Қазiргi замағы өлшеу түрлендiргiштері
Сипаттама: Пәннің мазмұны заманауи өлшеуіш түрлендіргіштер мен датчиктерді пайдалана отырып, автоматтандыру мен басқарудың күрделі техникалық жүйелерін жобалауда білім, білік және дағды алумен байланысты сұрақтар шеңберін қамтиды. Өлшеу арналары, өлшеу сигналдарының түрлері, өлшеу әдістері, өлшеу құралдарының түрлері туралы сұрақтар қарастырылады.
Кредиттер саны: 5
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- физикалық шамаларды өлшеу құралдарын білу және оларды қолдану теориялық және тәжірибелік әдістерін білу керек
Міндет
- өлшеу құралдардың теориялық негіздерімен таныстыру, физикалық шамаларды өлшеу әдістерін ғылыми топтастырумен таныстыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- электр, магниттік және магнит емес шамаларды өлшеу әдістері мен тәсілдерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- өлшеуіш түрлендіргіштердің негізгі сипаттамаларын бәлу және оларды шығару
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- оқу және өзін өзі бақару білімін және әдістерін қолдана білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- әлеуметтік, экономикалық, мамандырылған рөлдерді ауыстыра білуге икемділік
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- қоғамда және мамандық сферасында өз ойын толық жеткізе білу
Оқыту әдістері
Оқу-зерттеу іс-әрекетінің технологиясы
Коммуникациялық технологиялар (пікірталас, пресс-конференция, миға шабуыл, білім беру дебаттары және т.б.)
Ақпараттық-коммуникациялық (қашықтықты қоса алғанда) технологиялар
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | шекаралық бақылау 1 | 0-100 |
практикалық жұмыс 1 | ||
2 рейтинг | шекаралық бақылау 2 | 0-100 |
практикалық жұмыс 2 | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Өлшеу түрлендіргіштерінің негізгі сипаттамалары
- Өлшеу түрлендіргіштерінің динамикалық сипаттамалары
- Өлшеу түрлендіргіштерінде шығыс электрлік ақпараттық сигналдарды генерациялау әдістері мен құралдары
- Параметрлік өлшеу түрлендіргіштерінің сигналдарын қалыптастыруға арналған көпір схемалары
- Көпірді басқару: өткізгіштердің кедергі қателіктерін азайту
- Сигналдарды реттеуге арналған күшейткіштер
- Датчиктерден сигналдарды қалыпқа келтіруге арналған ADC
- Бір чипте деректерді жинаудың толық жүйелері: температура, ылғалдылық, қысым, жарық сенсорлары
Негізгі әдебиет
- Аш Ж. Датчики измерительных систем: В 2-х книгах. Пер. с франц. - М.: Мир, 1992. - Кн.1- 480 с., Кн.2 - 424 с.
- Дворяшин Б.В., Скачков В.Л Измерительные преобразователи и электроды. - М. Изд-во МЭИ, 2000. - 120С.
- Дж Фрайден Современные датчики. Справочник. Москва: Техносфера, 2005. -592 с.
- Измерение неэлектрических величин: учебное пособие /Б.Б.Винокуров, Г.В.Вавилова. И.А.Клубович. - Томск: Изд-во Томского политехнического университета, 2008. - 290 с.
Қосымша әдебиеттер
- Измерения в промышленности. Справ. изд. в 3-х кн. Кн.1 Теоретические основы. Пер. с нем. / Под ред. Профоса П.: Металлургия, 1990.