Үймереттердің ішкі инженерлік жүйелерін пайдалану

Колпакова Валентина Павловна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Ғимараттардың ішкі инженерлік жүйелерін пайдалану міндеттері саласында базалық білімді қалыптастырады. Ғимараттың ішкі инженерлік жүйелерінің ақаулары туралы түсінік береді. Монтаждау немесе күрделі жөндеуден кейін жүйелерді пайдалануды ұйымдастыру, пайдалануға қабылдау, автоматиканы, бақылауды және диспетчерлендіруді ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Математика 2

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәнді игерудің мақсаты құзыреттердің қалыптасу сатыларын сипаттайтын және білім беру бағдарламасын игеруде жоспарланған нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін, қауіпсіздік шарттарына сай келетін үймереттерді пайдалану жүйесіндегі білім, қызметтік дағдыларды, тәжірибе алу.
Міндет
  • Үймереттер мен ғимараттардың тозуын, ескіруін және бұзылуын тудыратын физика-химиялық негіздердің және технологиялық факторлардың теориялық сұрақтарын игеру, қоғамдық, тұрмыстық үймереттердің техникалық пайдаланылуын және техникалық қызмет көрсетуін ұйымдастыруда әсіресе тиімді әдістерін оқып, зерттеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Үймереттерді техникалық пайдаланумен қамтамасыз етіу. Үймереттердің ішкі инженерлік жүйелерінің техникалық пайдалануына мониторинг жасау. Ішкі инженерлік жүйелерді пайдалаун, қайта жаңғырту, іске қосу кезінде техникалық бақылауды ұйымдастыру. Жобалық құжаттарды жасау үшін техникалық тапсырманы құрастыру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Азаматтық үймереттердің техникалық пайдалануы бойынша жұмысты жоспарлауды іске асыра алу. Азаматтық үймереттердің техникалық күйіне мониторинг ұйымдастыру. Үймеретердің инженерлік жүйелерін техникалық пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыра алу және қажетті құжаттарды дайындай білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Білім алушыларда кез келген үймереттердің инженерлік жүйелерін техникалық пайдалану бойынша жүргізілетін жұмыстардың жоспарлануы, олардың техникалық күйіне мониторинг жасау, жөндеу жұмыстары бойынша графиктер мен жоспарларды техникалық сауатты жасау дағдылары қалыптасады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ішкі инженерлік желілерді пайдалануда кенеттен болған апат жағдайларда, кез келген уақыттағы келеңсіз оқиғалар кезінде дұрыс шешім қабылдау, алдын ала жұмыстарды жоспарлау қабілеттерін игереді.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Үймереттердің техникалық пайдаланылуына жұмыстарды ұйымдастыра алу, қажетті құжаттарды дайындау. Жобалық құжаттар үшін техникалық тапсырманы орындай алу. Жүргізілетін жұмыстарға жоспар құра алу.
Оқыту әдістері

- проблемалық және жобалық-бағдарланған оқыту технологиялары; - оқу-зерттеу қызметі технологиялары;

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Тәжірибелік сабақтар 1-5 0-100
СӨЖ 1-3
Рубеждік бақылау
2  рейтинг Тәжірибелік сабақтар 6-10 0-100
СӨЖ 4-6
Рубеждік бақылау
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Үймереттердің техникалық пайдаланылу ерекшеліктері
  • Үймереттерге техникалық қызмет көрсету
  • Үймереттердің техникалық пайдалану жүйелері
  • Үймерет құжаттары
  • Үймереттердің ішкі инженерлік жүйелерін пайдалануға қойылатын талаптар
  • Үймереттердің су өлшеуші түйіндері
  • Үймереттердің ішкі канализация жүйелері
  • Үймереттердің ыстық сумен қамту жүйесі
  • Үймереттердің жылыту жүйесі
  • Үймереттердің желдетілу жүйесі
Негізгі әдебиет
  • 1. Певной П.А. Современное здание. Инженерные системы – М: 2016 г. 2. Горбов А.М. Справочник сантехника, 2014г. 3. Инженерные сети. Оборудование зданий и сооружений: учебник/ред. Ю.П. Соснин. М.: 2015 г. 4. Николаевская И.А. Инженерные сети и оборудование территорий, зданий и стройплощадок. М.: 2014 г. 5. Справочник современного инженера жилищно-коммунального хозяйства под ред. Л.Р. Маиляна.- Ростов на Дону, 2018 г.
Қосымша әдебиеттер
  • 1. СН РК 4.01-01-2011 Внутренний водопровод и канализация зданий. Астана 2015 г. 2. СП РК 4.01-101-2012 Внутренний водопровод и канализация зданий. Астана 2015 г. 3. МСН 4.02-02-2004 Тепловые сети 4. Шевелёв Ф.А., Шевелев А.Ф. Таблицы для гидравлического расчёта стальных, чугунных, асбестоцементных, пластмассовых и стеклянных водопроводных труб. М: ООО «Ид «БАСТЕТ», 2009-352с. 5. Лукиных А.А., Лукиных Н.А. Таблицы для гидравлического расчетаканализационных сетей и дюеров по формуле Павловского.