Бюджеттік процесс
Сипаттама: Курс Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесінің теориялық аспектілерін ашып, бюджеттік процесстің әр кезеңіне толық сипатамма беріп, бюджеттік бақылау сұрақтарына да тоқталады. Сонымен қатар бұл курса мемлекеттік бюджетті жоспарлау процессі, оның ішінде стратегиялық жоспарлар, бюджеттік бағдарламалардың түрлері қарастырылған, бюджеттік бақылау, оның ішінде бюджет мониторингі мен мемлекеттік қаржылық бақылаудың қалай жүргізілгені сипатталған.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Қаржыға кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- «Бюджеттік процесс» пәнінің мақсаты студенттерге қаржылық-бюджеттік қатынастар аясында теориялық және практикалық негізде экономикалық білімдерін кешенді түрде толықтыруға бағытталған. ҚР бюджет жүйесін және оның құрылысы, бюджетаралық қатынастар, бюджет механизмінің қызмет ету мәселелері бойынша студенттердің теориялық және тәжірибелік дайындығын қамтамасыз ету.
Міндет
- «Бюджеттік процесс» курсының негізгі мақсаты студенттерді жарияланған статистикалық есеп және заңнамалық актілер негізінде бюджеттік қатынастар, мемлекеттік несие, бюджеттік процесс саласында өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындау.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- ҚР қаржы жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің рөлі мен мәні туралы, бюджеттік процесс кезеңдерінің сипаттамаларын танып білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- тұрақты өзгерістерді ескере отырып, бюджет саласында болып жатқан процестерді бағалай және талдай білу және әлемдік экономикадағы серпінді өзгеретін құбылыстар мен процестерге бейімделу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Бюджеттік процестер мен құбылыстарды сипаттау негізінде стандартты теориялық және эконометрикалық модельдерді құра білу, алынған нәтижелерді мазмұнды түсіндіре білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- кәсіби ортада оңай бейімделе білу, кәсіби қызметпен байланысты әр түрлі жағдайлар мен жағдайларда икемді және ұтқыр болу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- күнделікті кәсіби қызмет үшін қажетті жаңа арнайы білім алу дағдыларын меңгеру
Оқыту әдістері
Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді: - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
| Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
|---|---|---|
| 1 рейтинг | Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері (ауызша) | 0-100 |
| Мемлекеттік бюджетті жоспарлау процессі (ауызша) | ||
| Мемлекеттік бюджетті жоспарлау процессі (жазбаша) | ||
| Мемлекеттік бюджеттің құрылымы (ауызша) | ||
| Мемлекеттік бюджеттің құрылымы (жазбаша) | ||
| Мемлекеттік бюджет тапшылығы (артықшылығы) (ауызша) | ||
| Мемлекеттік бюджет тапшылығы (артықшылығы) (есеп шығару) | ||
| Бірінші шекаралық бақылау | ||
| 2 рейтинг | Бюджеттік процесстің бюджет жобасын жоспарлау мен құру кезеңі (ауызша) | 0-100 |
| Бюджеттік процесстің бюджетті қарау мен бекіту кезеңі (ауызша) | ||
| Бюджеттік процесстің бюджетті орындау кезеңі (ауызша) | ||
| Бюджетті бақылау (ауызша) | ||
| Бюджетті бақылау (жазбаша) | ||
| Бюджеттік процесстің бюджетті орындау туралы есепті құру, қарау, бекіту кезеңі (ауызша) | ||
| Бюджеттік процесстің бюджетті орындау туралы есепті құру, қарау, бекіту кезеңі (жазбаша) | ||
| Екінші шекаралық бақылау | ||
| Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
| Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
|---|---|---|---|---|
| Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
| И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
| 2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
| Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
|---|---|---|---|
| A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
| A- | 3.67 | 90-94 | |
| B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
| B | 3.0 | 80-84 | |
| B- | 2.67 | 75-79 | |
| C+ | 2.33 | 70-74 | |
| C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
| C- | 1.67 | 60-64 | |
| D+ | 1.33 | 55-59 | |
| D | 1.0 | 50-54 | |
| FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
| F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
- Мемлекеттік бюджетті жоспарлау процессі
- Мемлекеттік бюджеттің құрылымы
- Мемлекеттік бюджет тапшылығы (артықшылығы)
- Бюджеттік процесстің бюджет жобасын жоспарлау мен құру кезеңі
- Бюджеттік процесстің бюджетті қарау мен бекіту кезеңі
- Бюджеттік процесстің бюджетті орындау кезеңі
- Бюджетті бақылау
- Бюджеттік процесстің бюджетті орындау туралы есепті құру, қарау, бекіту кезеңі
Негізгі әдебиет
- 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV ҚР Бюджет кодексі;
- 2022-2024 ж. Республикалық бюджет туралы заңы;
- 2021 жылдың 24 желтоқсандағы ҚР Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заңы;
- 2021 жылдың 12 қарашасындағы ҚР 2030 жылға дейінгі мемлекеттік қаржыны басқарудың тұжырымдамасын бекіту туралы қаулы;
- «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығы, 2021 жылдың 25 наурыздағы өзгерістермен қоса алғанда.
Қосымша әдебиеттер
- Мемлкеттік бюджет: оқулық, С.М.Өмірбаев, С.Ж.Ынтықбаева, А.А.Адамбекова, Р.С.Парманова,-Алматы:Дәуір, 2012.-640 б.
- Бюджетное управление в Казахстане. Дорожная карта для продолжения реформирования процедур управления бюджетным процессом.-Дирекция государственного управления, ОЕСД,-ноябрь 2018 г.