Асқын кернеу және оқшаулама
Сипаттама: Асқын кернеу және оқшаулама асқын кернеудің жіктелуін және олардың электр қондырғы оқшауламасына әсерін және эксплуатацияның нақты шартындағы әртүрлі оқшауламалық құрылымдарды, әртүрлі оқшаулама түрлерін пайдалану мүмкіндігін оқытатын ғылым. электр құру және жүйе, жобалауда және электроэнергетика жүйелері нысанын эксплуатациялауда нажағайдан жыәне ішкі асқын кернеуден электр беру желілері оқшауламасын қорғау мәселелерін шешуді қарастырады
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Электртехникалық материалтану
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Электр қондырғыларын оқшаулау кезінде туындайтын электр физикалық процестер туралы білімді қалыптастыру. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау жүйелерінің қондырғыларындағы жұмыс кернеулері, сыртқы және ішкі асқынкернеулердің туындау себептері. Профилактикалық сынақтар және электр жабдықтарын акқын кернеу деңгейі бойынша үйлестіру әдістерін зерттеу. Асқын керрнеуден қорғау шаралары
Міндет
- - Электр энергетикалық жабдықтарды оқшаулау жай-күйін диагностикалау әдістерін, тәсілдері мен құралдарын зерделеу; - электр тарату желілерін, электр станциялары мен қосалқы станцияларды, ғимараттар мен құрылыстарды, ішкі асқын кернеулерді есептеу әдістерін және олардан қорғау тәсілдерін есептеу және сенімді найзағайдан қорғауды қамтамасыз ету әдістерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- терминология, негізгі түсініктер мен анықтамаларды; ішкі асқын пайда болу теориялық негіздерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- электрлік жүйелерде пайда болатын асқын кернеудің номеклатурасын; электр желілеріндегі және жоғары кернеулі қосалқы станциялардағы асқын кернеуді есептей білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Асқын кернеудің шектеу әдістері мен құралдарын білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Асқын кернеудің жұмыс принципні , қорғаныс құралдарынын таңдау және қолдануды білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Электр беріліс желілері мен қосалқы станциялардың оқшауламаларына әсер ететін ішкі және сыртқы асқын кернеу деңгейлерін есептей алу; коммутациялық асқын кернеу кезіндегі сызықты оқшауламаның жабылу ықтималдығын есептеу; қауіпті асқын кернеуді шектеу құрылғылары мен әдістерін таңдау
Оқыту әдістері
Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында сабақтар негізінен белсенді және шығармашылық формада жүргізілуі керек. Студенттердің білімді іздеуге және басқаруға, проблемаларды өз бетінше шешуде тәжірибе жинауға қатысуға ықпал ететін тиімді педагогикалық әдістер мен технологиялардың ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: - проблемалық және жобалық-бағдарланған оқыту технологиясы; - білім беру ғылыми-зерттеу қызметінің технологиясы; - коммуникациялық технологиялар (пікірталас, пресс-конференция, «шабуыл», «пікірсайыс» және басқа белсенді нысандар мен әдістер); - жағдай әдісі (жағдайды талдау); - студенттер іскерлік, рөлдік, симуляциялық ойындарға қатысатын ойын технологиясы; ақпараттық және коммуникациялық (оның ішінде қашықтықтан оқыту) технологиялар
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
| Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
|---|---|---|
| 1 рейтинг | Дәріс конспекті, 1-7 тақырыптар | 0-100 |
| СОӨЖ 1 (тақырып 1-2) | ||
| СОӨЖ 2 (тақырып 3-4) | ||
| Үй тапсырмасы 1 | ||
| Аралық тестілеу (РК1) | ||
| 2 рейтинг | Дәріс конспекті, 8-15 тақырыптар | 0-100 |
| СОӨЖ 3 (тақырып 5) | ||
| СОӨЖ 4 (тақырып 6) | ||
| Үй тапсырмасы 2 | ||
| Аралық тестілеу (РК2) | ||
| Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
| Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
|---|---|---|---|---|
| Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
| И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
| 2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
| Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
|---|---|---|---|
| A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
| A- | 3.67 | 90-94 | |
| B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
| B | 3.0 | 80-84 | |
| B- | 2.67 | 75-79 | |
| C+ | 2.33 | 70-74 | |
| C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
| C- | 1.67 | 60-64 | |
| D+ | 1.33 | 55-59 | |
| D | 1.0 | 50-54 | |
| FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
| F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Жоғары кернеудегі техниканың оқшауламасы және асқын кернеу
- Электр қондырғыларының сыртқы оқшауламасына жалпы сипаттама
- Газды разрядты аралықтарындағы электр беріктігі
- Қатты диэлектрик бетіндегі разряд
- Электр қондырғыларындағы ішкі оқшауламалардың түрлері және электрлік қасиеттері
- Ішкі оқшауламаның элетр беріктігінің кернеудің әсер ету ұзақтығынан тәуелділігі
- Электр қондырғыларындағы ішкі оқшауламалардың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді электрлік беріктігі
- Ішкі оқшауламаның тозуының жалпы заңдылықтары
- Ішкі оқшауламаны бақылау және сараптау жүйесі
- Оқшаулағыш конструкциялардың сапасын бақылау жүйелері
- Асқын кернеу түрлері
- Электр беру желілерін найзағайдан қорғау
- Қосалқы станцияларды найзағайдан қорғау
- Вентильді ажыратқыштармен немесе асқын кернеулерді шектегіштермен қорғалған оқшаулағыштағы кернеуле
- Найзағай және ішкі кернеулер деңгейі бойынша оқшаулауды үйлестіру
Негізгі әдебиет
- 1. Родионов, Н.Н. Техника высоких напряжений: учеб.пособие для подг. бакалавров / Н.Н. Родионов. – Самара: Самар. Гос. техн. ун-т, 2013. – 93 с. 2.Чайкина, Л.П. Техника высоких напряжений: учебник для СПО / Л.П. Чайкина. - М.: Маршрут, 2010. – 229 с. 3 Харченко А.Ф. Техника высоких напряжений. Ч.1. Изоляция устройств электроснабжения электрических железных дорог: Уч. пос.- М.: МИИТ, 2010. – 166 с. 4 Серебряков А.С. Техника высоких напряжений. Перенапряжение в электрических системах и защита от них. Уч. пос. – М.: РГОТУПС, 2012. – 120 с. 5. Перенапряжения в электрических сетях различного назначения и защита от них: Учебник./ К.П. Кадомская, Ю.А. Лавров, А.А. Рейхердт. –Новосибирск: Изд-во НГТУ, 2014. -368 стр.
Қосымша әдебиеттер
- 1.Техника высоких напряжений. Учебное пособие. Борисов В.Н. – Алма- ты: АИЭС, 2011г. 2. Техника высоких напряжений. Перенапряжения и изоляция. Конспект лекций. Борисов В.Н., Оржанова Ж.К. – Алматы:АИЭС, 2010г. 3. Техника высоких напряжений. Методические указания и задания к РГР. Борисов В.Н., Оржанова Ж.К., Бекмагамбетова К.Х. – Алматы: АУЭС, 2011г. 4. Техника высоких напряжений. Методические указания к выполнению лабораторных работ. Борисов В.Н., Оржанова Ж.К. – Алматы: АИЭС, 2014г. 5. Базуткин В. В., Ларионов В. П., Пинталь Ю. С. Техника высоких напряжений: Изоляция и перенапряжение в электрических системах. Под ред. В. П. Ларионова. -М.: Энергоиздат, 1986. 6. Кучинский Г. С., Кизеветов В. Е., Пинталь Ю. С. Изоляция установок высокого напряжения. Под. ред. Г. С. Кучинского. - М.: Энергоатомиздат, 1987. 7. Электротехнический справочник: т3, кн. 2. производство распределении электрической энергии. Под ред. И. Н. Орлова. - 7-ое изд. - М.: Энергоатомиздат, 1988. 8. Типовая инструкция по отмыву внешней изоляции электрооборудования ОРУ 220, 330, 550 и 750 кВ под напряжением. - М.: Главгосэнергонадзор, 1993 г.