Қаржы менеджменті

Сипаттама: Қаржылық менеджмент – кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану мен байланысты, ақша айналымы мен қаржыларды басқару мен байланысты үрдіс және кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқаруда қолданылатын әдіс – тәсілдер және формалар жүйесі. Қаржылық менеджмент фирманың қаржысымен жұмыс атқарады, яғни фирманың өндірістік әрекетіне жұмсалған фирманың өз капиталы және қарыз капиталымен жұмыс атқарады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Қаржылық менеджмент саласында кәсіптік қызметті орындауға жеткілікті деңгейде білімге, іскерлікке ие мамандарды дайындау, соның ішінде студенттерді заманауи қаржылық менеджменттің теориялық негіздеріне және қаржылық менеджменттің негізгі категорияларына үйрету.
Міндет
  • Студенттерді қазіргі қаржылық менеджменттің әдістері мен ұстанымдарына, мақсаттарына, міндеттеріне сәйкес студенттерді жүйелі түрде оқыту; 2) шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде қаржыны басқаруға қатысты жалпы тәсілдердің мазмұнын ашу; 3) студенттерге қаржылық ақпаратты дұрыс түсіндірілуі мен түсінуін және онымен дұрыс жұмыс істей білуді үйрету; 4) жалпы және қаржылық менеджменттің проблемалары бойынша студенттермен жаңа теориялық білімді игеру, атап айтқанда, қаржы саласындағы қандай да бір басқарушылық шешімнінң тиімділігін анықтайтын негізгі әдіс-тәсілдерді үйрену; 5) тәжірибелік қызметте қазіргі заманғы қаржылық менеджменттің қағидалары мен негізгі категорияларын қолдануға бағытталған студенттердің мүмкіншіліктері мен дағдыларын қалыптастыру, соның ішінде: капитал салымын таңдау критерийлерін, компанияның қаржылық жоспарлауы, капитал құрылымын оңтайландыру, капиталды қаржыландыру және басқару саясатын қалыптастыру, компанияның құны мен нарықтағы жағдайын бағалау, корпорациялық тәуекелдерді басқару, активтер мен инвестициялық жобалардың қоржындарын басқару.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Қаржылық менеджменттің негізгі категориялары мен қағидаларын білу
  • Шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде қаржыны басқаруға жалпы тәсілдемелерді білу
  • Ұзақ мерзімді инвестициялау және қаржыландыру әдістерін білу
  • Қаржылық жоспарлаудың әдістерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Жобаларды бағалауда, дивидентік саясатты таңдауда, капиталдың рационалды құрылымын қалыптастыруда, қаржылық активтерді басқаруда қаржылы шешімдерді қабылдау
  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және оның қаржылық стратегиясын дайындау
  • Кәсіпорынның бюджетін қалыптастыру және оның қарыжысын басқару
  • Қаржылық тәуекелдерді бағалау және оларды төмендету тәсілдерін анықтау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Студенттерді қаржылық ақпараттарды дұрыс түсініп және олармен жұмыс істеуге үйрету
  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру үшін дұрыс шешімдерді қабылдау қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Топта жұмыс істеуге қабілетті, өз ой топшылауын сауатты дәлелдей алады, жаңа шешімдер ұсынады, келісім таба алады, өз ойын коллектив ойымен салмақтайды
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білімдер алу машығын алады және білімін магистратурада жалғастырады. Кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылады
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Қаржылық менеджменттің мазмұны, қажеттілігі және функциялары. Қаржылық менеджменттің мәні Қаржы менеджментінің мақсаты мен міндеттері. Қаржы менеджментінің функциялары мен механизмі.
  • Қаржы менеджментінің базалық тұжырымдамалары және ақпараттық базасы Қаржылық менеджменттің негізін қалаушы тұжырымдамалары: ақша ағыны; ақша ресурстарының уақытша құндылығы; табыстылық пен тәуекелділік арасындағы компромисс; капитал құны; капитал нарығының тиімділігі; ақпараттың ассиметриялылығы; агенттік қарым-қатынастар; баламалы шығындар; шаруашылық субъектісінің уақытша шектеусіз қызмет ету. Қаржылық басқаруға қажетті ақпарат көздері мен ақпараттық көрсеткіштер. Кәсіпорынның қаржылық есептілігі
  • Қаржылық жоспарлау және болжау. Қаржылық жоспарлау мәні Жоспарлау үдерісі. Қаржылық болжау. Қаржылық жоспарлаудың негізгі әдістері. Қаржылық жоспарлаудың жіктелуі. Бюджеттеу. Қаржылық жоспардың бөлімдері.
  • Кәсіпорынның қаржылық ресурстары Қаржылық ресурстардың қажеттілігі мен мәні. Қаржылық ресурстардың жіктелуі
  • Ақшаның уақытша құндылығы тұжырымдамасы. Ақшаның болашақ және ағымдағы құнын анықтау Фирманың құндылығын арттыру. Келтірілген (дисконтталған) құн. Күрделі пайыздардың жыл ішіндегі есептелінуі. Аннуитеттің болашақ құны. Өмірлік рента. Қаржылық есептеулерде инфляция факторын ескеру
  • Тәуекел және табыстылық Тәуекел – менеджмент қаржылық менеджменттің элементі ретінде. Тәуекел – менеджменттің стратегиясы. Тәуекел түрлері. Корпоративтік тәуекелдерді басқару. Тәуекелдерді басқару әдістері. Активтер қоржынын басқару
  • Залалсыздық теориясы Операциялық тұтқа. Операциялық тұтқаның күші (DOL). Фирманың ағымдағы шығындарын басқару. Залалсыздықты талдаудың мақсаты мен мүмкіншіліктері. Залалсыздық нүктесінің графикалық түсіндірмесі. Басқарушылық шешімдерді қабылдау мақсатында сезімталдылықты талдау. Операциялық тұтқаның мәні
  • Қаржылық тұтқа әсері Қаржылық тұтқа: мәні мен бағалануы. Қарыздық қаражатты тарту саясаты
  • Капитал құрылымының теориясы: Модильяни – Миллер модельдері, компромистік модельдер. Капитал құрылымы дегеніміз не Капитал құрылымы фирманың құндылығына қалай әсер етеді. Мінсіз нарық үшін Модильяни – Миллер модельдері (үгілері). Капитал құрылымы. Фирма құны. Жетілмеген капитал нарығындағы фирмаға меншікті капиталына келетін шығындарының өзгерісі. Фирма капиталының құрылымын таңдаудың компромистік концепциясы
  • Дивиденттік саясатты басқару. Дивиденттік саясаттын басты сұрағы Дивиденттік саясатын қалыптастыру тәсілдері. Дивиденттерді төлеу әдістемесі
  • Капитал құны Кәсіпорын капиталының жіктелуі. Капиталды басқарудың мәні мен міндеттері. Капитал құны: құраушылары, бағалануы мен қажеттілігі. Капиталдың шекті құны
  • Инвестициялық жобаларды талдау әдістері Жобаның жеке тәуекелі. Капитал жұмсау бюджетін қалыптастыру. Капитал жұмсауды жоспарлау барысында шешілетін негізгі міндеттер. Инвестициялардың тиімділігін бағалау критерийлері. Оңтайлы жоба нұсқасын талдау
  • Айналым активтері мен қысқамерзімді міндеттемелерді басқару. Кәсіпорынның айналым активтерінің құрамы және оларды қаржылық басқарудың ерекшеліктері Айналым активтерінің жіктелуі. Айналым активтерін басқару кезеңдері. Айналым активтерін қалыптастыру саясатының тәсілдері
  • Ақша қаражаттарын басқару модельдері. Ақша ағымдарын басқарудың мәні Қаржылық циклды есептеу. Ақша қаражаттарының айналу кезеңдері. Ақша қаражаттарының оңтайлы қалдығын анықтау. Ақша қаражаттарын басқарудың типтік саясаты. Баумоль үлгісі. Миллер-Орр үлгісі
  • Қорларды басқару. Қорларды басқару мақсаттары Қорларды басқару саясатының жүзеге асырылуының дәйектілігі. Тапсырыстың оңтайлы партиясының моделі (Уилсон үлгісі). Қорлардың қозғалысын бақылаудың тиімді жүйелерін оңтайландыру
Негізгі әдебиет
  • Бланк И.А. Основы финансового менеджмента: Учебный курс. - М.: Омега-Л, 2012.- 1330 с.
  • Ковалев В.В. Финансовый менеджмент: теория и практика - М.: Проспект, 2010. -1024 с.
  • Куур О.В. Финансовый менеджмент: меры по антикризисному управлению: Учебное пособие. - Усть-Каменогорск: КАСУ, 2010. – 113 с.
  • Principles of Corporate Finance, 10th Edition 10th Edition ' Richard A. Brealey (Author), Stewart C. Myers (Author), Franklin len (Author), 2015.
  • Финансовый менеджмент: теория и практика: Учебник/ Под ред. Е.С. Стояновой. – М.: Перспектива, 2010. – 574 с.
  • Аленичева Е.Е. Қаржы менеджменті. - Қарағанды: Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, 2011. – 212 б.
  • Есенгельдин Б.С. Қаржылық менеджмент. - Алматы : ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. - 286 б.
  • Мадиярова Э.С., Суйеубаева С.Н. Қаржылық менеджмент. – Алматы: Экономика, 2009. – 262 б.
Қосымша әдебиеттер
  • Брейли Р., Майерс Принципы корпоративных финансов.- Олимп-Бизнес, второе издание, 2008. – 1012 с.
  • Финансовый менеджмент: Учебник/ Под ред. А.М.Ковалевой. - М.: ИНФРА-М, 2013. – 336 с.
  • Куур О.В., Козлова М.В. Финансовый менеджмент. Конспект лекций. - Усть-Каменогорск: ВКГТУ, 2010. - 96 с.
  • Мадиярова Э.С., Суйеубаева С.Н. Қаржылық менеджмент. – Алматы: Экономика, 2009. – 262 б.