Механика

Байзакова Гульмира Абылгазиновна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Тәжірибеде кездесетін әртүрлі механизмдердің тепе-теңдік және қозғалысы туралы негізгі түсініктер. Болашақ маманның инженерлік ойлауын қалыптастыру, қолданбалы ғылымдар, физика және математика арасындағы байланысты орнатуға ықпал етеді. Әртүрлі механизмдердің тепе-теңдік және қозғалысы туралы негізгі түсініктер, практикалық қызметте кездесетін механизмдер буындарының қозғалысын кинематикалық және динамикалық зерттеу.

Кредиттер саны: 3

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 15
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Механика – материалдық денелердің механикалық қозғалысының жалпы заңдылықтары мен тепе-теңдігін және осы материялық денелердің өзара механикалық әсерлесуін зерттейтін ғылым. Механика пәні статика, кинематика және динамика деп аталатын үш бөлімнен тұрады. Статика бөлімінде абсолют қатты денеге әсер ететін әр түрлі күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттары қарастырылады. Кинематика бөлімінде әсер ететін күштерді ескермей, материалдық нүктенің, абсолют қатты дененің қозғалыстарыныңжалпы геометриялық сипаттамалары зерттеледі. Динамика бөлімінде материалдық нүктенің, қатты дененің қозғалысы зерттелгенде, осы қозғалыстың себебі болатын әсер етуші күштер және материялық объектілердің инерттілігі (массасы) ескеріледі.
Міндет
  • “Механика” курсындағы теориялық мәлiметтердi жақсы ұғынып, есептерiн дұрыс шығарып үйрену үшiн студент сабақта оқытушының айтқанын аса мұқият тыңдауы, түсiнбеген тұстарын бiрден сұрап отыруы және сабақтан тыс уақытта өз бетiнше оқулықтан тақырыптарды үнемi пысықтап отыруы қажет. Студенттердiң “Теориялық механика” курсына қызығушылығын арттыру үшiн оқытушылар сабақта өмiрден және де студенттердiң болашақ мамандықтарынан мысалдар келтiрiп отырғаны абзал. Ғылымның даму тарихынан да мәлiметтер берiлгенi дұрыс. Бұл ғылымды игерудегi талапкерлiк, еңбекқорлықтың көрнекi мысалдары бола алады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Білім алушылар білуге тиіс: -механиканың негізгі ұғымдарын; -механиканың аксиомалары мен теорияларын қолданып, күштер жүйесін түрлендіру тәсілдерін, абсолютты қатты денелердің, түйіскен күштердің, параллель күштердің, жазықтықта және кеңістікте кез-келген түрде түсірілген күштердің әсерімен тепе-теңдікте табылу шарттарын; -нүктенің қозғалысын беру әдістерін, оның жылдамдығы мен үдеуін, нүкте мен дененің қозғалыс түрлерін -динамиканың негізгі ұғымдарын
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • «Теориялық механика» курсын білу «Материалдардың кедергісі», «Құлылымдау негіздері және машиналардың бөлшектері» пәндерін оқу үшін қажет.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Тепе-теңдік есептері, тепе-теңдіктің тұрақтылығы, технологияда кездесетін механизмдердің компоненттерінің кинематикалық және динамикалық сипаттамаларын анықтау саласындағы өндірістік қызметке мамандарды даярлау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Сөйлесулер жүргізіп - кез-келген тілде диалог құрып, сөйлеу этикетінің ережелерін қолдану
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Келесі пәндердегі мәселелерді шеше білу және жақсы дайындық
Оқыту әдістері

интерактивті дәріс (оқутыдың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу, модерация, слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық; - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Теориялық механиканың негізгі ұғымдары
  • Жинақталатын күштер жүйесі
  • Күш моменттері теориясы
  • Қос күштер теориясы
  • Күштердің кез келген жазық жүйесі
  • Кез келген кеңістіктік күштер жүйесі
  • Ауырлық центрі
  • Үйкеліс
  • Нүкте кинематикасы
  • Қатты дене кинематикасы
  • Нүктенің күрделі қозғалысы
  • Қатты дененің жазық қозғалысы
  • Материалдық нүкте динамикасы
  • Материалдық нүкте жүйесінің динамикасы
  • Даламбер принципі
Негізгі әдебиет
  • 1. Никитин Н.Н. Курс теоретической механики. – М.: Высшая школа, 1990 г.- 608 с. 2. Тарг С.М. Краткий курс теоретической механики. – М.: Высшая школа, 1986 г.- 416 с. 3. Яблонский А.А., Никифорова В.М. Курс теоретической механики, ч. 1, 2. – Санкт-Петербург, 2002 г.- 650 с. 4. Левитская О.Н., Левитский Н.И. Курс теории механизмов и машин. Учебное пособие для вузов. – М.: Высшая школа, 1985 г.- 280 с. 5. Мещерский И.В. Сборник задач по теоретической механике. – М.: Наука, 2002 г.- 480 с.
  • 1 Жолдасбеков Ө.А., Сағитов М.Н. Теориялық механика. Алматы, 2002 – 575б. 2 Нұғыман, Аманжол М. Теорилық механика негіздері: Оқулық – Алматы, 2005 – 275б. 3 Іңкәрбеков А. Теориялық механика. Статика және кинематика: Оқулық – Алматы: Мектеп, 2005 – 232б. 4 Жолдасбеков Ө.А., Ахметов А.К. Теориялық механика есептер жинағы. Оқу құралы. – Алматы: Ғылым, 2003 – 393б. 5 Төреқожаев Ә.Н., Именов И., Төлегенова Қ. Теориялық механика: Курстық және семестрлік жұмыстар: Оқу құралы – Алматы: Мектеп баспасы, 2005 – 216б.
Қосымша әдебиеттер
  • 6 Жапаров Ж.Ж. Теориялық механика есептерін шешу. Алматы: Ана тілі, 1993, 168 б. 7 Қатты дене статикасы: «Теориялық механика» пәнін оқитын студенттердің оқытушымен өздік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау мен тапсырмалар. / А.Е. Қасымов.- Өскемен.: ШҚМТУ, 2008. -28 б. 8 Іңкәрбеков А. Теориялық механика. Динамика: Оқулық –Алматы: Мектеп, 2012 – 292 б.