Машина жасаудың теориялық негіздері

Азаматкызы Самал

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Машиналарын жасаудың жалпы сұрақтары. Машиналарды құрастырудың негізгі принциптері мен әдістемесі. Конструкторлық құжаттама. Стандарттау және машина жасау. Жаңа машина жасауда көркемдік құрастыру, эргономика және еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету. Конструктор жұмысындағы өнертапқыштық пен оңтайландыу мәселесі. Ғылыми зерттеу негіздері. Құрылымдық әзірлемелер деңгейін жоғарылату.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Аталмыш пәнді оқудың мақсаты студенттермен машиналарды жасау үрдісі туралы толықтай түсінік алуға көтергіш-көлік машиналарын құру мен жасауда туындаған мәселелер мен әр түрлі ережелерді біртұтас жүйеге біріктіру, студенттерде алғашқылық инженерлік ойлауды дамыту, техникалық, нарық қажеттіліге жауап беретін жаңа машиналар мен құрылғыларды жасау кезінде туындайтын техникалық, зерттеу және жобалау-құру есептерін құру, қабылдау және шешу құралдарының жетілген тәсілдерін оқыту, әр түрлі көздерді қолданумен қажетті шешімдерді өз бетімен іздеу дағдыларына үйрету болып табылады.
Міндет
  • - теориялық курстың негізгі қағиадаларын терең зерттеп және сапалы меңгеруі қажет; - КТМ жасау кезіндегі техникалық мәселелерді шешуге арналған қазіргі заманғы жетекші әдістерді зерттеу мен меңгеру; - мамандықпен байланысты қосымша есептерді шешуге негізі тәсілдер, әдістер мен құралдарды зерттеу, меңгеру және тәжірибемен бекіту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Машинажасаудың негізгі заңдылықтарының мәнін, математикалық сипатын және дәлелдерін, мамандықпен байланысты машиналардың негізгі түрлерінің есептеуін, теориялық (математикалық) сипатының негіздерін, көтергіш және тасымалдағыш машиналарының мақсатын, құрылымын, жұмыс істеу принціптерін, типтік құрылымдық шешімдерін, жұмыс үдерісінің негіздерін, оларға қойылатын талаптар мен көрсеткіштерін және машинажасау саласындағы негізгі ғылыми-техникалық жетістіктердің негізгі бағыттарын базалық немесе жоғарғы типті оқулықтар дәрежесіне сәйкес келетін деңгейде меңгеру. Машиналарды таңдауды және пайдалануды, олардың тиімді жұмыс тәртібін қамтамасыз ету әдістерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Теорияда алған білімін: жабдықтарды құрастыру негіздерін, машинаның теориялық сипатының негіздерін, мақсатын, құрылымын, жұмыс істеу принціптерін, типтік құрылымдық шешімдерін, жұмыс үдерісінің негіздерін, оларға қойылатын талаптар мен көрсеткіштерін және машина саласындағы негізгі ғылыми-техникалық жетістіктердің негізгі бағыттарын дамыуын, практикада қолдану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Машиналарды жасау және сипаттау саласына қажет білімді, мәліметтер мен ақпаратты жинақтау және өңдеу пайымдауларын қалыптастыру; жабдық жұмысының тиімді көрсеткіштерін негіздеу, есептеу және таңдау пайымдауларын қалыптастыру және де машиналар мен жабдықтарды жаңғырту немесе жетілдіру кезінде пайымдауларды қолдану.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Жабдықтар мен машиналарды жобалау және әзірлеу кезінде, есептеу жұмыстарында, машинажасау заңдылықтарын қолданғанда олар негізделетін қорытындыларды және сол қорытындыны жасауға қажет білімді, мәселелер мен шешімдерді, ойларды, ақпаратты анық және бір мәнді жеткізу. Ақпараттық үдерістерді іске асыратын бағдарламалық және техникалық құрылғылармен, заманауи ақпарат құрылғыларымен қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Машиналардың негізгі түрлерінің есептеуін, теориялық сипатының негіздерін, мақсатын, құрылымын, жұмыс істеу принціптерін, типтік құрылымдық шешімдерін, жұмыс үдерісінің негіздерін, оларға қойылатын талаптар мен көрсеткіштерін және көтергіш және тасымалдағыш машиналар саласындағы негізгі ғылыми-техникалық жетістіктердің негізгі бағыттарын білу қабілеті. Негізгі нормативтік құжаттармен (МЕСТ-тер) және электронды есептегіш құралдармен жұмыс істеу қабілеті.
Оқыту әдістері

Лекциялық-семинарлық-сынақ жүйесі; ынтымақтастықта оқыту (командалық, топтық жұмыс); ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; жобалық оқыту технологиясы; оқытудың зерттеу әдісі.

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Машина жасаудың жалпы мәселелері Машиналарды құрастырудың негізгі принциптері мен әдістемесі Конструкторлық құжаттама Машина жасаудағы стандарттау Жаңа машиналарды жасау кезінде көркем құрастыру, эргономика және еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету Конструктор жұмысында өнертапқыштық және рационалдау мәселелері Ғылыми зерттеулер негіздері Конструкторлық әзірлемелердің деңгейін арттыру
Негізгі әдебиет
  • 1 Богданович Л.Б. и др. Художественное конструирование в машиностроении. – Киев: Техника, 1976, – 184 с. 2 Кабашев Р.А., Гельцер А.К. Технические основы конструирования строительных машин. – Алма-Ата, 1994. – 197 с., ил. 3 Гурьянов Г.А. Технические основы создания машин: Методические указания к лабораторным работам для студентов специальностей 2803, 1305, 1402. / Гурьянов Г.А., Беляев Д.Л. / ВКГТУ. – Усть-Каменогорск, 2005. – 50 с. 4 Заблонский К.И. Основы проектирования машин. Киев: Вища школа, 1981. – 311 с. 5 Инженерная психология. Теория, методология, практическое применение. – М.: Наука, 1977. 6 Карпов Л.И., Аристов А.И. Оптимальные задачи стандартизации в машиностроении. Н ИИ. – М.: 1982. – 82 с.