Ақпараттық зияткерлік жүйелер

Вайс Юрий Андреевич

Оқытушының портфолиосы

Айтмұханбетова Эльвира Айтмұханбетқызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курста білімге негізделген интеллектуалды жүйелер, білім базаларының құрылымы мен шығару механизмдері әртүрлі сараптамалық жүйелер, нейрожелілік жүйелер қарастырылады. Пәнді оқу деректерді зияткерлік өңдеу және әлсіз формальды есептерде шешімдер қабылдау, бизнес-үдерістерді басқару кезінде білім базасын ұйымдастыру үшін қажетті білім береді.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Математика 3
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Кәсіби бағытталған ақпараттық жүйелердегі деректерді зияткерлік өңдеу әдістерін үйрену және дағдыларын алу.
Міндет
  • "Жасанды интеллект" және сараптамалық жүйелер саласындағы негізгі ұғымдар туралы білімді қалыптастыру.
  • Білімді алу және ұсыну әдістерін қолдану дағдылары мен білімін қалыптастыру.
  • Білім базаларының құрылымы мен әртүрлі шығару механизмдері бар жүйелерді әзірлеу және пайдалану бойынша дағдыларды алу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Білім алудың негізгі әдістерін, білім беру мен сақтаудың негізгі тәсілдерін және оларды қолдану саласын білу және түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Білімді алу әдістерін қолдану, зияткерлік және сараптамалық ақпараттық жүйелерде өңдеу үшін білім базасын құру дағдысын пайдалану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ақпараттық зияткерлік жүйелерде моделдеу әдістері мен модельдерін пайдалануды таңдау туралы пікір қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Зияткерлік ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану шеңберінде командамен жұмыс істеу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Курста алған білімдерді заманауи компьютерлік құралдардың көмегімен қолдану дағдыларын меңгеру, сонымен қатар модельдеудің жаңа әдістеріне үйрету қабілеті.