Инженерная механика

Сипаттама: Физика-математика пәндері қатарына жататын инженерлік механика пәні көптеген сала бойынша инженерлік мамандар даярлауда елеулі үлес қосады. Ол – материалдар кедергісі, серпімді және пластикалық деформациялар теориясы, құрылыстық механика, т.б. механика салаларының заңдары мен принциптеріне сүйенеді. “Инженерлік механика” пәнi әр түрлi ғимараттардың көпшiлiгiне ортақ жалпыланған элементтерiнiң өз қызметiн сенiмдi және тиiмдi атқаруына байланысты мәселелердi шешумен айналысады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • «Инженерлік механика» пәнің игерудің мақсаты – жаратылыстану және инженерлік механика саласындағы іргелі білімі бар мамандарды инженерлік және құрылыс саласындағы жұмыс үшін дайындау
Міндет
  • табиғатта және технологияда математикалық модельдер құру дағдыларын игеру және табылған шешімдерге аналитикалық талдау жасау; - ғимараттар мен құрылыстардың элементтерін беріктікке, қатаңдылыққа және орнықтылыққа есептеу; - құрылымдық материалдардың механикалық қасиеттерін зерттеу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Инженерлік қызметтің теориялық негіздерінің жағдайы мен даму перспективалары, осы пәннің инженерлік практикадағы маңызы
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Бұралу кезінде иілуді есептеудің әдістері, құрылымдық элементтердегі ішкі күштерді, кернеулер, деформациялар мен орын ауыстыруларды анықтайтын мысалдарды қолдана отырып, статикалық анықталмаған есептерді есептеу әдістері.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Әр оқушыдан өз мамандығы бойынша қалыптасқан пікірі болуы қажет
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Сөйлесулер жүргізіп - кез-келген тілде диалог құрып, сөйлеу этикетінің ережелерін қолдану
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Нақты өндірістік жағдайда технологиялар мен бұйымдар мен конструкциялар материалдарының қасиеттерін оңтайландыру бағыттарын таңдау қағидаттарын қалыптастыру
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Статиканың негізгі ұғымдары. Күш, күштер жүйесі. Статика аксиомалары. Күштің оське проекциясы. Байланыстар аксиомасы. Байланыстардың түрлері және олардың реакциялары.
  • Жинақталған күштер жүйесі. Тең әсерлі күш. Үш күш туралы теорема. Жинақталған күштер жүйесінің тең әсерлі күшін аналитикалық анықтау.Жинақталатын күштердің тепе-теңдік шарттары.
  • Қос күш. Қос күш моменті Қос күштің тепе-теңдік шарттары. Қос күштің алгебралық және векторлық моменттері. Күштің нүктеге қатысты моменті. Қос күштің қасиеттері. Қос күштерді қосу.
  • Тепе-теңдік шарттары. Жазықтықтағы тепе-теңдік Күшті берілген центрге келтіру. Бас вектор және бас момент. Пуансо теоремасы. Кез келген жазық күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттары.
  • Материалдар кедергісінің негізгі ұғымдары және болжамдары. Материалдар кедергісінің болжамдары. Нақты конструкция және оның есептік сұлбасы. Сыртқы күштер және олардың топтамасы. Ішкі күштер және ішкі күш факторлары. Қималар әдісі. Конструкция элементтерінің көлденең қималарындағы толық, тік және жанама кернеулер. Орын ауыстырулар және деформациялар
  • Материалдар кедергісінің негізгі ұғымдары және болжамдары. Қималар әдісі. Конструкция элементтерінің көлденең қималарындағы толық, тік және жанама кернеулер. Орын ауыстырулар және деформациялар
  • Сырықтардың көлденен қималарының геометриялық сипаттамалары. Конструкция элементтерінің көлденең қималары аудандарының статикалық, осьтік, полярлық және цетрден тепкіш инерция моменттері. Параллель көшіру және координаттық өстерді бұру кезіндегі өстік және центрден тепкіш инерция моменттерінің өзгеруі.
  • Сырықтардың көлденен қималарының геометриялық сипаттамалары. Бас инерция өстері және бас инерция моменттері. Күрделі көлденең қималар үшін бас центрлік өстік инерция моменттері.
  • Статикалық анықталған жүйелердегі созылу және сығылу. Осьтік (Центрлік) созылу және сығылу. Бойлық күштердің және тік кернеулердің эпюрлері. Осьтік орын ауыстыруларды анықтау. Сырықтың көлденең және көлбеу қималарындағы кернеулер, ең үлкен тік және жанама кернеулер
  • Созылу және сығылу. Созылу және сығылу кезіндегі Гук заңы, бірінші текті серпімділік модулі, Пуассон коэффициенті. Созылу және сығылу кезіндегі беріктік шарты.
  • Ығысу. Ығысу кезіндегі кернеулер және деформациялар. Таза ығысу. Ығысу кезіндегі Гук заңы. Беріктікке және қатандыққа есептеу.
  • Бұралу. Біліктердің бұралуы кезіндегі ішкі күштер. Бұраушы моменттердің эпюрлері. Буралу кезіндегі көлденең қимадағы кернеулер. Бұралу бұрыштарын анықтау. Бұралу кезіндегі беріктік жәнеқатандық шарттары
  • Иілу. Иілу кезіндегі ішкі күштер. Көлденең күштер және июші моменттердің эпюрлері. Көлденең күш, июші моент және таралған жүктеменің қарқындылығы арасындағы дифференциалдық тәуелділіктер.
  • Иілу. Иілу кезіндегі тік және жанама кернеулер. Иілу кезіндегі беріктік шарты.
  • Орнықтылық. Сығылғын сырықтардың орнықтылығы. Аумалы күш. Эйлер формуласы және оны қолдану шектері. Сырықтың иілгіштігі. Ясинский формуласы. Сығылғын сырықтың практикалық есебі
Негізгі әдебиет
  • 1. Түсіпов А. Инженерлік механика. – Алматы, 2009- 320б. 2. Дүзелбаев С.Т. Инженерлік механика: Жоғары кәсіптік «Сәулет» және «Құрылыс» саласындағы мамандар дайындайтын техникалық оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. – Алматы, 2013.- 576б. 3. Түсіпов А. Инженерлік механика есептер жинағы. – Алматы, 2011 4. Жолдасбеков Ө.Ә., Сағитов М.Н. Теориялық механика. – Алматы, 2002 – 575б. 5. Жүнісбеков С., Қадырбаев А. Материалдар кедергісі: Оқулық. – Алматы «Бастау», 2008 – 373б.
  • 1. Кусаинов А.А., Полякова И.М., Байниетов Т.Ч. - Инженерная механика: Сопротивление материалов, 2010 – 226с. 2. Кусаинов А.А., Кацин В.А., Булаткулов С.А., Мещеряков В.И.Серия: Инженерная механика – Алматы, 2005 3. Примеры и задачи теоретической механики: Учебное пособие / В.Д.Бертяев и др. Под редакцией В.Д.Кухаря. Ч 1. Статика. Кинематика.- М: Изд-во АСВ, 2011 – 192с. 4. Эрдеди Н.А., Эрдеди А.А. Теоретическая механика. Сопротивление материалов: Учебное пособие для ВУЗов. – М. 2007 5. Дарков А.В., Шпиро Г.С. Сопротивление материалов. – М.: Высшая школа,1989– 624с.
Қосымша әдебиеттер
  • 6. Жапаров Ж.Ж. Теориялық механика есептерін шешу. Алматы: Ана тілі, 1993, 168 б. 7. Қатты дене статикасы: «Теориялық механика» пәнін оқитын студенттердің оқытушымен өздік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау мен тапсырмалар. / А.Е. Қасымов.- Өскемен.: ШҚМТУ, 2008. -28 б. 8. Дүзелбаев С.Т. Инженерлік механика 1: Жоғары кәсіптік мамандар дайындайтын техникалық оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. – Павлодар: «Кереку», 2010. – 254б 9. Дүзелбаев С.Т. Материалдар кедергісі II: есептер шығаруға арналған оқу құралы. – Алматы, Бастау баспасы, 2014. – 420б.
  • 6. Мещерский И.В. Сборник задач по теоретической механике. – М.: Наука, 2002 г.- 480 с. 7. Яблонский А.А., Никифорова В.М. Курс теоретической механики, ч. 1, 2. – Санкт-Петербург, 2002 г.- 650 с 8. Маркова Б.Н. Сопротивление материалов: Учебное пособие.- м.: КДУ, 2006. -256с. 9. Феодосьев В.И. Сопротивление материалов.учебник. - 10-е издание переработанное и дополненное. М.: МГТУ им. Баумана, 2001. - 591с.