициналық биология және генетика. Москва.-2006. 450б. 2 Баев А.А. Биотехнология. –Москва.-2005.-210с. 3 Пехов А.П. Биология с основами экологии. – Спб, 2005. – 671 с. 4 Беккер М.Е., Лиепыш Г.К., Райпулис Е.П. Биотехнология. – М.: Атомиздат, 2006.-241б. 5 Максимов В.И, Ипполитова Т.В., Фомина В.Д. Основы биологии и биотехнологии – М.: Колос, 2004 г. - 168 с. 6 Мамонтов С.Г., Захаров В.Б. Общая биология. – М.: Высшая школа, 2005. – 318 с. 7 Гюнтер Э., Кемпфе Л., Либберт Э. и др. Основы общей биологии./Пер с нем. Под ред. Э.Либберта. – М.: Мир, 2006. – 440 с. 8 Аубакиров Х.Ә. Биотехнология, Алматы.- ЖШС РПБК "Дәуір", 2011. - 367 б. 9 Общая биология: Учеб. для 10-11 кл. / Д.К.Беляев, П.М.Бородин, Н.Н.Воронцов и др; Ред. Д.К.Беляев, Ред. Г.М.Дымшиц. - 2-е изд. - М. : Просвещение, 2002. - 303 c. 10 Общая биология с основами экологии: метод.указания к практ. и семинарским занятиям для студ.спец. / И.П.Каретина. - Усть-Каменогорск: 2003. - 34 c.