Төтенше жағдайлардың үдерістерін математикалық модельдеу

Тезекпаева Шынар Толегеновна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Геодинамикалық сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіп-қатерін бағалаудың математикалық модельдері. ТЖ салдарын модельдеу және болжау жүйесі. Табиғи қауіптер көздерін модельдеу. Техногендік қауіптер көздерін модельдеу. Химиялық авариялар кезінде жағдайды болжау және бағалау. Адамдар жаппай болатын объектілердің төтенше жағдайлардан қорғалуын математикалық модельдеу. Халықты қорғау үшін есептік міндеттерді қолдану және типтік бағдарламаның құрылымы.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Математикалық үлгілерді, тиімді алгоритмдерді, ақпараттық технологияларды түрлі салалардың қолданбалы есептерін шешуде қолдануға студенттерді дайындау;
  • Студенттерді өндірістік және технологиялық үдерістер үшін математикалық және компьютерлік модельдерді әзірлеудің жобалық қызметіне дайындау.
Міндет
  • Студенттердің математикалық модельдеу негіздеріне қатысты терең білімдерін, және бұл білімдерін математикалық әдістер мен компьютерлік программаларды қолдана отырып нақты есептерді шешуде және талдауда қолдану іскерліктерін қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Математикалық және компьютерлік моделдеу негіздерін білу;
  • Түрлі салаларда компьютерлік және математикалық модельдеуге байланысты ғылыми зерттеу методологиясының негіздерін білу;
  • Математикалық моделбдеудің негізгі критерийлерін білу және олардың көмегімен түрлі нысандардың математикалық моделін құра алу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Математикалық модельдеу саласындағы білім негіздерін математикалық әдістер мен компьютерлік программаларды қолдана отырып, нақты есептерді шешуде қолдана алу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Зерттелетін үдеріс және құбылыс туралы түсінікті қалыптастыру;
  • Студенттердің ойлау қабілетін дамыту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Топта жұмыс істей алу қабілеттілігі, өз көзқарасын дұрыс қорғай алу, жаңа шешімдер ұсына білу;
  • Өндірістік және технологиялық үдерістер үшін қолданылатын заманауи математикалық және компьютерлік модельдерді талдаудағы жобалық қызметке даярлау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіптік қызметінде және білімін магистратурада жалғастыруға қажетті жаңа білімдер алу дағдыларының болуы
  • Кәсіптік және тұлғалық қасиеттерді дамытуға талпыну
Оқыту әдістері

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы;

Жобалау технологиясы;

Интеграцияланған оқыту технологиясы;

Деңгейлерді саралау технологиялары;

Топтық технологиялар; - дәстүрлі технологиялар (дәріс, зертханалық сабақтар)

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Зертханалық жұмыс 1 0-100
Зертханалық жұмыс 2
Зертханалық жұмыс 3
Аралық бақылау 1
2  рейтинг Зертханалық жұмыс 4 0-100
Зертханалық жұмыс 5
Зертханалық жұмыс 6
Аралық бақылау 2
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Жүйелік талдаудың негіздері және күрделі жүйелер мен процестерді модельдеу
  • Геодинамикалық сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіп-қатерін бағалаудың математикалық модельдері
  • ТЖ салдарын модельдеу және болжау жүйесі
  • Табиғи қауіптер көздерін модельдеу
  • Техногендік қауіптер көздерін модельдеу
  • Химиялық авариялар кезінде жағдайды болжау және бағалау
  • Адамдар жаппай болатын объектілердің төтенше жағдайлардан қорғалуын математикалық модельдеу
  • Халықты қорғау үшін есептік міндеттерді қолдану және типтік бағдарламаның құрылымы
Негізгі әдебиет
  • Басқару шешімдерін компьютерде даярлау (болжау және жоспарлау) : оқулық / Қ. А. Ахметов, Р. А. Асаев ; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. - Алматы : Бастау , 2012
  • Компьютермен модельдеу негіздері : оқулық / Д. Н. Шукаев ; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. - Алматы : ЖШС "Дәуір", 2011.
  • MS Excel-де бизнес-шешімдер қабылдау. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының техникалық, аграрлық, инженерлік және экономикалық бағыттағы мамандықтарына арналған оқулық / 2 басылым. / Ахметов Қ.А. – Алматы: «Бастау» баспасы, 2011
Қосымша әдебиеттер
  • Пытьев Ю. П. Методы математического моделирования измерительно-вычислительных систем. – М.: Физматлит, 2012.