Мамандыққа кіріспе
Сипаттама: Пән логистиканың негізгі ұғымдарын, оның функционалдық қолданылу салаларын; логистиканың пайда болуы мен дамуының қысқаша тарихын, логистиканы жетілдірудің негізгі кезеңдерін, тауар қозғалысының мәнін; логистиканың негізгі міндеттерін, ел экономикасындағы логистиканың мәнін, сондай-ақ ғылыми экономикалық бағыт ретінде логистиканы дамытуды қарастырады; жалпы болашақ мамандық туралы жалпы түсінік береді.
Кредиттер саны: 3
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 15 |
| СӨЖ | 45 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Логистиканың негізгі ұғымдарымен, оның функционалдық салаларымен, экономикадағы белгіленген міндеттерімен және рөлімен танысу.
Міндет
- Өндірістің әртүрлі салаларында және көлікте қолданылатын логистиканың барлық түрлерінің міндеттері, рөлі, ұғымдары туралы толық түсінік қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Логистиканың негізгі ұғымдары, мақсаттары мен міндеттері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Студент логистикалық жүйелердің құрылымын, әртүрлі салаларда және көлікте логистикалық жүйелердің жұмыс істеу негіздерін білуі тиіс.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Логистиканың қалыптасу тарихы, әртүрлі процестерді ұйымдастырудың дәстүрлі әдістерімен салыстырғанда логистиканың артықшылықтары, көліктік және кез келген технологиялық процестің көрсеткіштерін анықтауға арналған тәсілдер туралы.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Пәнді оқу нәтижесінде студент кәсіби дайындықты қазіргі заманғы деңгейде логистикалық құрылым жұмысын ұйымдастыру бойынша жаңа өндірістік және ұйымдастырушылық шешімдерді қолдана білуі тиіс.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Кез келген өндірістік және көліктік міндеттерді шешуге логистикалық тәсілдерді қолдану дағдыларын меңгеру.
Негізгі әдебиет
- Основы логистики: учебник/Г.Г.Левкин, А.М.Попович-М.-Берлин:Директ-Медиа, 2015,-387 с.; Левкин Г.Г. Логистика: теория и практика.-М.: Директ-Медиа, 2013, 217с.; Скоробогатова Т.Н. Логистика: учебные пособия.- 2-е изд.-Симферополь: ООО «ДиАйПи», 2005,-116 с. Тебекин А.В.. Логистика: Учебник,- М.: Дашков и К, 2012, 356 с.