Көлік техникасын пайдалану және қызмет көрсету

Завалко Александр Григорьевич

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Көлік техникасын пайдалану: жұмыс қабілетін қамтамасыз ету стратегиясы мен әдістері; пайдалану нормативтерін анықтау; Қызмет көрсету құралдарының өнімділігі мен өткізу қабілетін қалыптастыру заңдылықтары; техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі; техникалық қызмет көрсету және жөндеу технологиясы; көлік техникасына қызмет көрсету тиімділігінің кешенді көрсеткіштері

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Көлік техникасының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету әдістері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқытудың мақсаты өндірісте практикалық мәселелерді шешу кезінде осы мамандықтың маманына қажетті қолданбалы сипаттағы көлік техникасын техникалық пайдаланудың арнайы мәселелері бойынша студенттердің кәсіби білімін кеңейту және тереңдету болып табылады.
Міндет
  • Пәннің міндеттері: - шиналарды пайдалану, техникалық күту және жөндеу әдістері; - аса қатал жағдайларда (төмен температурада) көлік техникасын техникалық пайдалану ерекшеліктері; - ашық алаңдарда сақтау кезінде көлік техникасының жұмысқа қабілеттілігін қолдау әдістері; - қыс мезгілінде қозғалтқыштарды іске қосу әдістері; - тұрақты базалардан тыс жұмыс істейтін көлік техникасына техникалық қызмет көрсетуді және ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру әдістері мен нысандары; - желіде көлік техникасына техникалық көмекті ұйымдастыру әдістері мен нысандары; - автомобиль көлігінде материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру әдістері мен нысандары; - отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу әдістерін; - көлік техникасының зиянды әсерінен қоршаған ортаны қорғау әдістері мен нысандары; - автокөлік кәсіпорнында техникалық қызметті ұйымдастыру және басқару әдістері мен нысандары; - аймақтағы көлік техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу өндірісін мамандандыру және шоғырландыру әдістері мен нысандары.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Төтенше жағдайларда көлік техникасын пайдалану процестерінің заңдылықтарын білу Көлік техникасының тиімділігіне экстремалды жағдайлардың әсер ету ерекшеліктерін түсіну
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Көлік техникасының жұмыс қабілеттілігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін экстремалды жағдайларда пайдалану ерекшеліктерін білуді және түсінуді қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Төтенше жағдайларда көлік техникасының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету әдістері мен құралдары туралы пікір қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Көлік техникасының жұмысқа қабілеттілігін басқару үшін коммуникативтік қабілеттер мен құралдарды дамыту және қолдану
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Көлік техникасының экстремалды жағдайларда жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету дағдылары және көлік техникасының тиімділігін арттыру әдістерін зерттеу үшін докторантурада оқуға қабілеттілік
Оқыту әдістері

практикалық-бағытталған оқытудың интерактивті әдістері мен технологиялары

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе
  • Шиналар мен дөңгелектердің құрылымының ерекшеліктері және пайдалану қасиеттері
  • Шиналарды пайдалану және жөндеу
  • Шиналардың сенімділігіне әсер ететін факторлар
  • Аса қатал жағдайларда автомобильдерді техникалық пайдалану
  • Қысқы жағдайларда қозғалтқыштарды іске қосудың қиындауы, төмен температуралардың көлік техникасының сенімділігіне әсері
  • Қозғалтқыштар мен көлік техникасын жылыту құралдары мен технологиясы
  • Гаражсыз сақтау тұрақтарын жабдықтау
  • Әртүрлі климаттық аймақтар үшін жылжымалы құрамды гаражсыз сақтау тәсілдері мен құралдардын таңдау әдістемесі
  • Тұрақты базалардан тыс жұмыс жағдайының сипаттамасы мен жіктелуі
  • Тұрақты базалардан тыс жұмыс істейтін көлік техникасының ТҚК және АЖ жұмыстарын ұйымдастыру нысандары
  • Көлік техникасына ТҚК мен АЖ-дің жылжымалы және далалық құралдарының құрылысы
  • Көлік техникасын пайдалану кезінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету және ресурстарды үнемдеу
  • Көлік техникасын жоспарлаумен және қосалқы бөлшектермен және материалдармен жабдықтаумен байланысты кәсіпорындардың құрылымы
  • Көлік техникасын пайдалану тиімділігін арттыру
Негізгі әдебиет
  • Техническая эксплуатация автомобилей. Е.С.Кузнецов. – Наука, 2001. – 534 с.
  • Акчурин А.Г. Основы технической эксплуатации транспортной техники: Учебник для ВУЗов – Алматы: ТОО Издательство Эверо, 2014. – 425 с.
  • Жусупов К.А., Козбагаров Р.А. Транспорт и транспортная техника: Учебно-методическое пособие – Алматы: КазАТК, 2014. – 315 с.
  • Копенов, Б.Т. Основы технической эксплуатации транспортной техники: учебное пособие – Алматы: КазАТК, 2010. – 112 с.
Қосымша әдебиеттер
  • Основы технической эксплуатации транспортной техники / С.Ж.Кабикенов, М.М. Кириевский, В.В. Шалаев; Карагандинский государственный технический университет. – Караганда: Издательство КарГТУ, 2014. – 261 с.
  • Техническая эксплуатация автомобилей. Н.А. Коваленко, В.П. Лобах, Н.В. Вепринцев. - Новое знание, 2008. – 352 с.