Автоматтандырылған жүйелерді монтаждау және пайдалану

Алимханова Аслима Жеңісқызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Датчиктер мен бастапқы аспаптарды монтаждау. Монтаждау және байлау сұлбалары. Бастапқы түрлендіргіштердің сезімтал элементтерін өлшенетін және қоршаған ортаның әсерінен қорғау.өндірістің технологиялық процестерін орталықтандырылған бақылау және автоматтандырылған басқару жүйелерінің элементтерін монтаждау және ретке келтіру

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Автоматтандырылған жүйелері мен аспаптарды тексеру, жөндеу, құрастыру өндірісі бойынша студенттерді теориялық және іс-тәжірибелік жақтарынан дайындық.
Міндет
  • Автоматты басқару жүйесінің құрастыру негіздерін; жөндеу жұмыстарының құрамы мен ұйымдастыруын; автоматты басқару жүйесін қолдану әдістерін.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Автоматтандыру жүйелері мен аспаптарды іске келтіруді, орнату мен тандаудын техникалық шарттарын, талаптарын техникалық білікті құрау.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Нормалы-техникалық және мәліметт беретін құжаттармен қолдануды; ПП құрылымдық сипаттамалрын зерттеу кезінде өлшеу құралдарымен қолдануды;Түйіндердің құрылымын графикалық анализдеп көрсету.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • -мамандықтын сферасындағы пәннің рөлі мен білім орнын, маманнын қоғамдағы деңгейін білу қажет; -«Жүйелер мен аспаптарды құрастыру және пайдалану» пәні мен нақты ғылыми пәндер арасындағы байланысты, пәннін мамандық шегіндегі орнын білу қажет.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Автоматтандыру аумағындағы жаңа жетістіктер мен дамуы.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Белгілі қондығылардын техникалық сипаттамалрына, пайдалану нұсқауларына сәйкес автоматтандыру жабдықтарын жөндеп келтіру.
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Тәжірибе 1 0-100
Тәжірибе 2
Тәжірибе 3
Тестлеу
2  рейтинг Тәжірибе 4 0-100
Тәжірибе 5
Тәжірибе 6
Тестлеу
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Монтаждау жұмыстарының жобалық құжаттамасы
  • Монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру
  • Автоматтандырудың типтік жобасын оқу
  • Жұмыс өндірісі жобасының құрамы және мазмұны
  • Объектінің құрылыс дайындығына монтаждау ұйымының талаптары
  • Іріктеу құрылғыларының түрлері
  • Құбыр өткізгіштерін монтаждау
  • Автоматтық жүйелерді монтаждау бойынша жұмыстарды өндірудің жобасын оқу
  • Жеке және топтық құбыр өткізгіштерін төсеу
  • Құбыр блоктары
Негізгі әдебиет
  • Клюев А.С. и др. Наладка систем автоматического регулирования и автоматических регуляторов. М. : Энергоатомиздат. 2000.
  • «Наладка средств автоматизации и автоматизированных систем регулирования.» Под ред. А. С.. Клюева. М. : 2003
  • Каминский М. Л., Каминский В. М. Монтаж приборов и средств автоматизации. – М.: Высш. шк., 2015 – 345 с.
  • Назаров В.Н., Третьяков А.А., Оневский П.М., Елизаров И.А. Монтаж, наладка, эксплуатация систем автоматизации [Электронный ресурс]: учебное пособие / В.Н. Назаров, А.А. Третьяков, П.М. Оневский, И.А. Елизаров. – Тамбов: ФГБОУ ВПО «ТГТУ», 2018. – 240 с.
Қосымша әдебиеттер
  • Строительные нормы Республики Казахстан СН РК 4.02-03-2012 «Системы автоматизации» - 65 с.
  • Свод правил Республики Казахстан СП РК 4.02-103-2012 «Системы автоматизации» - 211 с.
  • «Стандарт организации. Системы автоматизации технологических процессов. Устройство сетей заземления». СТО 51246464-011-2015. http://norma-rtm.ru/standart-organizacii-sistemy-avtomatizacii-texnologicheskix-processov-ustrojstvo-setej-zazemleniya/