Тау жыныстары және процестерінің физикасы

Абдугалиева Гульжан Юсупхановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Тау жыныстары мен процесстерінің физикасы-бұл тау жыныстарындағы физикалық-техникалық қасиеттері мен физикалық процестері, тау-кен өндірісінің әртүрлі технологиялық міндеттерін шешу кезінде қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары мен пайдалану принциптері туралы ғылым. Курс жыныстардың негізгі физика-техникалық параметрлерін, олардың жыныстардың құрамы мен құрылымына тәуелділігін, сыртқы физикалық өрістердің әсер етуі кезіндегі өзгергіштігін, оларды эксперименталды анықтау әдістерін қамтиды.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Тау-кен өндірісінің негіздері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Тау жыныстарының қасиеттерін, процесстерін және олардың өзгеру заңдылығын, тау-кен өндірісінің әртүрлі технологиялық шешімдерің талқылау кезінде оларды қолдану принциптерін қолдануды меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • студенттер білу және түсіну қажет: тау жыныстары физикасының негізгі түсініктері және анықтамалары, тау жыныстарының физикалық қасиеттері, физикалық өрістердің тау жыныстарының қасиеттеріне әсері, тау жыныстары массивіндегі физикалық процестер, тау жыныстарының базалық физика-техникалық параметрлері, оларды анықтау әдістемелері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • студенттің білім мен түсініктерді қолдануы: тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттерін зерттеуде, тау жыныстары мен массивінің қасиеттері мен жағдайларын бағыттап өзгертуде, тау жыныстарынң физика-механикалық параметрлерін тау-кен өндірісінің негізгі процесстерін есептеуде қолдана білуі қажет.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • тау жыныстары мен тау жыныстары массивінің қасиеттерін анықтаудың негізгі әдістемелерін қолдану дағдылары, алынған экспериментальдық нәтижелерді өңдеу дағдылары болуы қажет.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • тау-кен өндірісінің есептерін шешу үшін және өндіру процесінің технологиялық регламентін, олардың мәнін білу негізінде, іске асыру үшін ғылыми, инженерлік және ұйымдастырушылық потенциалы болуы қажет.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • тау жыныстарының қасиеттерін зерттеудің жаңа әдістемелерін меңгеру қабілеті, технологиялық есептерді тау жыныстарының физика-мехникалық параметрлерінің әсерлерін ескеріп шешудің аясын кеңейту қабілеті, пәнаралық көзқарасты интегралдау қабілеті.
Оқыту әдістері

Дәріс оқыту дәстүрлі және белсенді түрлерін қолдану арқылы өтеді: пікірталас, тренинг немесе әңгімелесу; слайдтарды көрсету. Оқытушының сұрақтары материалды меңгеру процесін белсендіруге, сондай ақ логикалық ойлауды дамытуға бағытталған. Оқытушы ассоциациялық ойлауды және бұрын меңгерілген материалмен байланысты тудыратын сұрақтар тізімін алдын ала анықтайды Практикалық сабақтар оқытушыға студенттермен жеке қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді және оқытудың интерактивті әдістеріне қолайлы.

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе
  • Минералдар және тау жыныстары
  • Тау жыныстарының физикалық-техникалық қасиеттері және физикалық процестер туралы жалпы түсінік
  • Тау жыныстарының механикалық қасиеттері
  • Тау жыныстарының реологиялық қасиеттері
  • Тау жыныстарының беріктігі және бұзылуы
  • Тау жыныстарының жылулық қасиеттері
  • Серпімділік тербелістер және тау жыныстары акустикалық қасиеттері
  • Тау жыныстарының электрлік қасиеттері
  • Тау жыныстарының магниттік қасиеттері
  • Тау жыныстарының гидравликалық қасиеттері
  • Тау жыныстарының жалпыланған тау-кен-технологиялық параметрлері
  • Массивтегі тау жыныстарының физикалық жағдайы
  • Жыныстар массивін қазуға дайындау процестері
  • Тау-кен өндірісінің физикалық процестері
Негізгі әдебиет
  • 1. Ржевский В.В., Новик Г.Я. Основы физики горных пород, М., Недра, 2004, 359 с. 2. Ильницкая Е.И. и др. Свойства горных пород и методы их определения. М., Недра, 2009, 392 с. 3.Кобранова В.Н., Лепарская Н. Определение физических свойств горных пород. М., Гостоптехиздат, 160с., переизд. 2010 г.
Қосымша әдебиеттер
  • 1. Физика горных пород: учебник для вузов / Л.Я. Ерофеев (и др.); под ред. Л.Я. Ерофеева. – Томск: ТПУ, 2006. – 520 с. 2. Физика горных пород. Горное давление. Лабораторный практикум: учебное пособие /С.Ф. Алексеенко, В.П. Мележик. – Киев: Вища шк., 1990. – 183 с. 3. Порцевский А.К., Катков Г.А. Основы физики горных пород, геомеханики и управления состоянием массива. – Учебник для вузов, Изд. МГГУ, 2004 г,, 120 с.