Геодезия

Сипаттама: Пәнді оқу барысында студенттер қазіргі заманғы геодезиялық жабдықтарды (топографиялық карталар (жоспарларды) жасау үшін топографиялық түсірулер, жоспарлы және биіктік түсірілім негіздемесін құру, геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу, топографиялық карталар, жоспарларда есептерді шешу) қолдана отырып, инженерлік құрылыстарды жобалау, салу және пайдалану кезінде қажетті геодезиялық жұмыстар кешенін орындау дағдылары мен біліктерін меңгереді.

Кредиттер саны: 3

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттерге түсініктер беру керек. - топографиялық негізді құру, іздестіру кезіндегі орындалатын, құрылыстар мен ғимараттарды салу және жобалаудағы орындалатын топографиялық-геодезиялық жұмыстардың құрамы мен мазмұны туралы; - жобаны жер бетіне шығару; - әртүрлі инженерлік объектілерді құрылысы кезіндегі геодезиялық өндірістің әдістері (құрылыстар, автомобиль жолдары, гидротехникалық құрылыстар, көпірлер, құбырлар).
Міндет
  • Студент білу керек: әртүрлі инженерлік объектілердің (құрылыстар, автомобиль жолдары, гидротехникалық құрылыстар, көпірлер, құбырлар) құрылысы мен жобалауын қамтамасыз етудегі геодезиялық жұмыстардың технологиясы мен құрамын.
  • Студент істей білуі қажет: - топографиялық картаны еркін оқи және ондағы негізгі есептерді графикалық және есептеу сипатында шешу; - геодезиялық аспаптар мен инструменттердің көмегімен жобалық және құрылыстық есептерді шешуге байланысты қиын емес геодезиялық өлшеулер мен жұмыстарды өз бетімен орындау; - өлшеулердің математикалық өңдеуін жүргізу (координаталар ведомосін, түзу және қисық ведомосін есептеу, тахеометриялық түсірістің журналын, техникалық нивелирлеу журналын өңдеу); - өлшеудіңқорытындысын графикалық рәсімдеу (топографиялық план, бойлық және көлденең қималарды салу, жер жұмыстарының картограммасының жазық және тік жобалау планы).
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауды спецификасын білу;
  • геодезиялық өлшеулер үшін қолданылатын геодезиялық аспаптар мен инструменттер, олардың қорытындыларын математикалық өңдеу, сондай-ақ топографиялық карталар (пландар) құру әдістері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Экономикада заманауи технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдануды қамтамасыз етіп, геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстар кезіндегі геодезиялық жұмыстардың заманауи тәсілдері мен әдістерін қолдануды білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Әртүрлі геодезиялық өлшеулер және оларды қолдану жағдайларының өндірісіндегі тәсілдері туралы қорытынды жасау, ақпаратты талдау қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • кешенді мәселелерді шешу кезінде жеке және жауапкершілікті бөле отырып командамен жұмыс істеу қабілеттілігі;
  • коллективте ұйымдастыру-басқару функцияларын орындауға қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Геодезиялық аспаптар және инструментермен жұмыс істеу дағдылары.
  • Геодезиялық техникалық құжаттарды құруға дайындау.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе лекция. Геодезия пәні тұралы жалпы ақпарат. Ғылымның қысқаша тарихы. Жердің пішіні мен өлшемі. Геоид
  • Геодезиядағы координаталар жүйелері. Картографиялық проекциялар. Гаусс-Крюгердің тікбұрышты координаталар жүйесі.
  • Топографиялық карталар мен пландар. Жазықтықтағы көріністің масштабы. Масштаб дәлдігі. Шартты белгілер.
  • Жергілікті-жердегі түзулердің бағытталуы.
  • Жер бедері. Жер бедерінің пішіндері. Жер бедерін салу әдістері.
  • Геодезиялық өлшемдер және қателіктер. Геодезиядағы өлшем шамалары. Геодезиялық өлшеу әдістері тұралы түсінік. Абсолюттік қателік. Салыстырмалы қателік. Шекті қателік
  • Теодолиттер. Теодолит түрлері және топтамалары. Теодолит құрылысы. Тексеру мен жөндеу
  • Теодолиттік жүрістер. Теодолит жүрісінің материалдарын өңдеу. Тура және кері геодезиялық есептер.
  • Тахеометриялық түсіріс. Тахеометриялық түсіріс станциясында жұмыс жүргізу. Абрис. Топографиялық план құру
  • Нивелир. Нивелир түрлері мен топтамалары.
  • Нивелирлеу. Нивелирлеу түрлері. Геометриялық нивелирлеу материалдарын өңдеу.
  • Жер бедерін нивелирлеу. Квадраттар бойынша нивелирлеу. Еңіс алаңдарды жобалау.
  • Тегіс алаңдарды жобалау. Жер жұмыстарының картограммасы. Жер жұмыстарының көлемін өлшеу.
  • Геодезиялық торлар. Геодезиялық торларды құру принциптері.Геодезиялық торлар түрлері мен оларды құру әдістері.
  • Геодезиялық бөлу жұмыстары. Бөлу жұмыстарының дәлдігі мен кезеңдері. Бөлу жұмыстарының геодезиялық негіздері.
Негізгі әдебиет
  • Юнусов А.Г., Беликов А.Б., Баранов В.Н., Каширкин Ю.Ю. Геодезия. – М.: Академический Проект; Гаудеамус, 2011
  • Попов В.Н., Чекалин С.И. Геодезия. – М.: «Горная книга», 2007
  • Атрошко Е.К., Иванова М.М., Марендич В.Б. Геодезия в промышленном и гражданском строительстве. – Гомель: БелГУТ, 2009
  • Михаленко Е.Б., Загрядская Н.Н., Беляев Н.Д. Инженерная геодезия. Решение основных инженерных задач на планах и картах. – СПб.: Изд-во Политехн. ун-та, 2006
Қосымша әдебиеттер
  • Михелев Д.Ш. Инженерная геодезия. – М.: ACADEMA, 2004