Пайдалану материалдары

Муздыбаев Мурат Сеитович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән автомобильді пайдалану материалдарының (отындар, майлар, майлаулар, техникалық сұйықтықтар, лак-бояу, резеңке-техникалық және басқа да полимерлік материалдар) құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттерін, олардың сыртқы факторлардың әсерінен өзгеруінің заңдылықтарын, олардың автомобиль тораптары мен агрегаттарының жұмыс тиімділігіне әсерін зерттейді, сондай-ақ пайдалану материалдарын алудың, өңдеудің, сақтаудың және кәдеге жаратудың заманауи және перспективалық технологиялық тәсілдерін қарастырады.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 15
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Студенттерде қазіргі заманғы пайдалану материалдарының (отындар, майлау материалдары, арнайы сұйықтықтар, металл емес материалдар) сапасына қойылатын пайдалану-техникалық талаптардың күрделі кешенін еркін меңгеруге мүмкіндік беретін, олардың ішкі жану қозғалтқыштарының, трансмиссия агрегаттарының және автомобильдердің басқа да конструктивтік тораптарының сенімділігі мен ұзақ мерзімділігіне әсерін ескере отырып, білім мен дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ экономикалық және экологиялық факторларды ескере отырып, оларды тиімді қолдануды ұйымдастыру
Міндет
  • Физикалық-химиялық қасиеттері, пайдалану қасиеттері, отындарды, майларды, техникалық сұйықтықтарды қолдану салалары бойынша қажетті білім көлемін алу. Бұл базада материалдарды ұтымды және үнемді пайдалануды ұйымдастыру және оларды нормалау негіздері бойынша мәліметтер игерілуі тиіс
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Пайдалану материалдарының негізгі қасиеттері, сапа көрсеткіштері; оларды ұтымды қолдануды ұйымдастыру
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Көлік құралының нақты түрі үшін отын маркасын және майлау материалдарын дұрыс таңдау; алмастырғышты таңдауды техникалық негіздеу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Талдау: жанар-жағар май материалдарын алу; осы материалдармен жұмыс істеу; металл емес конструкциялық материалдармен жұмыс істеу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ғылыми зерттеулер жүргізуге және практикалық қызмет етуге мүмкіндік беретін бір шет тілін жоғары деңгейде меңгеру
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Жаңа білім мен іскерлікті, оның ішінде қызмет саласымен тікелей байланысты емес жаңа салаларда, әлеуметтік және кәсіби құзыреттілікті дамыту үшін таным, оқыту және өзін-өзі бақылау әдістері мен құралдарын өз бетінше қолдану қабілеті
Оқыту әдістері

классикалық оқыту әдісі

Аудиовизуалды техникалық құралдардың көмегімен оқыту;

"Кеңесші" жүйесі

Оқулықтың көмегімен оқыту,

Компьютерлік оқыту

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Көлік техникасында пайдаланылатын отындардың, майлар мен жағар майлардың, техникалық сұйықтықтардың және металл емес материалдардың негізгі түрлері
  • Бензиндерге қойылатын техникалық-экономикалық талаптар және пайдалану сапасын сипаттайтын олардың физикалық-химиялық қасиеттерінің көрсеткіштері
  • Дизель отындарына қойылатын талаптар және олардың пайдалану сапасын сипаттайтын физикалық-химиялық қасиеттерінің көрсеткіштері
  • Газ тәрізді отынға қойылатын техникалық-экономикалық талаптар және оны пайдалану ерекшеліктері
  • Отынның балама түрлері
  • Сұйық майлардың мақсаты және үйкеліс түрлері туралы қысқаша мәліметтер
  • Майларда қолданылатын қоспалар, олардың тағайындалуы және әрекет ету принципі
  • Сұйық майларға қойылатын талаптар, олардың пайдалану сапасын сипаттайтын физикалық-химиялық қасиеттері
  • Трансмиссиялық майлар және олардың қолданылу саласы
  • Созымды майларға қойылатын талаптар олардың пайдалану сапасын сипаттайтын физикалық-химиялық қасиеттері
  • Отын үнемділігінің негіздері
  • Техникалық сұйықтықтар
  • Пластмасса түрлері және олардың құрамы
  • Лак-бояу материалдарының мақсаты және оларға қойылатын техникалық-экономикалық талаптар
  • Резеңке материалдардың өзіне тән қасиеттері және оларды автомобиль бөлшектерін жасау үшін қолдану
Негізгі әдебиет
  • Баубек, А.А. Эксплуатационные материалы: учебник.- Астана, 2010.
  • Спиркин В.Г. Автомобильные эксплуатационные материалы. Учебник.- Москва, 2018.
  • Эксплуатационные материалы. Учебное пособие. Автор В. В. Вербицкий, В. С. Курасов, А. Б. Шепелев. Лань, 2018
  • Каня В.А., Пономаренко В.С. Эксплуатационные материалы [Электронный ресурс]: курс лекций. – Омск: СибАДИ, 2015
  • Тастанбеков Т.Х., Туленденов Р.С. Автомобильдерді пайдалануда қолданылатын материалдар. Өскемен: ШҚМТУ, 2005. – 206 б.
  • Мырзабекова Д.М., Яковлев В.С. Пайдалану материалдары. 5В071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығының студенттеріне зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. Өскемен қ., 2018 – 108 б. с.
  • Мырзабекова Д.М., Яковлев В.С. Эксплутац«Транспорт, транспортная техника и технологии». – Усть-Каменогорск, 2018- 118 сионные материалы. Методические указания к лабораторным работам для студентов специальности 5В071300
Қосымша әдебиеттер
  • Васильева Л.С. Автомобильные эксплуатационные материалы. Учебник для вузов. – М.: Транспорт, 2004
  • Грамолин А.В., Кузнецов А.С. Топливо, масла, жидкости и материалы для эксплуатации и ремонта автомобилей. – М.: Машиностроение, 1995
  • Гуреев А.: и др. Автомобильные эксплуатационные материалы. М.:Транспорт, 1974
  • Зеркалов Д.В. Экономия нефтепродуктов. М.: Недра, 1990