Стационарлы қондырғылар
Сипаттама: Шахталық көтергіштер. Көтергіш қондырғылардың механикалық бөлігі. Турбомашиналар. Сыртқы желінің сипаттамалары. Желдеткіштер. Ауаны баптау және калориферлік қондырғылар. Сорғы станциялары. Сутөкпе қондырғыларының жабдықтары. Ортадан тепкіш сорғылар. Сорғылардың электр жабдықтары. Поршеньді, бұрандалы, пластиналы және турбокомпрессорлардың жұмыс ерекшеліктері, конструкциясы және қолданылу саласы. Желдеткіш қондырғыларын пайдалану және жобалау негіздері. су төгетін қондырғылар. пневматикалық қондырғылар.
Кредиттер саны: 5
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 15 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Студенттердің стационарлы қондырғылар және пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты өндіруге арналған тау-кен машиналары аумағында, яғни шахтаның (кеніштің) оны пайдалану кезіндегі жұмыс жасауын қамтамасыз ететін жабдықтар мен қондырғылар туралы жүйелі ғылыми және кәсіптік білім алуын және машықтануын қалыптастыру.
Міндет
- студенттерге стационарлы қондырғылар және пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты өндіруге арналған тау-кен машиналары облысында теориялық негіз қалыптастыру; - қолданыстағы стационарлы қондырғылар және тау-кен машиналары түрлерінің құрылымдары және олардың техника-экономикалық сипаттамалары туралы білім алу; - машиналардың өнімділігін есептеуді білу және оларды таңдағанда осы технологиялық үдеріске және осы тау-кен техникалық жағдайына дәл келетінін дәлелдей білу; - стационарлы қондырғылардың және тау-кен машиналарының кинематикалық сұлбалары және ерекшеліктері бойынша талдауға, тау-кен жұмыстарын механикаландыруға арналған негізгі және қосымша жабдықтарды пайдалануға машықтану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Білу және түсіну: - сутөкпе, желдетпе және пневматикалық қондырғылар саласында қағидалы негіздерді; - турбомашинаның бар үлгісінің конструкцияларының және оның техника-экономикалық мінездемесін; - басты желдету қондырғысының жабдығын есептеу және таңдау; ; - жергілікті желдету қондырғысының жабдығын есептеу және таңдау; - сутөкпе қондырғысының жабдығын есептеу және таңдау; - сораптың құбырының көрсеткіштерін анықтау; - пневматикалық қондырғының негізгі көрсеткіштерін анықтау; - тау кен машиналары саласында қағидалы негіздерді; - тау кен машиналарының бар үлгілерінің конструкцияларын және олардың техника-экономикалық мінездемелерін; - машинаның өнімділігін анықтау және оның айтылмыш технологиялық үдеріске және тау кен техникалық жағдайға сай таңдау және негіздеу; - таукен машинасының кинематикалық сұлбасын және ерекшеліктерін, - таукен жұмысының механикаландыруға арналған негізгі және қосалқы жабдықты пайдалануды.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Білім мен түсінуді қолдану: - сутөкпе, желдеткіш және пневматикалық қондырғыны есептеу; - қондырғылардың тиімді жұмыс режимін және жетегін таңдау; - жұмыс сенімділігі мен үнемділігі тұрғысынан қолданыстағы қондырғылардың пайдалану көрсеткіштерін сыни бағалау; -қауіпсіздік ережелеріне сәйкес сутөкпе, желдеткіш және пневматикалық қондырғыларды пайдалану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Пайымдауларды қалыптастыру: білімді біріктіруге және күрделі мәселелерді шешуге және сутөкпе, желдеткіш және пневматикалық қондырғылардың жаңа құрылымдарын қолдану немесе әзірлеу мәселелері бойынша толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде, олардың білімі мен пайымдауларын пайдаланумен байланысты әлеуметтік және этикалық жауапкершілікті ескере отырып, пайымдауларды тұжырымдауға қабілетті.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Коммуникация: сутөкпе, желдетпе және пневматикалық қондырғылары, таукен машиналарының бар үлгілерін пайдалану және жаңа конструкцияларын жасау мәселелері бойынша өзінің тұжырымдарын мамандарға және бұл саланың маманы емес адамдарға ашық және қайшылықсыз жеткізу және ол тұжырымдарды қалыптастыруға алған білімдерін және тәжірибесін пайдалану
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Білімнің дағдылары : : нақты турбомашинаға байланысты кеніштің шахтаның сыртқы желілері үшін сутөкпе, желдетпе және пневматикалық қондырғыларының жұмыс режимдерін анықтауды білу, Шахталардың сутөкпе, желдетпе және пневматикалық қондырғыларының жабдықтарын таңдауды және жобалауды білу. Пайдалы қазбаларды өндіру саласында таукен машиналарын пайдалана білу, аукен өндірісінің тиіді жұмысын қамтамасыз ету үшін жабдықтарды және машиналардың көрсеткіштерін таңдай білу.
Оқыту әдістері
Дәріс-семинар-тест жүйесі; бірлесіп оқыту (командалық, топтық жұмыс); ақпараттық және коммуникациялық технологиялар; жобаны оқыту технологиясы; оқытудың зерттеу әдісі.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Шахталық көтергіш жабдықтар
Негізгі әдебиет
- . Алексеев В.В. Рудничные насосные, вентиляторные и пневматические установки. Учебное пособие для вузов. - М.: Недра, 1983. – 381 с. 2. Смородин С.С., Верстаков Г.В. Шахтные стационарные машины и установки. Учебное пособие. - М.: Недра, 1975. - 280 с. 3. Картавый Н.Г. Стационарные машины. Учебник для вузов. – М.: Недра, 1981. – 327 с. 4. Хаджиков Р.Н., Бутаков С.А. Горная механика. - М.: Недра, 1982. - 407 с.