Технологии финансового анализа

Сипаттама: Курс қаржы-шаруашылық қызметті талдау мен ұйымдастырудың әдістемелік және практикалық тәсілдерінің дамуымен, кәсіпорынның қызмет етуін жетілдіру, дамыту және тиімділігін арттыру бойынша басқару шешімдерін қабылдау кезінде оны пайдалану мүмкіндіктерін бағалаумен таныстырады. Курс басқару шешімдерін қабылдау және жоспарларды әзірлеу кезінде пайдаланушылардың әртүрлі топтарына қажетті тиімді басқару құралы ретінде талдау мүмкіндігін ашады.

Кредиттер саны: 6

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәннің мақсаты - магистранттардың кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау саласындағы қажетті құзыреттіліктері мен басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржылық талдау нәтижелерін қолдану дағдыларын меңгеруі.
Міндет
  • қаржылық есептілікті талдауды жүргізудің сипаты мен ерекшелігін зерттеу
  • ұйымның қаржылық жағдайын бағалау технологиясын оқып үйрену;
  • қаржылық қызмет түрлерін талдау технологиясын зерделеу: өтімділікті талдау, қаржылық тұрақтылықты, іскерлік және нарықтық белсенділікті талдау
  • ұйымның қаржылық жағдайын болжаудың әдіснамалық технологияларымен танысу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • қаржылық есептіліктің мазмұны және оның қаржылық талдаудағы рөлі; - ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін талдау кезінде қолданылатын негізгі ұғымдардың мәні; - қаржылық есептілікті талдау технологиялары; - баланстың қанағаттанарлықсыз құрылымын талдау; - қаржылық тұрақтылықты, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және өтімділігін талдаумен бірге жүретін аналитикалық міндеттер; - қаржылық нәтижелерді талдау.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • қаржылық талдаудың әр түрлі технологияларын қолдануға байланысты есептеулер жүргізу мүмкіндігі; қаржылық талдау кезінде алынған нәтижелерге экономикалық түсініктеме беру және оларды кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды жасау үшін пайдалану мүмкіндігі. бизнес тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығы тұрғысынан талдау және бағалау ; бизнес қатысушыларының көзқарасы бойынша талдау жүргізу мүмкіндігі.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ұйымның қаржылық есебін талдау логикасын түсіну және қаржылық талдау нәтижелерін адекватты бағалау және шаруашылық субъектісінің тиімділігін арттыру үшін тұжырымдар мен ұсыныстар қалыптастыру мүмкіндігі
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • ғылыми зерттеулер жүргізуге және университетте «Қаржылық талдау технологиясы» пәнін оқытуға мүмкіндік беретін кәсіби деңгейде шет тілдерін еркін меңгеру; кәсіби қарым-қатынас дағдыларының болуы, өз ойларын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және қисынды түрде құрастыру заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды есеп процесінде және аудит барысында коммуникативтік міндеттерді шешуде қолдана алады
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • заманауи ақпараттық технологияларды тарта отырып, ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыстар жүргізу мүмкіндігі; күнделікті кәсіби қызметке және докторантурада үздіксіз білім алуға қажетті білімді кеңейту және тереңдету дағдыларының болуы.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Қаржылық талдаудың мазмұны және оның қаржылық менеджмент жүйесіндегі орны. Қаржылық талдаудың мәні, оның мақсаттары мен міндеттері. Талдау функциялары
  • Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы. Қаржылық талдау жүргізу үшін ақпарат көздері. Кәсіпорынның қаржылық есептілігі. Қаржылық есептілік элементтері арасындағы өзара байланыс.
  • Қаржылық талдау әдістемесі. Көлденең және тік талдау. Трендті талдау. Коэффициентті талдау. Факторлық талдау.
  • Қанағаттанарлықсыз теңгерім құрылымын талдау. Экспресс талдаудың мәні және оның мақсаты. Экспресс талдау әдістемесі.
  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайын іргелі бағалау. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау: мақсаты, әдістері, қолданылатын көрсеткіштер. Қаржылық тұрақтылықты талдау: меншікті және қарыз қаражаттары арасындағы қатынасты сипаттайтын көрсеткіштер; негізгі құралдарды пайдалану көрсеткіштері; айналым капиталын пайдалану көрсеткіштері.
  • Басқару тұрғысынан талдау әдістемесі. Талдаудың мақсаттары. Талдау әдістемесі. Ағымдағы операциялық қызметті және олардың тиімділігін талдау.
  • Кәсіп иелерінің мүдделеріне талдау. Талдаудың мақсаты бизнес иелерінің мүдделеріне сәйкес келеді. Бизнес иелері тұрғысынан талдау әдісі.
  • Кредиторларға арналған талдау әдістемесі. Талдаудың мақсаттары. Кредиторлардың мүдделеріне талдау әдісі.
  • Уақыт факторына негізделген ақша ағындарын талдау. Ақша ағындарының түрлері. Уақыт факторына негізделген ақша ағындарын талдау. Ақша ағындарын дисконттау.
  • Рейтингтік талдау. Рейтинг саны. Рейтингтт бағалау үшін қолданылатын көрсеткіштер. Көп деңгейлі рейтингтік талдау әдістемесі. Скорингтік талдау негізінде қаржылық тұрақтылықты кешенді бағалау. Дискриминациялық факторлар үлгілері.
  • Қаржыландырудың әртүрлі нұсқаларын талдау. Талдаудың мақсаттары. Қаржыландыру түрлері. Қаржыландырудың ең тиімді нұсқасын таңдаудағы әдістемелік тәсілдер. Капитал құрылымын оңтайландыру критерийлері.
  • CVP талдау. Талдаудың мақсаттары мен мүмкіндіктері. CVP талдауда қолданылатын болжамдар. Залалсыздықты талдаудың графикалық интерпретациясы. Сезімталдықты талдау.
  • Дағдарысты басқару контекстіндегі талдау. Банкроттық белгілері. Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайын бағалау тәсілдері. Банкроттықтың ықтималдығын бағалауда қолданылатын талдау әдістері
Негізгі әдебиет
  • Ковалев В.В. Основы теории финансового менеджмента [Электронный ресурс] : учеб.-практ. пособие / В.В. Ковалев .— М. : Проспект, 2015 .— 533 с..— Режим доступа: https://rucont.ru/efd/632995.
  • Методика финансового анализа деятельности коммерческих организаций / А.Д. Шеремет, Е.В. Негашев. - 2-e изд., перераб. и доп. - М.: ИНФРА-М, 2019. - 208 с. - Режим доступа: http://znanium.com/catalog/product/144896.
  • Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. - 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Инфра-М, 2009. - 536 с.
  • Куур О.В., Костырко Р.А. Техника финансового анализа в контексте антикризисного управления предприятием: Учебное пособие. – Усть-Каменогорск: ТОО «ВКПК Арго», 2019. - 167 с.
  • Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами.- Алматы: Экономика, 2009. – 366 с.
  • Заманбеков Ш.З. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау. – Алматы: Экономика, 2016. – 220 б.
  • Әбленов Д. О. Қаржылық есептегі талдау концепциялары: Оқулық / ред. басқарған Н. Қ. Мамыров. – Алматы: Экономика, 2015. – 268 б.
  • Демесинов Т.Ж. Қаржылық талдау. - Алматы: Дәуір, 2011. – 320 б.
Қосымша әдебиеттер
  • Журнал «Аудит и финансовый анализ» за 2017- 2019 г.г.
  • Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. - 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Инфра-М, 2009. - 536 с.
  • Теория экономического анализа: учебник / А.Д. Шеремет, А.Н. Хорин. — 4-е изд., доп. — М.: ИНФРА-М, 2019. — 389 с.
  • «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептемелер туралы» ҚР Заңы, 2007 жылдың 28 ақпаны, № 234 – III (2018 ж. өзгертулер мен толықтырулармен).
  • Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (2018 ж. редакциясы) // www.minfin.kz
  • Ұлттық қаржылық есептіліктің стандарты: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы, 31.01.2013 ж., № 50 (2018 ж. өзгертулер мен толықтырулармен).