Эконометрика

Сипаттама: Эконометрика математикалық және статистикалық әдістер мен модельдердің көмегімен сандық және сапалық экономикалық өзара байланыстарды зерттейді. Экономикалық модельдердің параметрлерін бағалаудың құралдары мен әдіснамасын береді. Экономикалық процестерді болжау үшін қолданылады. Модель түрлері, оларды құру кезеңдері, жұп және көпше сызықтық және сызықты емес регрессия, ең кіші квадраттар әдісі, регрессия теңдеуінің сапасын бағалау критерийлері оқытылады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • «Эконометрика» пәнін оқыту мақсаты - экономикалық талдау тәжірибесінде және макро, микроэкономикалық процесстерді болжамдау барысында эконометриялық модельдеу әдістерін қолданып іске асыру болып табылады. Экономикалық теорияның негізгі нәтижелері сапалы және өте маңызды, ал эконометрия оған эмпирикалық жағынан нығайтады. Математикалық экономика экономикалық заңдарды математикалық қатынастар арқылы суреттейді, эконометрия сол заңдардың тексеруін жүргізеді. Экономикалық статистика экономикалық көрсеткіштер және бастапқы статистикалық мәліметтер арқылы, зерттеліп отырған процесстің ақпараттық негізін дайындайды, эконометрия, дәстүрлі математика-статистикалық әдістерді және арнайы құрылған әдістемелерді қолдана отырып, сол көрсеткіштердің арасындағы сандық байланыстарды талдайды.
Міндет
  • − құрылған экономикалық моделді эмпирикалық талдау жүргізу үшін математикалық түрге келтіру, яғни моделді спецификациялау; − құрылған модель нақты мәліметтерге адекват болу үшін оның параметрлерін бағалау, яғни моделді параметрлеу; − құрылған моделдің параметрлерінің сапасын және моделдің сапасын тексеру, яғни моделді верификациялау; − құрылған моделді зерттелініп отырған экономикалық көрсеткіштердің өзгерісін анықтауға, экономикалық құбылыстарды болжауға, экономикалық саясатты дұрыс жүргізу үшін пайдалану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Қолданыстағы заңнамаға сәйкес эконометрикалық моделдеуді қолдану арқылы әлеуметтік-экономикалық процестердегі өзгерістер мен тенденцияларды түсінуге қажетті шетел және отандық статистикалық мәліметтерді өңдеу мен талдау жасау аясында базалық білімге ие
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму тенденцияларын біледі, түрлі экономикалық құбылыстарда білімін қолдана біледі, қаржылық жоспарлар мен болжаулар жасауға қажетті есептерді шығара алады, нәтижелерін негіздеп, қорытынды жасауға қабілетті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • экономикалық көрсеткіштердің өзгерісін анықтауға, экономикалық құбылыстарды болжауға, экономикалық саясатты дұрыс жүргізу үшін экономикалық және ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдауға машықтанған.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • кәсіби қызметімен байланысты түрлі жағдайлар мен шарттарда икемді және жылдам, өзінің кәсіби қызметіне жеңіл сіңіп кетуіне дағдыланған.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • жеке және мансаптық өсуге тырысады, магистратурада оқуға және кәсіби қызметіне қажетті жаңа білімдерді қабылдауға дағдыланған.
Негізгі әдебиет
  • Айвазян С.А., Мхитарян В.С. Прикладная статистика и основы эконометрики. Учебник для вузов. М.: ЮНИТИ, 1998. 1022 с. Арженовский С.В. Системы одновременных уравнений. Текст лекций. Ростов н/Д: РГЭУ «РИНХ», 2002. 30 с. Джонстон Дж. Эконометрические методы. М.: Статистика, 1980. 432 с. Доугерти К. Введение в эконометрику. М.: ИНФРА-М, 2009. 465 с. Дрейпер Н., Смит Г. Прикладной регрессионный анализ. М.: Вильямс, 2007. 912 с. Магнус Я.Р, Катышев П.К., Пересецкий А.А. Эконометрика. Начальный курс. М.: Дело, 2007. 504 с. Эконометрика/ Под ред. И.И. Елисеевой. М.: Финансы и статистика, 2007. 575 с. Кремер Н., Путко Б. Эконометрика. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2008. 312 с. Берндт Э. Практика эконометрики: классика и современность. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005. – 863 с. Эконометрика: учебник для бакалавриата и магистратуры / С. В. Курышсва [и др.); под ред. И. И. Елисеевой. — М.: Издательство Юрайт, 2016. Тимофеев, В. С. Эконометрика : учебник для академического бакалавриата / В. С. Тимофеев, Л. В. Фаддеенков, В. Ю. Щеколдин. — 2-е изд., перераб. и доп. — М.: Издательство Юрайт, 2016. Баум, К. Ф. Эконометрика. Применение пакета stata : учебник и практикум для вузов / К. Ф. Баум ; под ред. С. А. Айвазяна, Г. И. Пеникаса. — М.: Издательство Юрайт, 2016.