Гидравлика және аэродинамика
Сипаттама: Гидравлика және аэродинамика негіздері сұйықтықтың және газдардың қозғалыс және тепе теңдік заңдарын қарастырады. Сұйықтықтықтардың физикалық қасиеттері; гидростикалық қысым және оның қасиеттері туралы ұғым;сұйықтықтың қозғалыс түрлер, идеал және шынайы сұйықтықтар үшін Бернулли теңдеуі, қозғалыс тәртібі, гидравликалық кедергілер, сұйықтықтың және газдардың саңылаулардан және саптамалардан ағуы;газдар туралы негізгі мағұлматтар; ауа қозғаылысының негізгі заңдары қарастырады
Кредиттер саны: 3
Пререквизиты:
- Физика
- Математика 2
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 15 |
| СӨЖ | 45 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Білім алушыларға әртүрлі құбырларды, жылыту және желдету қондырғыларын,жылу алмасу, қазандық агрегаттарын жбалауда, санитарлық техника аймағындағы техникалық есептерді шешуде қажет сұйықтықтар мен газдардың тыныштықтағы және қозғалыстағы заңдылықтарын оқып қарастыру.
Міндет
- әр тақырып бойынша оқу материалын игеру деңгейіне сай қойылған нәтижеге жету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- ұсыну деңгейінде: сұйық және газ тәрізді орта қозғалысының теориялық негіздерін білу; түсіну деңгейінде: Сұйықтықтар мен газдардың физикалық қасиеттерін; Сұйықтықтар мен газдар қозғалысының гидравликалық және аэродинамикалық заңдылықтарын; Сұйықтықтар мен газдар қозғалысы кезіндегі қарсыласу түрлерін білу; су мен газдың қысымын, шығыны мен жылдамдығын есептеу; сұйықтық қысымы мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшеу; құбыржолдардың гидравликалық есебін орындау қолынан келуі керек.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Алған білімдерімен түсініктерін әртұрлі құбырларды есептеуде, санитарлық техника саласындағы техникалық шешімдерді шешуде, ауа жылу аппраттарын, қазандық агрегаттарын жобалауда қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Теориялық білімді бекіту және кеңейту, пән бойынша іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру үшін практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау көзделген
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Шығармашылық ойлауын, олардың танымдық іс-әрекетке қызығушылығын дамытуға, ғылыми және оқу әдебиеттерімен, техникалық нормативтік құқықтық актілермен өз бетінше жұмыс істеу біліктері мен дағдыларын қалыптастырады.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Әртүрлі құбырларды есептеу, ауа жылу алмасу апараттарын жобалау дағдыларын игереді.
Оқыту әдістері
- проблемалық және жобалық-бағдарланған оқыту технологиялары; - оқу-зерттеу қызметі технологиялары; - ақпараттық-коммуникативтік (соның ішінде қашықтықтан білім беру) технологиялар
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Кіріспе
- Гидростатика
- Гидродинамика негіздері
- Идеал сұйық қозғалысының теңдеулері
- Тұтқырлы (шынайы) сұйық қозғалысының теңдеуі
- Сұйық қозғалысына әсер етуші әртүрлі факторлар
- Тұрақты тегеурінді сұйықтың тесіктен ағып шығуы
- Арынды құбыр
- Газдар туралы негізгі ақпарат идеал және нақты газдар туралы түсінік
- Ауа қозғалысының негізгі заңдары ағынның сақталу теңдеуі
- Ауа өткізгіштердің аэродинамикалық есебі ауа өткізгіштер мен ауа таратқыштардың түрлері мен есебі туралы түсінік
- Каналдар, олардың түрлері
- Желдеткіштер ортадан тепкіш және осьтік желдеткіштердің түрлері мен жұмыс принципі, желдеткіштердің параметрлері мен аэродинамикалық сипаттамалары туралы түсінік
Негізгі әдебиет
- 1 Ә.Әбдіраманов. Гидравлика. Тараз, 2012 – 472 б. 2 Ә.Әбдіраманов Гидравлика. Есептер мен жаттығулар жинағы.Тараз, 2010 3 Елешева Қ.К. Гидравлика. Астана: Фолиант, 2003-113 б. 4 Чугаев Р.Р. Гидравлика. Л.:Энергоиздат, 2008-672 с. 5 Альтшуль А.Д., Животовский Л.С., Иванов Л.П. Гидравлика и аэродинамика. М., 1987.