Автоматтандыру жүйелеріндегі бағдарлама құралдары
Сипаттама: Автоматтандыру жүйелерін жобалау кезінде қазіргі заманғы бағдарламалық құралдарды қолдану мәселелері қарастырылады. Есептерді жіктеу және оларды шешу кезінде қолданылатын тиісті бағдарламалық құралдар оқытылады. Автоматты басқару жүйелерін жобалаудың SCADA жүйелерін қолдану дағдылары игеріледі.
Кредиттер саны: 5
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Технологиялық процестерді автоматты басқару элементтері мен жүйелерін құру және пайдалану саласында өндірістік және ғылыми-зерттеу жұмыстарына мамандарды даярлау.
Міндет
- Заманауи аппаратты құралдарды басқаруды ұйымдастыруда С++ программалу тілін қолдану тәжірибесін дамыту. Дисциплинаны оқу нәтижесінде студенттер білуге тиіс
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Жоғарғы деңгейдегі тілдер,ассемблер тілі,машиналар тілдері.Объект ориентерленген программалаудың концепциясы.С++-гі программалау негіздері.Программа құрлымы.Айнымалыларды енгізу және шығару.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Салыстыру операциясы.Логикалық операция.Басқару құрылымдары.Таңдау құрылымдары(тармақталу): if (Егер) таңдау құрылымы, if/else (Егер-Егерде ) таңдау құрлымы, swit көпшілік таңдау құрылымы.Қайталау құрылымдары(циклдар). for (ЦИКЛ) қайталау құрылымы. while (Әзірге) қайталау құрылымы. do/ while қайталау құрылымы.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Символдар мен жұмыс істеу.Символдық жолдар.Жолдар мен жұмыс істеу функциясы.Функциялар мен жұмыс істеу негіздері.Аргументтерді арналуы бойынша жіберу.Нұсқаушылар.Динамикалық программалау.Класстың ашық және жабық элементтері. Конструктор және деструктор.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Жобалық шешімдердің техникалық-экономикалық негізделуін алдын-ала өткізе білу,өндірістік аумақтарды құру немесе қайта құру бойынша жоспарлы-өндірістік есептеулерді жүргізу,ұжым жұмысын және еңбек ақы фондының жұмысын жоспарлау,эксплуатациялаудың прогрессивті әдістерін қолдану.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Енгізілген жаңа құрылғыларды үйрену қабулеті,техникалық қалыпын тексеру және автоматизация жүйесінің істегі құрылғыларының қалдық ресурстары,керек болған жағдайда өндірістің өндірістік аумақтарында жөндеу және қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізу.
Оқыту әдістері
интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу);
берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру;
ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар);
іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі);
оқу міндеттерін шешу.
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Практикалық жұмыс 1 | 0-100 |
Практикалық жұмыс 2 | ||
2 рейтинг | Практикалық жұмыс 3 | 0-100 |
Практикалық жұмыс 4 | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Жобалық құжаттама
- Автоматтандырудың функционалдық схемалары
- Электрлік схемалар
- Бағдарламаланатын релелер
- Бағдарламаланатын релелер үшін программаларды жазу
- Өнеркәсіптік контроллерлерге арналған бағдарламалау тілдері
- Бағдарламаланатын логикалық контроллерлер
- Автоматтандырудағы датчиктер
- Автоматтандыруға арналған атқарушы механизмдер мен реттеуші құралдар
- ПЛК жобасын әзірлеу
- Автоматтандырудағы электр жетек
- Автоматтандырудағы далалық шиналар мен интерфейстер
- Өнеркәсіптік жергілікті желілер
- Адам-машиналы интерфейсі
- SCADA жүйелері
Негізгі әдебиет
- Gerhart, James (31 March 1999). Home Automation and Wiring. McGraw-Hill Professional. ISBN 0070246742.
- Harper, Richard, ed. (14 August 2003). Inside the Smart Home. Springer. ISBN 1852336889.