Әлеуметік- экономикалық процесстерді болжау

Сипаттама: Пән әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің болжамдарын құрудың математикалық және статистикалық әдістерін зерттеуге бағытталған. Мұндай әдістер: модельдеу, уақытша қатарларды тегістеу, орта шамалардың түрлі түрлерін қолдану арқылы орташаландыру, Холт және Браун әдістері қарастырылады. Болжам құру және оның шынайылығын бағалау үшін статистикалық деректерді дайындау әдістерін зерттеуге көп көңіл бөлінеді.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Болашақтың болжамды әдістерін, әр түрлі экономикалық және әлеуметтік құбылыстарды дамыту перспективаларын білу.
Міндет
  • Білім алушылардың әлеуметтік-экономикалық статистикалық ақпаратты өңдеу дағдыларын; Білім алушылардың экономикалық үлгілерді құру дағдыларын және оларды әлеуметтік-экономикалық болжауда пайдалануын; Білім алушылардың болжаудың эконометрикалық емес әдістерін қолдану дағдыларын игеруі.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Болжаудың эконометрикалық әдістерін білу және түсіну; Болжаудың эконометрикалық емес әдістерін білу және түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • әлеуметтік-экономикалық құндылықтар мен индикаторларға тәуелділіктің болуын және дәрежесін анықтауға әлеуметтік-экономикалық даму үрдістерін және үлгілерін анықтау; уақыт серияларын талдау; математикалық үлгілеуді пайдалана отырып болжамды құра білу және оның сенімділігі мен нақтылығын бағалау;уақытты түзету әдістерін пайдалана отырып, болжам жасау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Облыстың, елдің, сондай-ақ жеке кәсіпорынның одан әрі дамуының әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктерін, тәуелділігін, үрдістерін, болжамдарына байланысты қорытынды жасай білуі;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Басқарудың кез-келген деңгейінде қалыптасқан тұжырымдарды дәлелдеу, тұжырымдау, түсіндіру және жеткізуді білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Білім алушылар бұл дағдыларды жеке тапсырмаларды орындауға рқылы дамытады
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Экономикалық мәліметтердің түрлері. Басқарушылық шешімдерді қабылдаудағы ақпараттың, деректердің және болжамның рөлі. Статистикалық мәліметтерді өңдеудегі математикалық әдістердің рөлі. Математикалық статистиканың негізгі ұғымдары.
  • Орташа шамалардың көмегімен статистикалық деректерді алғашқы өңдеу: аналитикалық және құрылымдық орта.
  • Вариация көрсеткіштерінің көмегімен статистикалық деректерді алғашқы өңдеу: дисперсия, орташа ауытқу, вариация коэффициенті. Дисперсия түрлері. Статистикалық деректерді дисперсиялық талдау.
  • Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді болжау әдістері. Болжанатын шаманың факторларға тәуелділік түсінігі. Қатаң функционалдық тәуелділік және оның ерекшеліктері. Корреляциялық тәуелділік және оның ерекшеліктері. Математикалық модельдің түсінігі мен тағайындалуы және оның түрлері: қатаң Функционалды және корреляциялық модельдер. Статистикалық деректерді корреляциялық талдау.
  • Болжау үшін жұп сызықты және сызықты емес математикалық модельдерді құру. Уақытша қатардың тенденциясы және оны анықтау тәсілдері. Уақытша қатардың құрылымы. Тренд түрлері және оларды құру әдістері. Уақытша қатардың құрылымы және маусымдық компоненттен тұратын модельдерді құру. Болжамдық модельдің сапа көрсеткіштері.
  • Уақытша қатарды тегістеу: мақсаты, тәсілдері. Динамика қатарын тегістеуге арналған орташа шамалар: жылжымалы және экспоненциалды орта.
  • Болжаудың сызықтық және сызықты емес көпфакторлы функцияларын құру. Көптеген болжамдау функциясы үшін факторлық жүйені қалыптастыру. Циклдық (маусымдық) компоненттен тұратын үлгілерді құру.
  • Болжамды құрудың эконометриялық әдістері: орташа өсу индексі әдісі, жылжымалы және экспоненциалды орта көмегімен болжам.
  • Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш болжамын құру үшін Хольт және Браун әдістері.
  • Болжамдарды құру әдістерін талдау, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау.
Негізгі әдебиет
  • 1 Светуньков И.В. Методы социально-экономического прогнозирования в двух томах. Учебник и практикум для академического бакалавриата. – М.: Юрайт, 2018. 2 Садовникова Н.А. Анализ временных рядов и прогнозирование. Учебник. – М.: Синергия, 2016. 3 Невская Н.А. Макроэкономическое планирование и прогнозирование. Учебник и практикум для академического бакалавриата. – М.: Юрайт, 2016. 4 Клинов В.Г. Прогнозирование долгосрочных тенденций в развитии мирового хозяйства. Учебное пособие. – М.: Магистр, 2017. 5 Федосеев В.В. Экономико-математические модели и прогнозирование рынка труда. Учебное пособие. – М.: Вузовский учебник, 2016. 6 Эконометрика: учебник / под ред. И.И. Елисеевой. – М.: Проспект, 2014. 7 Антохонова И.В. Методы прогнозирования социально-экономических процессов: учебное пособие. – М.: Юрайт, 2018. 8 Льюис К.Д. Методы прогнозирования экономических показателей. - М.: Финансы и статистика, 2014. 9 Венецкий И.Г. Основные математико-статистические понятия и формулы в экономическом анализе. - М.: Статистика, 2014.