Жылу техникасы негіздері
Сипаттама: «Жылутехникасы негіздері» пәні негізгі үш тараудан тұрады: техникалық термодинамика; жылулық күштік қондырғылар; жылуберілім. Техникалық термодинамика тарауында жылу тасымалдағыштардың жылуфизикалық қасиеттерін, энергетикалық жағдайын бағалайтын негізгі көрсеткіштері, жылу үрдістерінің термодинамикалық талдауы, жылу энергиясының механикалық жұмысқа айналуының негізгі заңдылықтары қарастырылады. Жылу күштік қондырғылар тарауында жылу күштік қондырғылардың (газдық ЖКҚ, булық ЖКҚ, бинарлық ЖКҚ, тоңазытқыш және сығымдағыш қондырғылар) жұмыс циклының тиімділігінің термодинамикалық талдауы және негізгі сұлбалары, жұмыс істеу приниптері қарастырылады. Жылуберілім тарауында жылу-масса алмасу жүйесінің және жылу энергиясының жылу күштік қондырғылардың жұмыстық циклына жылуберілімінің теориялық негіздері қарастырылады.
Кредиттер саны: 5
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- "Жылутехника негіздері" пәнін оқытудың мақсаты-білім алушыға (студентке) жылу энергиясын техникалық құрылғыларды және жылу күштік қондырғыларды қолдану арқылы пайдалы механикалық жұмысқа айналдыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін физикалық процестер саласындағы білім жүйесін беру.
Міндет
- Пәннің негізгі міндеті: білім алушыларда жылу-күштік процестерді ұйымдастырудың түсінігі мен әдістері, олардың жиынтықтары мен үйлесімдері жүйесін қалыптастыру, күштік агрегатты құрастыру және оны тиімді пайдалану қамтамасыз етіледі. Инновациялық күштік жүйелерді жетілдіру мен әзірлеу және оларды пайдалану бойынша ғылыми ойлаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- жылу энергиясын алу мен пайдаланудың жалпы заңдары мен техникалық термодинамикасының мазмұнын; типтік термодинамикалық процестер, олардың ерекшеліктері мен қасиеттерін; жылу энергиясын механикалық жұмысқа айналдыру үшін тұйық термодинамикалық циклдерді құрудың тәсілдері мен әдістерін; жылу ресурсын пайдаланудың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін термодинамикалық циклдарды ұйымдастырудың негізгі ережелері мен бағыттарын;жұмыс циклін ұйымдастырудың болжамды нұсқаларының олардың мақсатын, пайдалану шарттарын және жылу энергетикалық қондырғылардың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуді ескере отырып артықшылықтары мен кемшіліктерін білу және түсіну;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- болып жатқан процестердің заңдылықтарын қабылдау және талдау, жылу күштік қондырғы жұмысын оңтайландыру бойынша түбегейлі шешімдер қабылдау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- өз шешімін қалыптастыру және талдау дағдыларын меңгеру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- жобаны іске асыру және оны жаңғырту кезінде жұмыс денесінің қасиеттерінің өзгеруі мен жай-күйінің термодинамикалық параметрлерінің техникалық есептеулерін орындау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- инновациялық ақпаратты талдау және оны зерттеу мен шығармашылық талдау дағдыларын меңгеру
Оқыту әдістері
кредиттік технологияны пайдалану жағдайында сабақтар оқу-зерттеу қызметінің технологияларын(аналитикалық есептерді шешу) және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жүргізіледі.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Газ және газ қоспаларының күй параметрлері
- Газ және газ қоспаларының Жылуэнергетикалық қасиеттері
- Термодинамикалық процестер
- Изотермиялық және адиабатты процестердің жылуэнергетикалық параметрлерін талдау жәнеолардың өзара байланысы
- Жылуэнергетикалық параметрлердің изотермиялық және адиабаттық процесстердің политроптық процесстерін талдау және олардың өзара байланысы
- Политропты процестердегі жылуэнергетикалық параметрлерді талдау және олардың өзара байланысы
- Айналмалы процестер және тұйық циклдар
- Карноның тура қайтымды циклі
- ІЖҚ термодинамикалық циклдері
- Р =const кезінде жылу энергиясын келтірумен ІЖҚ термодинамикалық циклі
- Жылу энергиясының аралас берумен ІЖҚ термодинамикалық циклі талдауы және ПӘК-і
- Р-V және T-S координаттардағы ІЖҚ жылу күштік қондырғыларының термодинамикалық циклдарының тиімділігін салыстырмалы талдау
- Компрессорлық қондырғылардың термодинамикалық циклі
- Газтурбиналық жылу күштік қондырғылардың термодинамикалық циклі
- Тоңазытқыш қондырғылардың термодинамикалық циклдері
Негізгі әдебиет
- 1Ляшков В.И. Теоретические основы теплотехники. Учебное пособие.2-е издание . – М.: Машиностроение , 2015 – 260с. 2 Луканин В.Н., Шатров М.Г., Камфер Г.М. и др Теплотехника .Учебник для вузов. /Под общей редакцией Луканина В.Н. – М.: Высшая школа, 20016 – 671с. 3 Егоров А.А Основы теплотехники Учебно-методическое пособие для студентов специальностей 6В072400 ,6В07107 Транспорт, транспортная техника и технологии» ВКГТУ Усть-Каменогорск –ТОО «ВКПК АРГО», 2014– 249с. 4 Теплотехника : учебник для вузов / Александров А. А., Архаров А. М., Архаров И. А. [и др.] ; общ. ред. Архаров А. М., Афанасьев В. Н. - 3-е изд., перераб. и доп. - М. : Изд-во МГТУ им. Н. Э. Баумана, 2011. - 791 с. 5 Основы теории тепловых процессов и машин: в 2-х частях./ [ Н.Е. Александров, А.И. Богданов, К.И. Костин и др] под ред. Н.И. Прокопенко. Часть 1. 3-изд.,испрв., – М.: БИНОМ. Лаборатория знаний , 2009. – 560с.
Қосымша әдебиеттер
- 1 Ерофеев В.Л.,Семенов П.Д., Пряхин А.С.Теплотехника: Учебник для вузов./Под редакцией д-ра техн. наукВ.Л. Ерофеева. – М.: ИКЦ «Академкнига», 2010. – 488с. 2 Гладышев Н.Н., Короткова Т.Ю. Автономные источники тепловой и электрической энергии малой мощности: Уч. пособие , С-Пб.: СПСГТУРП, 2010. – 323с. 3 Основы теории тепловых процессов и машин: в 2-х частях./ [ Н.Е. Александров, А.И. Богданов, К.И. Костин и др] под ред. Н.И. Прокопенко. Часть 2. 3-изд.,испрв., – М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2009. – 571с.