13 шілде Ұлттық аза тұту күні

Мәдениеттану

Сипаттама: ХХ ғасырда гуманитарлық теория адамның және оның өмірлік құбылыстары, ең алдымен мәдениетті жан-жақты зертеуін қажет етті. Жергілікті әртүрлілікті тез арада кеңейтетін элемент ретінде ұлттық ерекшеліктің өсуі мәдениеттер бағыныштылығының жаңа тұжырымдамасын туғызды. Қоғамның жаңа түрінде мәдениетті басқару шешімдеріне негізделген мемлекеттік саясаттың саласы ретінде жүйелі түрде талдауды қажеттілігі қалыптастасуда.

Кредиттер саны: 2

Компонент: Міндетті компонент

Цикл: Жалпы білімдік пәндер

Мақсат
  • «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу мәнмәтінінде білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру.
Міндет
  • - студенттердің мәдени ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игеру; - мәдени білімді кәсіптік қызметте пайдалану дағдыларын үйрету; - сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану мүмкіндігі.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • - талдау кезінде мәдениеттанудың негізгі әдістерің жүйелік түсінікті көрсету;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • - алынған мәдениеттанулық біліміне сүйене отырып өз ұсыныстар мен дағдылар ретіңде түсіндіру;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • - Ел, аймақ, қала және т. б. деңгейінде болып жатқан мәдени процестерді сын тұрғысынан талдау, бағалау және синтездеу; - қазақстандық қоғамда жаңарудағы мәдени институттардың мәнмәтінінде олардың рӛлінің ерекшеліктеріне талдау жасай алу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • - коммуникативтік міндеттерді шешу үшін заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды қолдану.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • - кәсіби әлеуметтегі, сонымен қатар, қоғамдағы шиеленістерді шешуде бағдарламалар жасай алу; - әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дұрыс білдіре және дәлелді түрде қорғай білу.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Мәдениет морфологиясы. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігі. Мәдениетті аксиологиялық, өркениеттік, құрылымдық, антропологиялық, экономикалық түсіндіру. Мәдениет морфологиясы: мәдениеттің кеңістігі мен уақыты, мәдениеттің негізгі бөлшектері мен паттерндері. Мәдениетке диахронды және синхронды ыңғайлар. Мәдениет кеңістігінің ерекшелігі. Архаикалық мәдениеттің негізгі өлшемдері мен отырықшы және көшпелі мәдениеттер арасындағы бөлінгіштік (дихотомиялар). Материалдық және рухани мәдениет. Мәдени формалар мен артефактілердің олардың әлеуметтік, тарихи, географиялық бөлінуіне қарай өзгеруі. Мәдениет белгілер мен мәндер әлемі ретінде. Мәдениетті ақпараттық- семиотикалық түсіну. Мәдениет артефактілер әлемі ретінде. Мәдениет мағыналар әлемі ретінде. Мағыналардың түрлері. Мәдениет белгілер әлемі ретінде. Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы. Белгілер мен белгілер жүйесінің негізгі типтері. Табиғи белгілер. Қызметтік белгілер. Иконалық белгілер. Вербалды-белгілік жүйелер – табиғи шынайы тілдер. Тіл – қарым-қатынас және мәдениетті тарату тәсілі ретінде. Тіл және ойлау. Тілдің когнитивті қызметтері. Сепир-Уорф гипотезасы.
  • Мәдениет тілі түсінігі. Мәдениет тілі мәдениет болмысының тәсілі ретінде. Әлемнің тілдік бейнесі. Мәдениет тілі белгілер жүйесі ретінде. Мәдениет тілі семиотикалық жүйе ретінде. Жасанды тілдер және олардың мәдениет дамуындағы рөлі. Сандық мәдениет тілі. Тілдердің әлеуметтік-мәдени дифференциациясы (бөлінуі). Қазақ тілі және оның тұлғаның мәдени-этникалық бірегейленуіндегі рөлі. Қазақ тілінің мәдени кеңістігі. Қазақ тілінің коммуникативтік қызметтері. Жалпы қабылданған тілдік нормалар. Ұлттың мәдени кодының сақталуындағы қазақ тілінің рөлі.
  • Мәдениет семиотикасы. Мәдениетті зерттеулерге құрылымдық, семиотикалық ыңғайлар. Мәдени код. Мәдени код түсінігі. Ұлттық мәдениеттің мәдени кодының қайталанбайтындығы. Мәдениет этосы. Этос және мәдениет коды. Жаһандық мәдени код типтері: жазуға дейінгі (дәстүрлі), жазбаша (кітаптық) және экрандық, сандық. Бұқаралық мәдениет коды. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінің коды. Қазақстандық мәдениет коды. Конвенционалды белгілер. Мәдениет рәмізі түсінігі. Мәдениеттің негізгі рәміздері. Мәдениеттің рәміздері мен архетиптері. Сақ және скиф мәдениетінің рәміздері. Материалдық мәдениеттегі ғұндардың рәміздері мен белгілері. Қазақ және түркі мәдениеттің рәміздері мен архетиптері. Заманауи қазақстандық мәдениет рәміздері. Миф рәміздері. Антикалық мифтер рәміздері. Шығыс мифтері рәміздері. Сақ мәдениеті мен мифтері рәміздері. Түркі мифтері рәміздері. Қазақ мифтері рәміздері. Дін рәміздері. Зороастризм рәміздері. Тәңіршілдік рәміздері. Буддизм рәміздері. Индуизм рәміздері. Иудаизм рәміздері. Христиандық рәміздері. Ислам рәміздері. Өнердегі рәміз. Көркем өнер рәміздері. Сәулет өнеріндегі рәміздер. Музыкадағы рәміздер. Би және балет рәміздері. Саясаттағы рәміздер. Мемлекеттік-саяси рәміздер. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-саяси рәміздері. Ғылым мен техниканың негізгі рәміздері.
  • Мәдениет анатомиясы. Мәдениет кеңістігі. Мәдениеттің үшөлшемді моделі. Мәдени формалар. Мәдени кеңістік құрылымы: парадигмалар, мәдениеттің бет-бейнесі, мәдени сценарийлер. Белдеулік мәдени формалар: когнитивті парадигмалар, құндылықтық парадигмалар, реттеуші парадигмалар. Мәдениет формалары: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, техника. Рухани мәдениет. Рухани мәдениет типтері. Технологиялық мәдениет. Техниканың мәні.
  • Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті. Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мәдениет: материалдық мәдениет ескерткіштері. Материалдық («технологиялық») мәдениеттің негізгі жетістіктері. Ежелгі әлемнің техникалық жетістіктерінің негізгі ескерткіштері. Көшпелілік (номадизм) мәдениет типі ретінде. Көшпелілік (номадизм). концепциялары. Көшпелілік мәдениет типологиясы. Көшпелілік түрлері мен жіктеу (көшпелілер мәдениеті). Еуразиялық кеңістік көшпелілері мәдениетінің негізгі белгілері. Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті: салт-дәстүрлері, культтері, наным-сенімдері, салт-дәстүрлері. Аңызға айналған кейіпкерлердің бейнелері. Көшпелілік мәдениеттегі кеңістік пен уақыт.
  • Арғытүркілердің мәдени мұрасы. Номадтық мәдениетті дамытудағы арғытүркілердің кезеңі. Ғұндардың көшпелілік мәдениеті. Үйсін мен қаңлылар мәдениеті. Ежелгі түркі өркениеті және оның ерекшеліктері. Ежелгі түркілердің космогониясы мен мифологиясы. Ата-баба культы. Тәңіршілдік. Ежелгі түркілердің руна жазуы. Түркі жазуы. Түркі жазуының түрлері: соғдылық, брахми, манихейлік, ұйғыр. Түркі қағанатының мемлекеттік жазуы. Руна жазуы. Ежелгі түркілік өркениеттер мен жетістіктер.
  • Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті. Жібек жолы: Қазақстан – Шығыс пен Батысты байланыстырушы ретінде. Орталық Азия аймағындағы мәдениеттер Ортағасырдағы түркі мәдениеті. Философия мен ортағасырлық ғылымның дамуы. Ортағасыр мәдениеті мен ғылымының қалыптасуындағы әл-Фарабидің үлесі. Математиканың дамуы. Өнер, әдебиет, сәулет өнері, техниканың дамуы. Ортағасырлардағы Қазақстан мен Орталық Азиядағы білім. Хорезми ұлы ортағасырлық ғалым- математик. Әбу Рейхан Бируни және Ғалам. Әбу Рейхан Бируни математик және мәдениет тарихшысы ретінде. Әбу Әли ибн Сина. Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар. Орталық Азиядағы қалалық мәдениеттің гүлденуі.
  • Түркілердің мәдени мұрасы. Қарахан кезеңіндегі мәдениет. Қарахандар кезеңінің материалдық, қалалық мәдениеті. Материалдық мәдениет ескерткіштері. Әл-Қашқари және оның түркі әдебиеті мен тілінің қалыптасуындағы рөлі. Жүсіп Баласағұн және оның «Құтты білік» еңбегі. Ахмед Үйгінеки, Сулеймен Бақырғани және олардың түркі мәдениетіне қосқан үлестері. Қазақстанда исламның таралуы. Ортағасырлық түркі мәдениетінің ерекшелігі: ислам және номадизм. Моңғолдық кезең және ортағасырлық Қазақстандағы түркі халықтары мәдениетінің дамуына ықпалы. Алтын Орда кезеңінің мәдениеті. Материалдық және рухани мәдениет. Рухани құндылықтар. Өнер. Діни наным-сенімдер. Салт-дәстүрлер. Атын Орданың негізгі технологиялық жетістіктері. Ақсақ Темір кезеңіндегі мәдениет. Сәулет өнері. Өнер және сәулет өнері. Миниатюра. Фреска өнері. Ұлықбек (Мұхаммед Тарағай) астрономия ғылымының дамуы. Математиканың дамуы. Ұлықбек обсерваториясы.
  • Қазақ мәдениетінің қалыптасуы. Қазақ халқының мифтері мен аңыздары. ның мифтері мен аңыздары. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуы. Халықтық поэзия формалары. Ақын-жыраулардың музыкалық шығармашылығы. Халық ауыз шығармашылығындағы агон. Қазақ даласының шешендері. Мәдени құндылықтар және батырлар этикасы.
  • XVIII ғ. – ХIХ ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті. Қазақ Ағартушылығы феномені. Ш. Уәлиханов және оның шығармашылығы. Абай ұлы қазақ ақыны және ойшылы ретінде. Ы. Алтынсарин көрнекті ағартушы және педагог ретінде. Құрманғазы, Тәттімбет, Жаяу Мұса және т.б. музыкалық шығармашылығы. Қазақ мәдениетіндегі «Зар заман» феномені.Қазақтың қоғамдық ойы және XIX-XX ғғ. аралығында қазақ әдебиетіндегі негізгі бағыттар.
  • ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті. Кеңестік кезеңдегі қазақ мәдениеті. Тоталитарлық-әкімшілік жүйе және ұлттық мәдениет. Қазақстандық ғылымның, білім және мәдениет институттарының қалыптасуы мен дамуы. Қазақ өнерінің дамуы: кескіндеме, мүсін, сәулет өнері, опера, балет, музыка, ХХ ғ. драматургиясы. ХХ ғ. Қазақстан әдебиеті. Қазақ киносының қалыптасуы мен дамуы. ХХ ғ. Қазақстандағы гуманитарлық ғылым. Қазақ мәдениетінің дамуындағы зиялы қауымның шығармашылық үлесі.
  • Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті. Жаһандану және этно-аймақтық мәдениеттердің өзін-өзі бірегейлендіру мәселесі. Қазіргі Қазақстанның мульти-мәдени кеңістігіндегі қазақ мәдениетінің орны. Заманауи қазақ мәдениетіндегі рухани дәстүрлер мен жаңашылдық үдерістер. Қазақстанның қазіргі өнеріндегі негізгі үрдістер мен бағыттар. Қазақ мәдениетінің іздерін (паттерн) сақтау, қазақ тілін дамыту мен оның мәдени кеңістігін кеңейту, қазақ халқының рухани құндылықтарын сақтау мен ұлықтаудағы гуманитарлық зиялы қауымның рөлі. Заманауи қазақ өнерінің негізгі жанрлары: әдебиет, кескіндеме, театр, сәулет өнері, музыка, кино, телеведение. Дәстүрлі қазақ және заманауи қазақ мәдениеті. Қазақ халқының мәдени коды. Қазақ ұлттық мәдени кодын сақтау мәселесі. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің рухани құндылығы және Қазақстан жағдайындағы батыс құндылықтарының сіңіру мәселелері.
  • Жаһандану аясындағы қазақ мәдениеті. Жаһандану жағдайындағы қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау мәселесі. Қазақстан мұражайлары және олардың мәдени мұраны сақтаудағы рөлі. Қазақстанның мәдени және табиғи ескерткіштер жобасын жүзеге асыру. Жаңа мәдени парадигмалар мен жаңа рухани бағдарлар. мәдени институттардың рөлі. Қазақстандағы мульти-медиа-мәдениеттің алыптасуы мен дамуы.
  • Қазақстанның мәдени саясаты. Мәдени саясат ұстанымдары: «ҚР Мәдениет туралы заңы». Қазақстандағы мәдени реформалардың негізгі ұстанымдары. Мәдени саясаттың қазақстандық моделі. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының қалыптасуы көпұлтты және поликонфессионалды азақстандық қоғам мен оның мәдени қорының бірігуі ретінде. Қазақстан Халқы Ассамблеясы және оның қазақстандық қоғамның мәдени шығармашылығындағы рөлі.
  • «Мәдени мұра» Мемлекеттік Бағдарламасы мәдени саясат саласы ретінде. Жергілікті тарихты қарастыру, мәдени-тарихи ескерткіштерді және жергілікті, аймақтық көлемдегі мәдени объектілерді қалпына келтіру мен сақтаудағы мұражай, білім беру мекемелері мен ұйымдарының рөлі. Табиғи ескерткіштерді жасау мен сақтау бағдарламасы Қазақстанның мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде. Мәдени мұра бағдарламаларының дамуындағы ЮНЕСКО халықаралық ұйымдарының рөлі. Мәдени туризмнің дамуы және оның «Туған ел», «Қазақстанның сакральды географиясы», «Жаһанданған әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет», «Сандық Қазақстан» жобаларының қалыптасуы мен жүзеге асырылуындағы рөлі.
Негізгі әдебиет
  • 1. Назарбаев Н.А. «НА пороге ХХI века». – Астана, 2016 2. Назарбаев Н.А. «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания». – Астана, Ак Орда, 2017 / http://www.akorda.kz/ru 3. Назарбаев Н.А. «Взгляд в будущее». – Астана, 2017. Основная: 1. «Аль-Фараби социально-этические трактаты». – Алма-Ата, 1972. 2. Баласагуни Ю. «Благодатное знание / пер. С.Н. Иванова». – М., 1983. 3. Бейсенова Г.А. «Проблемы глобализации и идентичности» – А., Print, 2009. 4. Бейсенова Г.А. «Проблемы образовательного знания в диспозитиве культуры». – Алматы: Искандер, 2005. 5. Барнард Алан. «Антропология тарихы мен теориясы»/пер. на каз.яз. Под руков. Кульсариева А.Т., Масалимова А.Р. – А., 2017.
Қосымша әдебиеттер
  • 7. «Всеобщая история живописи». – М., ЭКСМО, 2010. 8. Ғабитов Т.Х. «Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы». – Алматы: Қазақ университеті, 2016. 9. Габитов Т.Х. «Казахи: Опыт культурологического анализа». – Saarbrücken: Germany Academic Publishing GmbH & Co. Кg lap lambert. - Heinrich-Böcking-Str. 6-8, 66121. - KG LAP LAMBERT, ГЕРМАНИЯ, 2012. 10. Габитов Т.Х., Абдигалиева Г.К., Исмагамбетова З.Н. «Философия культуры»: Учебник для студентов вузов и колледжей. – Алматы: Эверо, 2013 11. Ғабитов Т.Х., Затов Қ. «Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі». - Алматы: Раритет, 2013. 12. Габитов Т.Х., Муталипов Ж., Кулсариева А. «Культурология». - Алматы, Раритет, 2008. 13. Tursun Gabitov. «Actual Problems of Kazakh Culture. Kazakh Culture Challenges». - Саарбрюкен: Ламберт. - Publishing, 2016. 14. «Древние цивилизации». - М., 2009. 15. Жолдубаева А.К. «Культурология: практикум». - Алматы: Казну им.аль-Фараби, 2014. 16. «История культурологии под ред. Огурцова А.П». - М., Гардарики, 2006. 17. Каиржанова А. Palaeoturcica. «Мир древних тюрков». – Алматы, 1999. 18. Карабаева А.Г. «Эпистемологические этюды». – Монография. - А., Қазак университеті, 2016. 19. Кондыбаев С. Введение в казахскую мифологию. – Алматы. 1999. 20. Курмангалиева Г.К., Нысанбаев А.Н., Соловьева Г.Г., Сейтахметова Л.Н. «Наследие аль-Фараби и современная философия взаимопонимания». – Алматы. 2011. 21. Малов С.Е. «Памятники древнетюркской письменности». – М-Л, 1951. 22. Маргулан А. «Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана». - Алма-Ата, 1979. 23. Масалимова А.Р. «Культура и цивилизация». – А., 2005. 24. Махмуд аль-Кашгари «Дивани Лугат ат-Турк» / М. Ауэзова. – Алматы, 2005. 25. Мирзабекова А.Ш. «Проблема культурной идентичности в социальной философии». – Караганды: Болашак-Баспа, 2006. 26. «Мир ценностей аль-Фараби и аксиология ХХI века». Книга.2. – Алматы, 2006. 27. Молдабеков Ж.Ж. «Қазақтану». - Алматы, 2015. 28. Молтобарова К.И. «Мәдениеттану». - А, 2018. 29. «Наследие аль-Фараби и формирование нового интегрального мировоззрения.коллективная монография»./ под общей редакцией З.К. Шаукенова. – Алматы: 2012. 30. Никонов А.Ю. «Алутун билиг. Тенгрианство». – Алматы. 2000. 31. Нуржанов Б.Г., Ержанова А.М. «Культурология». - Алматы, 2011. 32. Нуржанов Б.Г. «Модерн. Постмодерн. Культура». – Алматы, 2012. 33. Раев Д.С. «Влияние тюркской цивилизации на средневековую европейскую культуру»//Известия Казахского университета международных отношении и мировых языков имени Абылай хана, №4 (26), 2016. (с.13-21). 33. Юрий Лотман “Semiosphera” , Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. 34. Янсон Торе “The history of Language” , Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. 35. Гомбрих Эрнст “The History of Art” , Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. 36. Клаус Шваб «Төртінші индустриялық революция» (The Fourth Industrial Revolution). – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 200 б. 37. Светлана Тер-Минасова «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» (Язык и межкультурная коммуникация). – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 320 б. 38. Патрисия Уоллейс «Интернет психологиясы», (Psychology the internet) Алматы, 2019, - 392 б. 39. Пинкер Стивен «Тіл – инстинкт», (The Language instinct), Алматы, 2019 – 576 б. 40. Ли Энн Пек, Гай С. Рил “Media etics at works”, Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. Саид Эдуард Уади “Orientalism”