ПҚКО жерасты қазуға арналған стационарлы қондырғылар және тау-кен машиналары
Сипаттама: Cтационарлы қондырғылар мен тау-кен машиналарын есептеу, таңдау және жобалаудың негізгі анықтамалары, ережелері, ерекшеліктері мен тәртібі. Теориялық білімді қолдана отырып, инженерлік-қолданбалы есептерді орындау; тау-кен техникасының тиімділігін арттыру және шахталардың стационарлық қондырғыларын қауіпсіз және үнемді пайдалану мақсатында техникалық-экономикалық және басқару шешімдері.
Кредиттер саны: 3
Пререквизиты:
- Тау-кен өндірісінің негіздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 15 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 15 |
СӨЖ | 45 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Студенттердің стационарлы қондырғылар және пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты өндіруге арналған тау-кен машиналары аумағында, яғни шахтаның (кеніштің) оны пайдалану кезіндегі жұмыс жасауын қамтамасыз ететін жабдықтар мен қондырғылар туралы жүйелі ғылыми және кәсіптік білім алуын және машықтануын қалыптастыру.
Міндет
- - студенттерге стационарлы қондырғылар және пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты өндіруге арналған тау-кен машиналары облысында теориялық негіз қалыптастыру; - қолданыстағы стационарлы қондырғылар және тау-кен машиналары түрлерінің құрылымдары және олардың техника-экономикалық сипаттамалары туралы білім алу; - машиналардың өнімділігін есептеуді білу және оларды таңдағанда осы технологиялық үдеріске және осы тау-кен техникалық жағдайына дәл келетінін дәлелдей білу; - стационарлы қондырғылардың және тау-кен машиналарының кинематикалық сұлбалары және ерекшеліктері бойынша талдауға, тау-кен жұмыстарын механикаландыруға арналған негізгі және қосымша жабдықтарды пайдалануға машықтану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Пән аралық жобаларды, топпен жұмыс атқаруды, сонымен қатар интернационалды, жүзеге асыруға мамандарды даярлау
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Қазіргі заманғы машиналардың құрылысы мен ерекшеліктері жайында кешенді білім қалыптасытру, сонымен қатар нақты өндіріс жағдайындағы технологиялық үрдістерге қажетті техниканы тиімді таңдау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Керекті деректерді, білімді және мағлұматтарды түсіндіру. Есептеулерді негіздеу және тиімді параметірлерді тандау, кешенді сұрақтарға жауап таба білу. Табылған мағлұматтар негізінде қорытынды шығара білу және пікір қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Мағлұматтарды, идеяларды, мәселелерді, олардың шешімдерін, қортындыларын және оларды құрастыруға арналған білімдерді анық жеткізе білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Алған білімнің және түсініктің негізінде жоғарғы дәрежеде өз бетімен оқуды жалғастыруға бейімділікті қалыптастыру.
Оқыту әдістері
Дәріс-семинар-сынақ жүйесі; ынтымақтастықта оқыту (командалық, топтық жұмыс)); ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; жобалық оқыту технологиясы; оқытудың зерттеу әдісі.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Шахталық көтергіш қондырғылар
Негізгі әдебиет
- 1. Кумыкова Т.М., Кумыков В.Х. Расчеты рудничных водоотливных, вентиляторных и пневматических установок. Учебное пособие. ISBN 978-601-7137 Усть-Каменогорск: ВКГТУ, ТОО «ВКПК Арго», 2010 2.Кумыкова Т.М. Стационарные установки шахт в задачах и примерах: Учебное пособие. Усть-Каменогорск: Издательство ВКГТУ, 2007 3. Кумыкова Т.М. Стационарные установки шахт. Электронное учебное пособие. Усть-Каменогорск: ВКГТУ, 2012 4. Кумыкова Т.М. Пути стабилизации и повышения давления воздуха в шахтной пневмосети. Монография ISBN 978-601-7137-16-8. - Усть-Каменогорск: ВКГТУ, ТОО «ВКПК Арго» 2010 5. Кумыкова Т.М., Кумыков В.Х. Инновационная система воздухоснабжения подземного рудника. Монография ISBN 978-601-7137-17-5. - Усть-Каменогорск: ВКГТУ, ТОО «ВКПК Арго», 2010 6. Кумыкова Т.М. Горные машины в задачах и примерах. Учебное пособие. Усть-Каменогорск: ТОО «ВКПК» Арго, 2010. – 92 с.
Қосымша әдебиеттер
- 1. Клорикьян, С. Х. Машины и оборудование для шахт и рудников: Справочник / С. Х. Клорикьян, В. В. Старичнев, М. А. Сребный и др. – 7-е изд., репринтн., с матриц 5-го изд. (1994 г.). – М.: Изд-во МГГУ, 2002. – 471 с. 2. Машины и оборудование для шахт и рудников: справочник/ С.Х.Клорикьян, В.В. Старичнев, М.А. Сребный и др. – 6-е изд., стереотип.- М.: Издательство Московского государственного горного университета, 2000 3. Машины и оборудование для очистных и проходческих работ. Отраслевой каталог, части I и II. М., ЦИЭИуголь, 2001