Іштен жану қозғалтқыштары

Азаматов Багдат Нурланович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Қозғалтқыштардың мақсаты, типтері, қолданылу саласы. Іштен жану қозғалтқыштары және оның механизмдері; термодинамикалық циклдер; нақты циклдердің жүру ерекшеліктері; толтыру, сығу, кеңейту және шығару процестері; қозғалтқыштың индикаторлық көрсеткіштері; қозғалтқыштар жұмысының тиімді және экологиялық көрсеткіштері.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар 15
СӨЖО 30
СӨЖ 75
курстық жоба
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Іштен жану қозғалтқыштарының конструкциясын және олардың жұмыс істеу принциптерін зерттеу
Міндет
  • Іштен жану қозғалтқыштарының құрылғысы бойынша білім алу және олардың жұмыс принциптерін түсіну, қозғалтқыштарды жобалау және оларды стендтік сынау дағдылары
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • ІЖҚ құрылымдарын білу және оның жұмыс принциптерін түсіну
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • көлік техникасында қолданбалы қолдану, ІЖҚ жобалау, сынау үшін білім мен түсініктерді қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • көлік техникасында ІЖҚ қолдану және оларды пайдалану тиімділігі туралы пікір қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • ІЖҚ жұмыс істеуінің тиімділігі мен жай-күйін диагностикалау бойынша коммуникативтік қабілеттер
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • ІЖҚ диагностикалау, сервис және жөндеу үшін оқыту дағдылары
Негізгі әдебиет
  • ЛУКАНИН В.Н. - Двигатели внутреннего сгорания. Т1. ТЕОРИЯ РАБОЧИХ ПРОЦЕССОВ. М.: Высшая школа, 2005. - 479 с. ISBN 5-06-004142-5
  • ЛУКАНИН В.Н. - Двигатели внутреннего сгорания. Т2. ДИНАМИКА И КОНСТРУИРОВАНИЕ. М.: Высшая школа, 2005. - 400 с. ISBN 5-06-004143-3
Қосымша әдебиеттер
  • 1. Дьяченко В.Г. Теория двигателей внутреннего сгорания. Харьков: ХНАДУ, 2009. - 500 с. ISBN 978-966-303-247-4